Экономика

Қазақстандық энергетикалық апта

Қазақстандық энергетикалық апта қатысушылары дағдарыс жағдайындағы стратегиялық альянстардың ролін және энергия тасымалы жеткізу қауіпсіздігі проблемаларын талқылайды

Астана қаласында қыркүйектің 21-26 жұлдызы аралығында өтетін Қазақстан энергетика апталығы (Kazakhstan Energy Week)  Ұлыбритания, Германия, Испания, АҚШ, Нидерланды, Ресей, Франция, Әзербайжан, Сингапур, Оңтүстік Африка Республикасы, Норвегия, Түркия, Швеция және ҚХР елдерін қосқанда әлемнің 15 елінен сегіз жүзден астам қатысушылардың басын біріктіреді.

«Ехро. KZ» көрме-конференциялық компаниясының бас директоры Диляра Ибрагимованың айтуы бойынша, Апта мынадай үш негізгі шараларды топтастырады: «KAZENERGY» төртінші Еуразия энергетикалық форумы (бас әріптес «Теңізшевройл» ЖШС); Қазақстандық мұнай көрмесі (бас әріптес «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) және мұнай-газ саласының үздік компаниялары мен мамандарын «Алтын Прометей» сыйлығымен марапаттау рәсімі (бас әріптес North Caspian Operating Company (NCOC).

Қазақстандық энергетикалық апта әріптестері: «Теңізшевройл» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, BG Group, North Caspian Operating Company, Shell, ExxonMobil Kazakhstan lnc., Baikonur Machinery Group (XCMG сауда маркасымен), Honeywell, Repsol  болмақшы.

«KAZENERGY» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ләззат Көккөзова атап көрсеткендей, қазірде өткізілуі дәстүрге айналған Еуропалық энергетикалық форумның негізгі идеясы Азиядағы энергетикалық ынтымақтастық шекарасын кеңейту және энергетика саласындағы әріптестік  пен стратегиялық альянстардың ролін талқылау болып табылады.

Сондай-ақ форумда бағаны қалыптастыру мәселелері мен геосаяси масштабта энергоресурстарға ұсыныстар, Қазақстанның Каспий теңізіндегі оффшорлық операцияларды дамыту бойынша жоспарлары, электр энергиясы, мұнай және газ-химиялық жобаларға қатысты инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы мүмкін болатын тәуекелдер, сонымен бірге қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің өзімізде пайдаланылатын әлеуеті талқыланатын болады.

Өткен кезеңде форум Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың түйінді мәселелері бойынша мазмұнды кәсіби келіссөздер жүретін  ең беделді талқылау алаңдарының біріне айналды. Апта аясында  «үлкен форумнан» басқа дөңгелек стол түрінде жер байлығын пайдалану саласындағы салықтық реттеу, ілеспе күкіртті пайдаға асыру, өнім өндіруші  салалар қызметінің ашықтығы инициативаларын жүзеге асыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері талқыланбақшы. Оған ҚР Білім және ғылым, ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, «KAZENERGY» ассоциациясының, ірі энергетикалық компаниялардың, мұнай-газ өнеркәсібі үшін ұлттық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын қазақстандық жоғары оқу орындарының, үкіметтік емес сектордың, аудиторлық компаниялардың басшылары мен өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысады.

Апталық аясында ұйымдастырылатын мұнай көрмесінің мақсаты туралы айта келіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бизнесті қолдау бойынша бас менеджері Серікбек Елшібеков ұлттық компанияның құрал-жабдықтарды жеткізушілердің барынша көптеп қатысуына мүдделігін білдірді.

– Бұл жағдайда біз оларды Қазақстан территориясында жұмыс істейтін және оларға неғұрлым тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге қажет болатын ірі мұнай орындары жетекшілерімен мейлінше жақынырақ таныстыруға мүмкіндік жасаймыз, – деп атап көрсетті Серікбек Елшібеков, – «ҚазМұнайГаз» және біздің еншілес  құрылымдарымыз көрмеде өз қойылымдарын ұсынады. Біздер астаналықтарға және келетін қонақтарға өзіміздің жетістіктерімізді лайықты түрде көрсетеміз деп ойлаймыз. Бұл көрме аумағында Қазақстан территориясында мұнайды алғашқы өндірудің 110 жылдығына арналған фотокөрме өткізетін боламыз. Биылғы жылы бұл оқиға мұнайды халықаралық өндірудің 155 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Құрал-жабдықтар мен  қызметтерді қазақстандық ұсынушылар үшін маңызды жаңалық – қазақстандық мұнай көрмесі аясында қазақстандық тауар өндірушілердің арнаулы аймағы қарастырылған. Отандық кәсіпорындар мұнда өз  экспозицияларын Аптаның ұйымдастыру комитетіне жолдануы тиіс арнаулы тапсырыс бойынша тегін негізде орналастыра алады.

«Expo,KZ» ЖШС бас директоры Диляра Ибрагимова сондай-ақ Апталықтың ашылуы салтанатында дәстүрлі «лента қию» орнына экологиялық акция форматы жүргізілетіндігін хабарлады.

– Апталық әріптестерінің бірі – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ұсынысы бойынша Астанада мұнайдың 110 жылдығына арналып мұнайшылар аллеясы ұйымдастырылатын болады. Форумға шақырылған барлық VIP-қонақтарымызға Тәуелсіздік Сарайы аумағындағы аллеяда ағаштар отырғызуды ұсынамыз. Осылайша, біздің Апталық өз жұмысын бастайды, ал мұнайшылар таза және ғаламат планетада тұруды қалайтындықтарын  көрсете алады, – деді ол.

«KAZENERGY» ОФ атқарушы директоры Ләззат Көккөзованың айтуына қарағанда, қазақстандық және шетелдік журналистерді де бір жақсы жаңалық күтіп тұр. 22 қыркүйек медиа күні болып жарияланбақшы.

– Бұл Аптаның ерекшеліктерінің бірі. Журналистерге барлық Апта уақытында сұхбаттасу, интернет, брифинг аймақтарында жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады,-деп түсіндірді Ләззат Көккөзова.

Апта қонақтары мен қатысушылары «Қазақстан мұнайы тарихы оқиғалар мен адамдар ауқымында» архивтік фотосуреттерден фотокөрмелер аясында қазақстандық мұнай тарихымен таныса алады.

Биылғы жылы «Алтын Прометей» сыйлығын тапсырудың қазақстандық салтанатты сәті мынадай номинацияларды қамтиды: «Үздік инновациялық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік экологиялық бағдарлама», «Жыл ұмтылысы», «Жыл жобасы», «Кәсіби-практик жыл маманы», «Ғалым-педагог жыл маманы», «Жыл мерейтойы», «Жыл тұлғасы».

Аптаның ұйымдастыру комитетінің арнаулы шешімімен энергетика саласының проблемаларын жазып жүрген үздік журналисттер еңбегін атап өту де жоспарлануда.

Kazakhstan Energy Week

21.09 – 26.09/2009

АСТАНА, ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ

KAZENERGY ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭНЕРТЕГИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

МҰНАЙ МЕН ГАЗ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ

«АЛТЫН ПРОМЕТЕЙ» СЫЙЛЫҒЫН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ТАПСЫРУ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button