Ресми

«Наурыз мейрамы — 2015» дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. «Жасөспірімдер шығармашылығы – 2015». Қалалық көрме. 2-13 наурыз аралығы, сағ.10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
2. «Наурыз» мейрамына арналған білім беру ұйымдарында тәрбиелік-насихаттық, мәдени ойын-сауықтық және спорттық көпшілік шаралар, мұражайларға саяхаттар, ұлттық ойындар ұйымдастыру. 10 – 23 наурыз аралығында, жалпы білім беру мектептері, мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру ұйымдары.
3. «Жыл басы — Наурыз». Кітап көрмесі. 16-26 наурыз аралығы, қалалық әлеуметтік көмек орталығы.
4.«Наурыз-Думан». Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі. 11-19 наурыз аралығында, сағ.10.00-17.00 дейін, облыстық өнер музейі.
5. «Жаңа жыл келді жадырап». Балаларға арналған ертеңгілік. 12-19 наурыз аралығында, сағ.10.00, 12.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
6. «Наурыз — береке бастауы». Кітап көрмесі. 12 – 22 наурыз аралығы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
7. «Армысың —Әз Наурыз». Кітап көрмесі. 13 наурыз сағ.10.00, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
8. Ақмола облыстық филармониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ш.Дүкімбаеваның «Гауһартас» шығармашылық кеші.13 наурыз сағ. 18.30, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
9. Ұлттық мейрамымыз 14 наурыз — Көрісу күніне облыстық филармонияның жыршы-термешілерінің «Жыр-жауһар» концерті. 14 наурыз сағ. 16.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
10. К.Гольдони «Хозяйка гостиницы» премьерасы және актер В.Корчуковтың шығармашылық жолына 20 жыл толуына орай бенефисі. 13-15 наурыз аралығы, сағ.19.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
11. Қазақ халқы аспаптарының кезекті концерті. 15 наурыз сағ. 11.00, қалалық оқушылар сарайы.
12. «Қош келдің, Наурыз». Көрме. 16-18 наурыз аралығы, сағ.9.00-18.00, қалалық көркемсурет лицейі.
13. «Қош келдің, мерейлі Наурыз». Тәрбие сағаты. 16 наурыз сағ.11.00, №53 ОМ.
14. Наурыз мейрамына арналған «Құт болып кел, Наурыз» тақырыбында дөңгелек үстел. 16 наурыз сағ.11.00, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
15.«Ата салтым — асыл қазынам». Дәріс сағаты. 17 наурыз сағ.10.30, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
16. «Қасиетіңнен айналайын, домбыра». «Әуенді тап» сайысы. 17 наурыз сағ. 12.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
17. «Жылы ұя». Қайырымдылық концерт. 17 наурыз сағ.14.30, қалалық оқушылар сарайы.
18. «Ұлттық қолөнер — мәдениет айнасы». Қолөнер көрмесі. 17-25 наурыз аралығы, сағ. 11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
19. «Наурыз — ұлық мереке». Танымдық саяхат. 17 наурыз сағ. 15.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
20. «Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын». Бабалар сөзін дәріптеу. 17 наурыз сағ. 17.00, №7 кітапхана.
«Наурыз — нақыштары». Суреттер арасында байқау. 18 наурыз сағ. 11.00, №5 кітапхана.
«Наурыз шапағаты». Мерекелік кеш (салт-дәстүрлерден үзінді көрініс), кітап көрмесі. 19 наурыз сағ.12.00, М.Ломоносов атындағы орталық кітапхана.
«Наурыз думан». Дәстүрлі ойын-сауық кеш. 20 наурыз сағ.11.00, №1 кітапхана.
«Қош келдің, мерейлі Наурыз». Мерекелік кеш. 20 наурыз сағ. 12.00, №10 кітапхана.
«Наурыз-думан». Мерекелік сағат. 20 наурыз сағ. 12.00, №2 кітапхана.
«Нұрың жауған — Әз Наурыз». Салт-дәстүрге арналған библиографиялық шолу және әдебиеттер көрмесі. 20 наурыз, сағ.12.00-16.00 дейін, №2 кітапхана.
«Қазақтың ұлттық киімдері — өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз». Кітап көрмесіне библиографиялық шолу. 22 наурыз сағ.10.00 №6 кітапхана.
«Наурыз айы туғанда». Мерекелік шара. 22 наурыз сағ.10.00, №8 кітапхана.
