АуылРесми

Қарғалы ауылдық округінің әкімі Алмаз Аманбайұлы ӘЛІМБАЕВТІҢ 2015 жылдың қорытындысы бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Қарғалы ауылдық округінің құрамына: Ақжар, Мағаджан, Қарғалы елдімекендері кіреді. Жалпы тұрғындар саны 21374 адамды құрайды. Тұрғындар саны әлі де қарқынды өсу үстінде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға түсіндіру және насихаттау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Округте Жолдауды түсіндіру бойынша тұрғындармен, ардагерлермен, еңбек ұжымдарымен, мектеп оқушыларымен 13 кездесу өткізілді.
Есепті жылы Заречный-4 кентінде 150 орындық №47 «Нұр-Ай» жаңа балабақша есігін ашты. Жеке кәсіпкерлер тарапынан 50 орындық 2 жеке меншік балабақша ашылды. Сонымен қатар, Қарғалы ауылында көп жылдан бері шешімін таппай жүрген мәселердің бірі балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуы жағымды жаңалық болды. Осындай жаңа әлеуметтік нысандардың ашылуымен округте қосымша 100 жаңа жұмыс орны пайда болды.
Округте барлығы 162 кәсіпкерлік нысан тіркелген. Оның ішінде 26-сы заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС), 71-і сауда нысандары, 52-і тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, 13-і мейрамхана және кафелер.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 17 жұмыссыз азамат қоғамдық-ақылы қызметке тартылды, 2 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, балалары 18 жасқа толмаған 82 аз қамтылған отбасы әлеуметтік жәрдемақы алады. 32 аз қамтылған жұмыссыз азаматтарға «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тарапынан біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Қалалық «Мүгедектер қоғамы» 10 отбасына және 25 балаға азық-түлік дорбаларын табыстады. Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында 2 кәсіпкер кондитер цехын кеңейтуге және кафе ашуға шағын несие алды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 17,3 млн теңге бөлініп, 2014 жылы қосымша 6 млн теңге қаржы үнемделді. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен бөлінген қаржы қураған және апаттық жағдайдағы ағаштарды кесуге, 2 тынымбақты қоршап абаттандыруға, балалар ойын кешендерін орнатуға жұмсалды, 10 тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған қоқыс алаңдары контейнерлерімен орнатылды.
Өткен жылы инвестициялар есебінен 2014 жылы басталған Қарғалы ауылындағы «Трансэнерго» АҚ жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жалғасын тапты. 2014-2015 жылдары жалпы алғанда 7,020 км жылу магистраліне жөндеу жүргізіліп, меншікті қаражат есебінен 740 м құбыр күрделі жөндеуден өткізілді. Жылу камералары мен жапқыштары қалпына келтірілді.
«Ақбұлақ» АҚ-мен Қарғалы ауылында 900 м су құбыры ауыстырылып, 4 кәріз құдығы және 1 кәріз шұңқыры орталық желіге қосылып, 400 м кәріз құбыры ауыстырылды. 10 өрт сөндіру гидрантына жөндеу жүргізілді.
Есепті кезеңде ауылдық округ әкімінің жеке қабылдауында 211 адам болып, азаматтардың 49 жазбаша шағымы қаралды. Барлық құжат алмасу 820 бірлікті құрады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button