Спорт

«Ақтөбе» тағы да көш бастады

Еуропа Лигасының матчтарына қатысуына байланысты «Ақтөбе» басқа командаларға қарағанда 3-4 ойынды кем өткізген болатын. Соған қарамастан, теориялық есеп бойынша көш тізгіні бізде еді. 31 тамызда Көкшетауда ел біріншілігінің кезекті турында ақтөбеліктер жергілікті «Оқжетпесті» 7:1 есебімен ойсырата жеңді.

Спорттың қай түрінде де «қолайсыз» қарсыластар болады. «Ақтөбе» үшін «Оқжетпес» сондай қиын команда саналатын. Еуропаның алаңын шаңдатқан жерлестеріміз осылайша «Оқжетпестің» «шаңын» қағып алды.

Қазір «Ақтөбе» командасы 17 ойыннан 43 ұпай жинап, чемпионаттың көшін қайта қолға алды. Ал чемпиондықтан үміткер саналатын Астананың «Локомотиві» Қостанайдың «Тобылынан» 0:1 есебімен ұтылып, ақтөбеліктерден ұпай санын азайтып алды.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button