Экономика

Сенімді сертификаттар

Семинар

Жақында «Бизнес негіздері» тақырыбындағы семинарға қатысқан 20-ға жуық кәсіпкерге сертификат табыс етілді.

Маусым айынан бастап «Орта және шағын бизнесті дамыту» бағдарламасы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі мен ЮСАИД агенттігі бірлесіп, семинар өткізген болатын. Үш аптаға созылған тренингтің қорытындысында кәсіпкерлерге сертификат берілді. Сертификат кәсіпкерлердің бірсыпырасына семинарға қатысқандықтары үшін берілсе, аттестациядан өткен қатысушыларға семинарға  қатысқандықтарымен қатар, енді осы салада өздері де семинар өткізулері үшін берілді.

ЮСАИД-тың Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту жобасының Батыс Қазақстан бойынша үйлестірушісі Айжан Бейсеева тренингке қатысушылардың жұмыстарына табыс тілеп, сертификат табыс етті.

Екі жақ біріге отырып жыл соңына дейін «Өз бизнесіңді баста», «Консалтинг негіздері»  тақырыптарында семинар өткізуді жоспарлап отыр. Сертификат алған бизнес-тренерлерге шағын бизнесті өз тұрғысынан оқыту барысында ЮСАИД жобасының 50 пайыз субсидиясы төленеді.

Жиын соңында болашақта  да бұл оқуды жалғастыру мақсатында Меморандумға қол қойылды.

Меңсұлу Қонысбайқызы, «Есеп» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Үш тренинг өтті. Бір семинар бір апта болды. Үш апта бойы біз біраз білім игердік. Мысалы, «Стратегиялық жоспарлау» тренингінде жұмысты бастамас бұрын қалай жоспар жасау керектігі, бизнесті дамыту үшін алдымен не істеу керектігі туралы айтылды. Ал «Сапа менеджменті» семинарында салықтардың түрлері және жекеменшік үшін төленетін салықтар жөнінде көптеген жайттар сөз болды.

Негізі бұл тренингтер өте қымбат. Біз қалалық әкімдік пен ЮСАИД-тың арқасында тегін білім алдық деуге болады. Себебі, үш аптаға бар болғаны 3 мың теңге ғана төледік. Жалпы бұл семинарға төленген ақша зая кетпейді. Себебі, келешекте бизнесіңнің дамуы үшін қазіргі заман талабына сай көп нәрсені білуің керек. Соңғы кезде көптеген жаңалықтар болып жатыр. Мұның барлығы осы семинарларда толық қамтылады. Менің ойымша, өте жақсы деңгейде білім алдық. Оның нәтижесі – аттестациядан өткендігіміз. Енді осы сертификаттың арқасында біз ЮСАИД-тың серіктесі болдық, яғни, тренинг өткізетін мүмкіндікке ие болдық.

Г. БАЗЫЛҚЫЗЫ.

«Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырмасы бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button