Басты бет » Білім » 45 маман қосылды

45 маман қосылды

Осы жылы Мұғалжар ауданында 17  мектеп күрделі, 49 мектеп ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Шалғайдағы ауыл мектептері жаһанданудың өкшесін басқан кезең талабына сәйкес мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталармен жабдықталды.

Осы жылы Мұғалжар ауданының білім саласы қызметкерлерінің қатары 45 жас маманмен толықты.

Білім күні қарсаңындағы жағымды жаңалық –  Ембі қаласындағы жаңа мектептің ашылуы болды. Іші жарық, кең сынып бөлмелері Білім күні оқушылар мен ұстаздарға есігін айқара ашты. Бұл күні аудан әкімі С.Шаңғұтов 1 қыркүйекте Ембі қалалық №7 және №2 мектептердің мерекелік салтанатына қатысып, оқушылар мен ұстаздардың қуаныштарын бөлісті.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалар үшін бұл күні алғашқы сабақ басталып та кетті. Алғашқы сабақта «Менің Қазақстаным – менің Отаным» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Н.ҚАЛИЕВА,

Мұғалжар ауданы.