Білім

Мектепке жол

«Емшан» және 20 оқушы

Биылғы республикалық «Мектепке жол» акциясы қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқумен толық қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету Новый орта мектебінде де қарастырылған.

Қайырымдылық айында «Емшан» компаниясы 200 мың теңге көлеміндегі қаражатқа 20 оқушыға спорттық киімдер мен мектеп формаларын, аяқ киім, оқу құралдарын тарту етті. Мектебіміз де акцияға атсалысып, аз қамтылған отбасы балаларына ұстаздар тарапынан 40 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.

Ата-аналар мен мектеп ұжымы атынан «Емшан компаниясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Мейіржан Өндіргеновке алғыс айтып, акцияға ат салысқан жаны жомарт жандарға ризашылығымызды білдіреміз.

Нәзира МІНАЙДАРҚЫЗЫ,

әлеуметтік педагог.

Демеушілер – ата-аналар

«Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы №50 орта мектептің ата-аналары демеушілік көрсетті. Олар мектептің 50 оқушысына оқу құралдары мен сөмке, 15 оқушыға мектеп формасын тарту етті.

Демеушілік көрсеткен ата-аналар – Зияда Шүйтбаева, Мағрипа Камилова және мектеп мұғалімдері – Ақмоншақ Үсенова, Лаура Ашубаева, асханашы Базаргүл Таласпаеваға алғыс айтамыз.

Барлық сыныпта «Қамқорлық ұлылықтан туындайды» атты тәрбие сағаттары өтті. Соңы мектептің өнерпаз оқушылары ұйымдастырған «Аялы алақан» атты концертке ұласты.

Анар АМАНГЕЛДИНА.

Шарапаты мол шара

«Мектепке жол» акциясы Ақтөбе қаласындағы №52 негізгі мектепте де өтті. Шараны мектеп әкімшілігі ұйымдастырды.

Жалпыға бірдей оқумен қамтамасыз ету қорынан бөлінген 175 400  теңгеге қыс, күз киімдері, спорттық костюмдер мен аяқ киімдер сатып алынды. Жалпы 67 балаға қайырымдылық көрсетілді.

Шара соңында ата-аналар мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Мұндай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Кәмшат КҰЛЖАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button