Әлеумет

Әр қадамы- игілікті іс

Елбасы келіп, кетті! Ел не деп жатыр?

Ақтөбе жеріне Елбасының, қалай болғанда да, қат-қабат жұмыстан мұрға тауып, жылына бір келетініне әбден сеніп алғандаймыз. Соңғы бес жылда солай болды, жыл сайын қауышып отырдық. Биыл да бір соғатынына сенімді едік. Сағынып асыға күткеніміз де рас еді. Себебі, жақсының басқан ізі қашанда құт. Байқайсыз ба, Нұрсұлтан Әбішұлы әр келген сайын біздің өлкемізде қат-қабат қуанышты жағдайлар болады. Халыққа, елге қызмет ететін ірі нысандар ашылады. Өндірістер кеңейеді. Тұрғындар пәтер алып, қоныс тойын өткізеді. Биылғы сапарында мұндай шаралардың ауқымы бұрынғыдан да кеңейген сияқты. Оған Президенттің сапары кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елдің өзі куә болды.

Бұрынғы жылдары адамдар бірінші кезекте баспананы, өндірісті, тамақ пен киімді ойласа, енді елдің, аймақтың экономикасы нығайғаннан кейін, өркениетті демалуды аңсайтын дәрежеге жетті. Батыс елдеріндегідей, осы заманғы саябақтарды, гүлзарлар мен субұрқақтарды талап ететін де уақыт келген екен. Осыдан бес-он жыл бұрын Ақтөбе қаласын қақ жарып ағатын Сазды өзені бойында заңғар мешіт пен шіркеу ғимараты салынар, «Бірлік пен Келісім» гүлзары орнар деп кім ойлаған? Немесе ежелгі Жібек жолын қайта жаңғыртып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі біздің өлкеден бастау алары кімнің түсіне кіріп еді? Жерімізде тұрып жатқан сан ұлтың өкілдерінің орталықтарының басын қосқан халықтар достығы Үйінің қаламызда бой көтеруі қандай қуанышты жағдай. Елбасы өз қолыменен осындай барша игі істердің тұсауын кесіп, басқа да қаншама жыл келгендей жаңалықтардың жаршысы болды. Әлем экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқанда, Елбасының аузынан Қазақстандағы, Ақтөбе аймағындағы жасампаздықтар туралы естіп ел тағы бір марқайып қалды. Осының бәрін мен  бір адамның берекеті – Елбасымыздың ұстанған сара саясатының жемісі деп білемін.

Бөрібай СӘБИЕВ,

қала тұрғыны.

Лайықты қарсы алдық

Мемлекет басшысы, аса мәртебелі қонақ Нұрсұлан Назарбаевтың келуі бір жағынан аймаққа сын. Оған өңірдің көрсететін лайықты табыстары, басқа аймақтарға қарағанда артықшылық жағдайлары болу керек. Соңғы бес жылда біздің облысымызда осының екеуі де бар. Жылды қойғанда, ай ішінде облыста қаншама ірі нысандар пайдалануға беріліп жатады.

Құрылыстар қанатын кең жаюда. Оған етіміз үйренгені сонша, бүгінде қандай әсем ғимаратқа да таң қалмайтын сияқтымыз. Ол енді солай болуы керек сияқты.

Әсіресе, менің ойымша, Елбасының келуіне қала лайықты дайындалды. Оған «Нұр Отан» партиясының ақтөбелік филалының «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері де елулі үлес қосты. Жастар, студенттер қауымы қала тазалығын мықтап қолға алды. Ала жаздай бір тыным көрмей, үлкендермен бірдей қаланың бұрын тазарту көрмеген өндірісті аймақтарына дейін барып, қолдай еңбек етті. Сазды өзенінің арнасын тазартты.

Ақтөбе қаласының 140 жылдық мерекелік шараларына да жастар белсене қатысты. Елбасының Ақтөбеге сапары басталғанда  жастардың бұл еңбектері жарқырап көрінді де. Мен өзім «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі ретінде Елбасының қатысуымен өткен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің ашылу салтанатына қатыстым. Осында Елбасының жастарға арнаған сөзін тыңдап, керемет әсерге бөлендім. Расында да , еліміздің мынадай ұлы жобаға қатысуы – әлеуетті мемлекет болғандығымыздың, ұлттық байлығымыздың, экономикамыздың даму деңгейінің көрсеткіші деп қабылдадық.

