Ресми

Тағайындау

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 қарашадағы өкімімен «Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқармасы» ММ басшысы қызметіне Ұлан Серікұлы Сарқұлов тағайындалды.

Ұлан Серікұлы Сарқұлов

1980 жылы 27 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінде бастаған.
2004 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде атташе, үшінші хатшы — жалпы бөлімнің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Әр жылдарда Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімдерінің аппараттарында еңбек етті, ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі және ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдық-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімі меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2015 жылы ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button