Ресми

ТАҒАЙЫНДАУ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2015 жылғы 29 желтоқсандағы өкімімен «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы қызметіне Ербол Жолдасбекұлы Нұрғалиев тағайындалды.

Ербол Жолдасбекұлы НҰРҒАЛИЕВ

1975 жылы 10 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары оқу орнын тәмамдаған — тарих және құқық пәнінің мұғалімі, экономист.
Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастап, мектеп директорының орынбасары, кейінірек аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
4 жыл Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасына басшылық етті.
Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
Отбасылы. Үш бала тәрбиелеп отыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button