Бұл жол – біздің ертеңіміз, жастардың болашағы. Біз соған, осы жолда еңбек етуге дайын болуымыз керек. Елбасы ірі жобаның тұсауын кесерде осылай деді.

Осында Елбасы атап көрсеткеніндей, мемлекет қазіргі жастар үкілі үмітті ақтайды деп сенеді. Бұған біз – жастар дайын болуымыз керек  екенін түсінеміз. Сондықтанда  біз бүгінде үлкен сұранысқа ие мамандықтарды игеруге бағыт ұстап отырмыз. Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды меңгермекпіз. Бұған жасап жатқан игі қадамдарымыз да бар. Біз, жастар еліміздің ертеңін көріп отырған Елбасымыздың саясатын қолдаймыз.

Гүлдәурен МҮСІРОВА,

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университтетінің студенті,

«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі.

***

Серпін берген сапар

Халық көзбен көріп, құлақпен естігенді дұрыс бағамдайтын қалыпқа келіп қалды.  Ілкі кездердегідей «облысқа Президент келетін болды, не айтар екен, не берер екен?» деген сияқты көңіл қалтарысындағы дәмету жоқ қазір. Өйткені қазір ел ұстанып отырған экономикалық, әлеуметтік-рухани бағыттың осынау күрделі кезеңнің өзінде не сілтеп, не беріп жатқаны көз алдымызда. Ол Елбасы саясатының нәтижесі екені тағы белгілі.

Күні кеше Президент ұшақтан түскен бойда «біздерде мынадай бар, мынадай бар» дегеннің мағыналы сәнін көрсеткен жоқпыз ба? Ырыс деген, ырзық деген – осы. Жайшылықта байқай бермейді екенбіз, құрылыс, сәулет, мәдениет саласында біраз нәрселер тындырып тастаппыз. Соның бәрі Елбасымыздың үкімет алдына қойған міндеттерді ел болып шешуден тынып жатқан тірлік.

Бұл сапарда Нұрсұлтан Әбішұлы облыстың жетістіктерін оңды бағалады, алда жүзеге асырылғалы тұрған жобаларды қуаттады. Соның бәрі игі бастамаларға серпін бергені, әрбір қадамымызды тағы бір пысықтауға түрткі болғаны сөзсіз. Президенттің қашан да баса назар аударатын мәселелерінің бірі – елдің болашағы, жастар саясаты болып келеді. Осы сапарда Елбасы «Жастар ұлттық байлығымызды көздің қарашығындай қорғап, оны еселеп арттырады деп сенемін» дегенді қадап айтты. Ол үшін жастар білімде де, ғылымда да, өндірістік құрылымдарда да өздерін елдің шын мәніндегі  болашағы екенін көрсете білулері керек-ақ. Бүгіндері жиі айтылып жүргендей, жастардың ауыл шаруашылығы саласындағы ара салмағы аздау. Білікті деген мамандардың айтуына қарағанда, елді қаржылық дағдарыстан сүріндірмей алып шығатын қуатты тұтқаның бірі – ауыл шаруашылығы. Дағдарысты былай қойғанда, бұл сала қай кезде де экономикада шешуші орын алатыны белгілі. Оны жаңа технологиялық тиімді сатыға көтеретін ертеңгі білікті маман бүгінгі жастар болуға тиіс.

А.СМАҒҰЛОВ.

****

Көңіл де көркейеді

Елбасының Ақтөбеге келетіні туралы алдын-ала естіп қуанғанымыз рас. Өйткені Елбасы келген сайын қаламызда жаңа бір нысан ашылып, қуанышты хабардың қатар жүретінін білеміз. Әсіресе, Мемлекет басшысының қаламыздың мерейтойы қарсаңында  келуі үлкен оқиға болды. Зейнеткер болсам да ел жаңалықтарынан, қаладағы оқиғалардан хабарым мол.

Осы сапарында Мемлекет басшысы көптеген нысанның ашылуына қатысқанын теледидардан көріп, басылымнан оқыдым.  Әрине, жыл сайын қаланың көркейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Мәселен, ілгеріде зәулім ғимараттар мен ғажайып гүлзарлар жоқтың қасы болатын. Соңғы жылдары қаланың жолдары жаңартылып, саябақтар қайта жанданды. Әсіресе, биыл қаланың біраз көшелері қайта жаңарып, қуанып қалдық. Осының барлығы – Елбасы саясатының арқасы.