«Жыл басы – Наурыз». Мерекелік кеш. 22 наурыз сағ.10.00, №9 кітапхана.
21. «Екі езу» театрының «Көктем күлкісі» Жаңа концерттік бағдарламасы (ақылы). 17-21 наурыз аралығы, сағ. 19.00, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры.
22. «Құт-берекем — Наурызым». Сурет көрмесі. 17-31 наурыз аралығында, сағ. 10.00-18.00 дейін, қалалық оқушылар сарайы.
23. Наурыз мерекесіне арналған нардыдан турнир. 18 наурыз сағ.10.00, облыстық Достық үйі, Р.Беркешева.
24. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні». Әдеби мерекелік кеш. 18 наурыз, сағ.10.30, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
25. «Бақ-берекем, құт-мерекем — Әз Наурыз». Этнографиялық қойылым, тақырыптық лекция. 18 наурыз сағ.11.00, облыстық тарихи-өлкетану музейі.
26. «Наурызым — нұрлы ырысым». Танымдық сабақ. 18 наурыз сағ.11.00, облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты.
27. «Наурыз — ұлт құндылықтарының бастауы». Ұлттық тағамдар көрмесі. 18 наурыз сағ.11.00, облыстық тарихи-өлкетану музейі.
28. «Еліме шуақ, халқыма қуат бер, Әз Наурыз». Мерекелік шара. 18 наурыз сағ.11.30, облыстық планетарий.
29. «Қош келдің, әз Наурыз». Лекция. 18 наурыз сағ.11.00, №6655 ӘБ.
30. Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым — нұрлы жыр» атты облыстық ақындар айтысы. 18 наурыз сағ.14.00, облыстық халық шығармашылығы үйі.
31. «Наурыз-думан». Сахналық сауық-кеш. 18 наурыз сағ.15.00, «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі.
32. «Мен – арумын». Байқау. 18 наурыз сағ.15.00, «Геолог» мәдениет үйі.
33. «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз». Ашық есік күні. 18-20 наурыз, сағ. 9.00-18.00 дейін, облыстық «Руханият» музейі.
34. «Бақытты ел». Мерекелік бағдарлама. 19 наурыз, сағ.11.00, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі.
35. «Қоршаған орта панасымыз». Дөңгелек үстел. 19 наурыз сағ.11.00, қалалық жас натуралистер стансасы.
36. «Ұлықталсын ұлы мейрам ұмытылмай». Салт-дәстүр сабағы. 19 наурыз сағ.11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
37. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні». Дөңгелек үстел. 19 наурыз сағ.11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
38. «Ар ма, Әз Наурыз». Мерекелік кеш. 19 наурыз сағ.12.00, «Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы» оқу өндірісінің мекемесі.
39. «Құрақ тігістің сиқыры». Сайыс көрмесі және тігін машиналар көрмесі. 19 наурыз сағ.15.00, облыстық өнер музейі.
40. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын». Мерекелік шара. 19 наурыз сағ.15.00, Қазақ-орыс халықаралық университеті.
41. «Жаса, Наурыз дәстүрлі». Ойын-сауық кеші. 19 наурыз сағ.15.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
42. Жасанды шыңға өрмелеуден ашық біріншілік. 20 наурыз сағ.10.00, №8 ОМ.
43. Әзірбайжан орталығында «Наурыз байрамы». Мерекелік бағдарлама. 20 наурыз сағ.11.00, Қазақстан халқы Ассамблеясі.
44. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні». Көрме. 20 наурыз сағ.11.00, балалар жасөспірімдер шығармашылық үйі.
45. «Наурыз — думан». Мерекелік бағдарлама. 20 наурыз сағ.12.00, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі.
46. «Бақ берекем, құт-мерекем — әз Наурыз!». Мерекелік қойылым. 20 наурыз сағ.12.00, облыстық «Руханият» музейі.
47. «Наурыз — берекенің бастауы». Фестиваль. 20 наурыз сағ.12.00, Қазақстан халқы Ассамблеясы.
48. «Армысың, Әз Наурыз». Мерекелік шара. 20 наурыз сағ.14.00, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі.
49. «Ұлық мереке құтты болсын». Театрландырылған қойылым. 20 наурыз сағ.14.00, қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі.
50. «Бақ-берекем, Әз Наурыз». Мерекелік көпшілік шара. 20 наурыз сағ.14.00, зағиптар қоғамы мәдениет үйі.
