Әлеумет

Егіз қуаныш

«Мектепке жол» акциясы

Ермахан, Нұрасхан атты егіздер биылғы оқу жылында бірдей оқу формасына ие болды. Тамыз айында балаларын мектепке орналастыруға әкелген жалғыз басты ана, ұлдарына көмек сұраған еді. Бұл өтініш «Мектеп жолы» қамқорлық акциясы барысында қанағаттандырылды.

«Жалпыға бірдей білім беру» қорынан Ақтөбе қаласындағы №40 орта мектеп үшін 216 300 теңге бөлінді. Бала саны 1100-ден асатын бұл мектепте көмекке мұқтаж 155 бала бар. Олар жетім, қамқорлыққа алынған, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары. Осы оқушылардың сұранысы бойынша, 69 бала өздеріне қажетті оқу формасымен, спорттық киімдермен, аяқ киіммен, мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді. Балалар құқығын қорғау департаментінің қолдауымен 5 балаға қосымша көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, тағы бес бала мектеп директоры Ләззат Аманжолқызының демеушілігімен мектеп құралдарына ие болды. Қалған оқушыларға да үстіміздегі оқу жылында қажетті заттарын осындай акция аясында алып беру көзделіп отыр.

Жан ТӨЛЕУ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button