АуылРесми

Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Үсенұлы ДАРИННІҢ 2015 жылдың қорытындысы бойынша округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Благодар ауылдық округінің жалпы жер көлемі — 104895 га. Округке қарасты 11 елді мекенде 13 037 тұрғын бар. Округте 53 кәсіпкерлік субъектісі, 36 шаруа қожалығы, 11 ЖШС, 1 өндірістік кооператив тіркелген. 22 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 14-і дәнді дақылдар және көкөніс өсірумен айналысады.
Благодар ауылдық округінің әкімдігі мемлекеттік саясатты жүргізе отырып, Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында қойылған тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламаларды және жоғарғы тұрған органдардың қаулыларын, қалалық және облыстық мәслихаттардың шешімдерін жүйелі орындап келеді.
Білім саласында 3 орта, 3 негізгі және 1 бастауыш мектептері және Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі жұмыс жасайды. Сонымен қатар, округте 3 дәрігерлік амбулатория, 4 медициналық пункт, 1 дәріхана және туберкулезге қарсы «Шағала» балалар шипажайы қызмет етеді.
2016 жылдың басына округте 3 781 ірі қара, 1368 жылқы, 7494 ұсақ қара мал тіркелді. Өткен жылы округтің тұрғындары мен шаруа қожалықтары қала базарларында 640 тонна ет, 1125 тонна сүт өнімдері өткізілді.
Мал басының кемуіне жол бермеу үшін ауылдық округтің мал дәрігерлері тарапынан әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша шаралар қабылданады.
2015 жылы мал басының сапасын жақсарту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Анисан», «Шаруа», «Родник», «Мешітбай» және «Арман-1» шаруа қожалықтарымен 9 бас етті бағыттағы тұқымды бұқа алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша «Шаруа» шаруа қожалығы 88 бас жылқы сатып алды.
Округте инженерлік желілердің құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Белогорка, Өлке, Белогор карьері және Бекқұл баба ауылдарында жалпы сметалық құны 160,76 млн теңгені құрайтын жаңа электр желілері пайдалануға берілді. Белогор карьері ауылында сметалық құны 30,613 млн теңге және Бекқұл баба ауылында сметалық құны 91,395 млн теңге құрайтын газдандыру жұмыстары аяқталды. Осы бағыттағы жұмыстар 2016 жылы да жалғасын табады.
Сонымен қатар, Благодарный және Пригородный орта мектептеріне жалпы сметалық құны 110,26 млн теңге құрайтын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды.
Ақшат, Пригородный, Қызылжар және Белогор ауылдарындағы жол құрылысына және күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді, жұмыстар қаражат көзі анықталған соң басталатын болады.
2015 жылы «Ақпан» ЖШС-нің мамандарымен Ақшат, Өлке және Белогор ауылдарында жер асты су қорларын іздестіру-барлау жұмыстары басталды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 8,5 млн теңгеге Бекқұл баба, К.Нокин және Пригородный ауылдарындағы саябақтарға қоршау орнатылды, 2,9 млн теңгеге балалар ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілді.
Ақтөбе — Орск тас жолының бойындағы Украинка ауылының тұсынан 2 жаңа автобус аялдамалары орнатылды.
Есепті жылдың екі айлық кезеңінде округте өткен жылдардағыдай, елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 3 бей-берекетсіз қоқыс үйінділері тазартылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button