51. «Қош келдің, Әз Наурыз». Қолөнер көрмесі. 20 наурыз сағ.14.00, «Ақ желкен» аула клубы.
52. «Күмбірле күйім Наурызда». Жас домбырашылар сайысы. 20 наурыз сағ.16.00-17.00 «Ақ желкен» аула клубы.
53. «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз». Мерекелік бағдарлама. 21 наурыз сағ. 10.00, Өрлеу ауылы.
54. «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні». Концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар сайысы. 21 наурыз сағ.10.00, 12.00, Благодар ауылдық округі әкімшілігі.
55. Наурыз мейрамын тойлау аясында түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен «Фестиваль чая» тележобасы. 21 наурыз сағ. 11.00, облыстық Достық Үйі, салтанат залы.
56. «Қош келдің, Әз Наурыз». Қайырымдылық концерттік бағдарлама. 21 наурыз сағ.15.00, «Қалалық Сазды мәдениет Үйі» МКҚК.
57. «Қош келдің, Әз наурыз». Мерекелік концерт. 21 наурыз сағ.16.00, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.
58. «Армысың, Ұлы Наурыз». Театрландырылған мерекелік бағдарламалар, халықтық қыдырулар, ұлттық тағамдардың тегін таратылуы. 21-22 наурыз аралығы, сағ.10.00-14.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ, орталық стадион, «Мега Ақтөбе» ССО, А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы, «Ретро» демалыс саябағы, металлургтер мәдениет үйі, «Авиатор» саябағы, селолық округтер.
59. Ушу-саньдадан ашық қала біріншілігі. 21-22 наурыз аралығы, сағ. 11.00, «Гранд» СҮ.
Үстел теннисінен ашық қала біріншілігі. 21-22 наурыз аралығы, сағ. 11.00, №7 ОБЖСМ.
Таэквандодан ашық қала біріншілігі. 21-22 наурыз аралығы, сағ.11.00, «Қоныс» СС.
60. «Наурыз айы туғанда». Мерекелік бағдарлама. 22 наурыз сағ.10.00, Қурайлы ауылдық округінің әкімдігі.
61.«Наурыз». Қысқа толқын радиобайланыс арқылы Қазақстан Республикасының Кубогі. 22 наурыз сағ.10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
62. Шағын футболдан қыздар арасында қала біріншілігі. 22 наурыз сағ.10.00, мектеп спортзалдары.
63. Бұқаралық-спорттық іс- шаралар: тоғызқұмалақ, арқан тартыс, гір көтеру. 21-22 наурыз аралығы, сағ.11.00. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ.
64. «Құтты болсын кадамың, жарқын Наурыз». Мерекелік бағдарлама. 22 наурыз сағ.11.00, Қарғалы ауылдық округі әкімшілігінің алаңы.
65. «Қой жылы той жылы болғай». Театрландырылған қойылым. 22 наурыз сағ.11.00, облыстық «Алақай» қуыршақ театры.
66. Наурыз мерекесіне арналған Ақтөбе суретшілерін «Әз Наурыз» атты көрмесі. 22 наурыз сағ.11.00, облыстық өнер музейі.
67. «Қош келдің, Әз Наурыз». Халықтық қыдыру. 22 наурыз сағ.11.00, «Қалалық Сазды мәдениет үйі» МКҚК.
68. Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар. 22 наурыз сағ. 12.00-18.00 дейін. «Мега Ақтөбе» ССО.
Шарлар мен тәтті кәмпиттер тарату. 22 наурыз сағ.14.00, «Мега Ақтөбе» ССО.
«Казахстан своими руками». Балалар аймағы. 22 наурыз сағ.14.00, «Мега Ақтөбе» ССО.
«MEGA Stars» ұжымының концерттік бағдарламасы. 22 наурыз сағ.14.00, «Мега Ақтөбе» ССО.
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері». Байқау. 22 наурыз сағ.14.00, «Мега Ақтөбе» ССО.
Mega Ice мәнерлеп сырғанаушыларының көріністі көрсетілімі. 22 наурыз сағ. 12.00-18.00 дейін, «Мега Ақтөбе» ССО.
69. «Прогулка по звездному небу». Ақысыз дәріс-бағдарламалар. 22 наурыз сағ. 11.00-12.00, облыстық планетарий.
70. «Наурыз-думан». Үйірмелер және ата-аналарға арналған мереке. 25 наурыз сағ. 10.00-13.00, қалалық оқушылар сарайы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button