Құқық

Тараптар теңдігі талқыланды

Прокуратура

Өткен аптаның жұма күні облыстық прокуратура ғимаратының мәжіліс залында «Азаматтық істерді қарауда тараптардың теңдігі және прокурордың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға сот және мемлекеттік органдар мен әділет департаментінің өкілдері, тергеушілер мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Ақтөбе облыстық филиалының мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелде «Нұр Отан» ХДП-ның АОФ төрағасының орынбасары Еркеш Қалиев бүгінгі күні партияның қоғамдық қабылдау бөліміне тұрғындардан сот шешімінің әділетсіздігіне қатысты арыз-шағымдардың көп түсетіні жайында айтты. Дегенмен де мұндай мағынада жазылған арыз-шағымдарды нұротандықтар тікелей прокуратураға жолдайтын көрінеді. Дөңгелек үстел барысында бұл іске қатысты тараптардың жан-жақты ойлары тыңдалды.

Сондай-ақ, басқосуда жас мамандарды даярлауды күшейту мәселесі де сөз болды. Облыстық прокуратураның басқарма бастығы Ғани Әміровтің айтуынша, бүгінгі күні Ақтөбе қалалық прокуратурасы Батыс Қазақстан бойынша базалық прокуратура саналады. Сондықтан батыс аймағы бойынша прокуратура саласына жұмысқа орналасқан жас мамандар Ақтөбеде білімін жетілдіріп, тәжірибе алмасады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button