Білім

32 оқушының қуанышы

«Мектепке жол» акциясы Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектепте де ұйымдастырылды.

Шара барысында 32 оқушы оқу құралдарымен және киім-кешекпен қамтылды.

Жаңа оқу жылында мектебімізде 743 бала болады деп жоспарланып отыр. Оның 67-сі –  аз қамтылған отбасының балалары. Акцияға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қолдау көрсетті. Сонымен қатар «Жанар» тігін шеберханасының тігіншісі Күләш Бакисова 2 оқушымызға мектеп формасын тарту етті, – дейді мектеп директорының орынбасары Нұргүл Жолмырзақызы.

Тегін киім мен оқу құралдары тек қана бастауыш сыныптарының балаларына емес, мектеп жасындағы оқушыларға берілген. Н.Жолмырзақызы оқушылардың жазғы демалысы жақсы ұйымдастырылғандығын айтады. 19 бала қала сыртындағы «Дружба», «Энергетик», «Восток» лагерьлерінде және «Ақбөбек» демалыс орталығында демалған.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button