Ресми

Тағайындау

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2015 жылғы 27 қазандағы өкімімен Бекбол Ұбайдоллаұлы Сағын Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бекбол Ұбайдоллаұлы САҒЫН

Бекбол Ұбайдоллаұлы Сағын 1972 жылы дүниеге келген.
1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша және 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңтану мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылау басқармасында бастады. 1998-2003 жылдары Ақтөбе облысы бойынша салық комитетінде бөлім басшысы, Мәртөк ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары Ақтөбе облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, 2004 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Ол 2004-2007 жылдары Астана қаласы білім департаменті директорының орынбасары, 2007-2010 жылдары Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, кейіннен басқарма басшысы, 2010-2013 жылдары Астана қаласы қаржы басқармасының басшысы, 2013 жылдың шілде айынан бастап Астана қаласындағы Алматы ауданының әкімі болды.

* * *
Ерхан Болатжанұлы Омаров басқа қызметке ауысуына байланысты Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button