Әлеумет

Өрт болмасын десеңіз…

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мәліметі бойынша,  осы жылы 8 ай ішінде облыстың тұрмыс секторы ғимараттарында 268 өрт оқиғасы орын алды. Бұл өрт оқиғалары кезінде 12 адам қаза болып, 16 адам әр түрлі ауыр жарақат алды.

Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі тілсіз жаудың алдын алу үшін мынадай қарапайым ережелерді қатаң сақтауды ескертеді: тұрмыстық электрлі жылытқыш аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбаңыз, сондай-ақ шылым шегу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтаңыз, сөндірілмеген темекіні қалдырмаңыз. Балаларға сіріңке бермеңіз немесе олардың бойы жететін жерде қалдырмаңыз. Үйден шығар кезде электр аспаптарын, газ плитасын сөндіруді ұмытпаңыз. Егер үйде өрт болған  жағдайда, өртке қарсы қызмет телефонына – 101-ге тез арада хабарласқаныңыз дұрыс.

А. ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button