Әлпеш ҚАНГЕЛДИНА,

зейнеткер.

****

Гүлзарды гүлдендіргендер

Ақтөбенің 140 жылдық мерейтойына Елбасы Н.Назарбаевтың келуі біз үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш. Облысымызға жұмыс сапарында Мемлекет басшысы  ақтөбенің ажарын аша түсетін бірнеше ғимараттардың тұсауын кесті.

Ең бастысы, жаз бойы Елбасының бағдарламасы бойынша студенттік құрылыс жасағында еңбек еткен студенттердің тынымсыз еңбегі бекер болмады. Себебі, мешіт пен шіркеудің ортасынан орын алған «Бірлік пен келісім» сулы-жасыл гүлзардың гүлденуіне жастар да үлес қосқан болатын. Бұл демалыс кешенінің ашылу салтанатында ұшырылған 50 көгершін мен қаламыздың 140 жылдығына арналған 140 шардың көкке көтерілуі жиналғандар көңіліне қуаныш ұялатты.

Еркебұлан БАДЕЛОВ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің

4-курс студенті,

студенттік құрылыс жасағының жауынгері.

****

Жаңа кезеңнің бастауы

Қыркүйек айының 10-ы ақтөбеліктер үшін елеулі күн болды. Өйткені, осы күні Елбасы Н.Назарбаев Ақтөбеге келді. Дәл осы күні арайлы Ақтөбенің 140 жылдық мерейтойы өтті. Сонымен қатар бұл күні облысымызда бірнеше  ғимараттар пайдалануға берілді.

Облыс жастары мерейтой барысында өткен басқосулардан тыс қалмады, мәртебелі қонақтармен кездесті, мәдени шараларға қатысты.

Мен, «Нұр Отан» ХДП  АОФ «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі ретінде ғасырларға қызмет ететін  ғажайып құрылыстың ашылу рәсіміне қатысқан едім. Ақтөбе облысының  экономикасы  жыл сайын  өркендеп дамып келеді. Сол себептен болар, автокөлік жолдар желісіне деген қажеттілік туындап отырғаны мәлім. Ал «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сол қажеттілікті толығымен  қамтамасыз ететіндігіне сенімдіміз.  Еліміздегі осындай маңызға ие жолдар  біздің ұлттық байлығымыз, мақтанышымыз, даму деңгейіміздің көрсеткіші. Сол  сәттен бастап біздің облысымыздың тарихы үшін  жаңа кезеңдер өз бастауын алды, мұндай маңызды жобаны  жүзеге асыру  облыс экономикасының  дамуына, шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа  жұмыс орындарының  ашылуына, жол бойындағы елді мекендердің жандануына  мүмкіндік береді. Күші-жігері мықты, білімі мен білігі  жоғары жастар  болашақта елдің өркендеуіне  және облыс экономикасы үшін маңызды   жобалардың жүзеге асырылуына, қаламыздың өркендеуіне  өз үлестерін қосатынына сенімдімін. Біз, жастар үлкен сұранысқа ие мамандықтарды игере отырып, қазіргі заманға сай жаңа технологияларды меңгеріп, үкіметтің үкілі үмітін ақтауға,  Отанымыздың  қарыштап дамуына, қарқынды  іс-қимылына атсалысамыз.  Осы ғасыр құрылысы атанған жол  көптеген елдердегі мыңдаған адамның  жүректерін біріктіретін, еліміздегі халқымыздың бірлігін сақтайтын, табыс пен  жетістіктің  жолы болғай! Ал, қаламызға көрік беретін, облыс халқына  қуаныш пен жақсылық сыйлайтын нысандардың саны жыл сайын арта берсін.  Облыс жастарының атынан  Елбасымызға және облыс басшылығына осындай үлкен маңызға ие жобалар мен нысандарға қолдау білдіріп, назар аударғандары  үшін алғысымыз шексіз! Осының барлығы еліміздегі салиқалы саясаттың  дұрыс  жүзеге асуының жемісі  деп санаймыз.

Гүлдәурен СЕРІКЖАНҚЫЗЫ,

С. Бәйішев атындағы

Ақтөбе университетінің 4-курс студенті,

«Нұр Отан» ХДП АОФ «Жас Отан» жастар

қанатының мүшесі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button