Ресми

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік субъектілеріне тауар нарықтарындағы бағалардың алыпсатарлық өсуіне жол бермеу туралы бірлескен үндеуі

Алыпсатарлық бағалар тәуекелі ең алдымен бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарларына, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие (автомобильдер, ұйымдастырушылық техника, тұрмыстық химия заттары және т.б.), сондай-ақ мультипликативтік әсері бар азық-түлікке жатпайтын тауарларға (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және т.б.) қалыптасқан жағдайда, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халық үшін сауда мен қызметтер салаларының кәсіпорындарына, сондай-ақ отандық тауарөндірушілерге тұтынушылар тарапынан дүрлігуге және наразылыққа итермелемей қалыпты жұмыс режимін сақтауға шақырады.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда барлық бизнес-қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдардың бір жағынан нарық субъектілері тарапынан алыпсатарлық, ал екінші жағынан — билік өкілдері тарапынан теріс пайдалану және негізсіз бақылау және санкциялық іс-қимылдар фактілерінің туындау тәуекелдеріне алып келмеуі тиіс бірлескен конструктивтік іс-қимылға күштерді жұмылдыру маңызды деп санаймыз.
Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілері бойынша тергеу ашуға құқылы. Сонымен, тергеуді бастауға нарық субъектілерінің мынадай алыпсатарлық (немесе үстем жағдайды теріс пайдалану) фактілері алып келуі мүмкін:
— монополиялық жоғары бағаны белгілеу;
— өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеулер енгізу;
— тауарды өнім айналымнан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 13-бабы).
Сондай-ақ:
– тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа шарттарын белгiлеу және (немесе) қолдау;
— тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 10, 11-баптары) бойынша нарық субъектілерінің келісімдері және (немесе) келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.
Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеп (ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы) 3 пайыздан 5 пайызға дейін айналым айыппұлдарын салуға әкеп соғады.
Бұдан басқа, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 221-бабы) көзделген. Сонымен қатар, монополияға қарсы тергеуге жол бермеу үшін ескертілетін ықпал ету шараларын қолдану кезеңінде нарық субъектілерін өз қызметін негізді бағалық және сауда саясатын жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте, объективті мән-жайларды, оның ішінде:
— өнім қалдықтарының (қорының) бар болуы;
— өнімді өндірудің нақты өзіндік құнының немесе сатып алу құнының өзгермейтіндігі;
— өткізілетін өнімнің артуы өнімнің өзіндік құнының не өнімнің сатып алу құнының артуына пропорционалды болуы (мысалы, сатып алу не өзіндік құн бар болғаны 5 пайызға ұлғайған кезде тауарды өткізу бағасының 20 пайызға негізсіз ұлғаюы).
Монополияға қарсы органның қызметкерлері әкімдіктер жанынан құрылған бағаларды бақылау бойынша жедел штабтардың құрамына кірді, онда монополияға қарсы ден қою құралдарының елеулі жинағын ескере отырып, қалыптасқан жағдайда олар белсенді рөл атқаратын болады. Тергеулерден басқа, монополияға қарсы орган негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларына күн сайын мониторинг жүргізетін болады.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының күшімен аталған штабтарда өз өкілдіктерін қамтамасыз етеді, олардың міндеті:
— бизнес-қоғамдастықтармен, сауда желілерімен, базарлармен және көтерме сауда өндірушілердің бағаларды негізсіз көтеруіне жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру;
— жергілікті атқарушы органдар тарапынан асыра сілтеуге жол бермеу (өкілеттіктерін асыра пайдалануға бақылаушы мемлекеттік органдарды тарту, баға саясатын таңу және т.б.);
— халық үшін аса маңызы тауарлар мен қызметтердің бағаларына талдау жұмыстарын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу.
Бағалардың күрт өсу деректері бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 8 (7132) 54-76-46, 56-02-86 сенім телефоны арқылы хабарласуға, сондай-ақ ресми өтініштермен жүгінуге болатынын азаматтарға хабарлаймыз. Кәсіпкерлік субъектілері мен жеке азаматтар үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы кеңесшілеріне байланысуына болады: тел.: 8(7132) 74-46-02, 74-46-10, 74-46-23, электрондық пошта: aktobe@palata.kz, сайт: www.aktobe.palata.kz.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button