Білім

Бақшаға барар жолда

Өткен аптада облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен «ҚР-ның Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинарға 60 шақты қалалық, аудандық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері, балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Оларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жаңа стандарттың енгізілуі,  стандарт талаптары мен ережелері түсіндірілді. Әдістемелік көмек көрсетілді.

Мұнда Тілдерді оқыту орталығы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы шеңберінде әзірлеп шығарған «Ерте, ерте, ертеде…» ертегілер жинағы мен үш тілдегі «Қотыр торғай» ертегісі кітабының тұсаукесері өтті. Аталған жаңа кітаптарды Тілдерді оқыту орталығының бөлім бастығы Рабиға Тоғанақова таныстырды. Орталық бұл екі кітапты қала және облыс көлеміндегі барлық мектепке дейінгі мекемелерге тегін таратпақ.

Бұдан соң семинарға қатысушылар «Балабақша – мемлекеттік тілді меңгерудің алғашқы баспалдағы» тақырыбында өзара пікір алысты. Барлық қатысушыға аталған екі кітап, «Қазақ ертегілері» сериясымен шығатын екі кітаптан тұратын жинақ, сөздіктер (қазақша-орысша, орысша-қазақша, түсіндірме сөздігі), Тіл комитеті жанынан шығатын «Балапан» журналы, балаларға арналған «Ертегілер жинағы» аудиодискілері таратылды.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button