Ресми

Тағайындау

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың 2015 жылғы 26 қарашадағы өкімімен Асқар Сақтағанұлы Биахметов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Асқар Биахметов

1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие, Қазақ заң академиясын юриспруденция, Duke (АҚШ) университетін саясаттанушы мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Ақтөбе қалалық салық комитетінің салық инспекторы болып бастады. Ақтөбе облыстық қазынашылық басқармасының бастығы, Ақтөбе облысы бойынша қаржы басқармасы бастығының орынбасары, Ақмола облысының қазынашылық департаментінің бастығы лауазымдарында болды. 2009-2014 жылдары ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2014 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button