Ресми

Тағайындау

Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаровтың өкімімен Жандос Бақытбекұлы Байырханов қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерін салу, инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, қалпына келтіруді, жөндеуді және күтіп-ұстауды ұйымдастыру мәселелері бойынша орынбасары болып ауыстыру тәртібімен тағайындалды.

Жандос Бақытбекұлы БАЙЫРХАНОВ

1982 жылы туған. Білімі жоғары, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін жол қозғалысын ұйымдастыру және оның қауіпсіздігі жөніндегі инженері біліктілігі, Шығыс Қазақстан аймақтық университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.
«Астана қаласының көлік және байланыс басқармасы» ММ жол қозғалысын жобалау және ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, «Астана қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаменті» ММ жетекші маманы, бас маманы, «Шымкент қаласы әкімі аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысы, «Астана қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдарын дамыту, салу және жөндеу бөлімінің бас маманы, «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімі» ММ басшысы болып еңбек етті.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button