Құқық

Жемқорлық жолы – жіңішке

Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында Республика Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің №1 бақылау басқармасының бастығы Т. Молдашевтің қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бағытындағы шаралардың орындалу барысын қараған жиналыс өткізілді. Жиын кезінде қоғамда аталған дерттің алдын кесу, жемқорлықтың жолына тосқауыл қою жайы қатаң түрде күн тәртібінде тұрғаны тағы бір мәрте атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бағытында Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы биылғы жылдың алты айы ішінде 338 бақылау нысанына тексеру жүргізді. Бақылау нәтижелері бойынша шара қолдану үшін құқық қорғау органдарына алпыс бақылау материалдары жіберілді. Соның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүргізуді тексеру қорытындысы бойынша 194,8 млн. теңгенің он алты, қаржы тәртібін бұзушылықтар бойынша 677,2 млн. теңгенің 44 материалы бар.

Әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты жиырма лауазымды тұлғаға 1947,8 мың теңге айыппұл төлеу жауапкершілігі көтерілді. Тәртіптік жазаға бақылау нысандарынан 225 лауазымдық тұлға тартылып, соның ішінде бір адам қызметінен босатылды.

Инспекция қызметкерлеріне бақылау нысанына шығар алдында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде нұсқау беріліп, Заңда көзделген сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардан аулақ болу ескертіледі. Сондай-ақ инспекцияда сенім телефоны жұмыс істейді. Ол арқылы жұртшылық инспекция қызметкерлерінің қызметінде орын алған құқық бұзушылықтар мен басқа да деректерді хабарлай алады.

Гүлнәр БЕРНИЯЗОВА,

Ақтөбе облысы бойынша қаржылық

бақылау инспекциясының бөлім бастығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button