АуылРесми

Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Шеғайқызы ТҰРМАҒАМБЕТОВАНЫҢ 2015 жылдың қорытындысы бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Қурайлы ауылдық округінде халық саны 7907 адамды құрайтын 5 елді мекен орналасқан.
2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына шаруа қожалықтарында және тұрғындардың жеке қолында: 2712 ірі қара мал, 4112 қой-ешкі, 235 жылқы, 94 шошқа, 17 түйе бар. Ветеринарлық-алдын алу шаралары уақытылы жүргізіледі.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша шаруа қожалықтарына: селекциялық жұмыстар жүргізгені үшін 28,6 млн. теңге, тапсырылған ет үшін 336 мың теңге, сүт үшін 20,74 млн. теңге, егістіктің сапасын жақсартуға 19,25 млн. теңге көлемінде қаржы төленді.
Қазіргі уақытта ауылдық округ аумағында 27 жеке дүкен, 1 қоғамдық және 5 жеке монша, 4 тігін цехы, 1 дәмхана, 1 ТҚС, түрлі бағыттағы 8 жеке кәсіпкер, 5 ЖШС, 12 шаруа қожалығы жұмыс істеуде.
Ауылдық округ аумағында Қурайлы және Өрлеу ауылдарында 2 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.
2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 3 азамат 7 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.
Округте «Білім беруді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Аз қамтылған отбасы балаларына мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіледі, мектептерге жергілікті бюджеттен ыстық тамақ және жазғы демалыс ұйымдастыруға, киім және кітаппен қамтамасыз етуге 3,56 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Елек және 39-бекет елді мекендерінде тұратын оқушыларды мектеп автобусымен тасымалдау ұйымдастырылды.
Өрлеу ауылында 270 орындық мектеп құрылысы аяқталды, ескі мектеп ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін 110 орындық бала бақшаға өзгерту көзделген.
Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында, сметалық құны 446 млн. теңге құрайтын Қурайлы, Елек, Георгиевка елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, Өрлеу ауылының жерасты су қорларын зерттеу бойынша жұмыстары аяқталып, құжаттар тиісті инстанцияларға келісуге жіберілді.
Есепті кезеңде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 8,9 млн. теңге қаражат жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, орталық саябақ аумағын көркейтуге, балалар алаңын орнатуға, брусчатка төсеу және су жүйесін жүргізуге жұмсалды. Қолма- қол есепшотына коммуналдық меншікті жалға беру 1,4 млн. теңге және жергілікті салықтардың бірінші траншы бойынша 1,49 млн. теңге қаражат түсті.
Округ аумағында жыл ішінде 12 қоғамдық жұмысшы 50 000 шаршы метр ауданда санитарлық тазалау және көркейту жұмыстарын жүргізді.
2015 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратына 49 жазбаша түрде өтініш түсіп, олардың барлығы белгіленген мерзімде қаралды. Жалпы құжат айналымы 1590 бірлікті құрайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button