Құқық

Өмір мен өркениет заңдары

Конституция – еркін өмір сүрудің заңы. Еркін болу үшін адамның бойында мәдениет, өнеге, өркениеттік сана болуы керек. Сол кезде Конституция елдің ырысына, қуатына айналатыны анық.

Осыдан 14 жыл бұрын, 1995 жылы тамыздың 30-ында өткен референдумда ел тұрғындары бір ауыздан жаңа Негізгі Заңға дауыс беріп, тарихи таңдау жасаған болатын. Сол уақыттан бері еңселі еліміздің алтын діңгегі болған Ата Заңымызды атап өту дәстүрге айналды. 1995 жылы екінші мәрте қабылданған Конституцияға 2007 жылы толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Осылайша уақыт талабы мен қоғамның сұранысына жауап беретін, болашаққа бағытталған Негізгі Заңның әлеуеті артты. Биыл айтулы мерекенің  әлемдегі 2 миллиардтан астам мұсылман асыға күткен, айлардың сұлтаны –  Рамазан айымен тұспа-тұс келуін дін өкілдері жақсылыққа жорып отыр.

Ең бірінші Конституция

Ең бірінші конституция 1877 жылы қазіргі Ирактың территориясынан қазба жұмыстары барысында табылды. Бұл заң жинағы б.з.д. 2300 жылы жарық көрген. Ол шумер ханы Уруинимгиномның бұйрығымен Лагаш қаласында шығарылған болатын.

Сол уақыттан бастап көптеген хандықтар жазылған заң бойынша ел басқарды. Соның бірі  – б.з.д. 2050 жылы Ура қаласында қабылданған Ур-Намму заң жинағы. Бұл кітапты сол елдің тұрғындары әлі күнге дейін қолданады.

Ал дүние жүзі бойынша  ең көне Конституция 1600 жылы жарық көрген Сан- Марино деп есептеледі. Бұл Конституция сонау 1300 жылы қалалық заңдардың жиынтығы ретінде қолданыста болған. Алғашқы және әлі күнге дейін қолданымда келе жатқан Массачусетс Конституциясы 1780 жылы қабылданған.

Конституцияны мойындамайтын  елдер

Әлемде 40 пайыз адам биліктің қабылдаған заңдарын түкке керегі жоқ деп пайымдайды екен. Конституция жазылған және жазылмаған болып бөлінеді. Дүние жүзі капиталистік және коммунистік жікке бөлінсе, Ливия президенті Муамар Каддафи жікке бөлінеді екен. Муамар Каддафи 40 жыл өз елін конституциясыз басқарып келеді. Оның пікірінше, билік шығарған заң халық мүддесін ешқашан қорғамайды.

Еврей мемлекеті осы уақытқа дейін бірде-бір Конституция қабылдаған жоқ. Олар өздерінің қасиетті кітабы – Тораның қағидаларымен жүреді. Израиль халқының басым бөлігі:  «Мың жыл осы киелі кітаптың заңдарымен жүрдік. Енді бізге жаңа заңды  қабылдаудың қажеті жоқ», –  дейді. Халықтың енді бір бөлігі  Конституцияны қабылдау қажет екендігін айтады. Ислам мемлекеттерінің заңдары  көп жағдайда шариғатқа сүйеніп шығарылады. Бұл –  Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, т.б. мемлекеттер.

Осы уақытқа дейін өз Конституциясын мойындата алмай отырған елдер де бар. Олар – Абхазия, Косово, Оңтүстік Осетия, т.б. мемлекеттер.

Абхазия мемлекетінің Конституциясын сонда тұратын грузиндер халқы қолдамай отыр. Бұл – жалпы халық санының 53 пайызы деген сөз.

Ең бірінші заманауи Конституция

1787 жылы 17 қыркүйекте  АҚШ өз Ата Заңын қабылдаған болатын. Бұл заң ең бірінші заманауи Конституция болып саналады. Осы уақытқа дейін америкалықтар жиырма жеті рет толықтырулар мен өзгертулер енгізген. Жалпы, заңнама жеті баптан тұрады.

АҚШ заңнамасынан бас тартпаған ел

Жапония мемлекетінің Конституциясы 1946 жылы 3 қарашада жарияланып,   1947 жылы 3 мамырда күшіне енді. Осының алдындағы Конституция АҚШ-тың генералы Мак-Артурдың қолдауымен жасалған болатын. Жапондықтар сол заңның негізінде өз жаңа заңдарын қабылдаған.

ТМД елдерінің ортақ проблемасы

КСРО-дан бөлініп шыққан мемлекеттер толықтай егемендігін алып,  Конституциясын қабылдады. Осы мемлекеттердің барлығының дерлік ресми тілі орыс тілі болып саналады. Аталмыш елдер өз тілін жоғалтпауға барын салып, қызғыштай қорыса да, бұл КСРО құрамында болған мемлекеттердің ортақ шешілмей отырған мәселесі болып отыр.

Ең қатал заң Конституция

Тонга мемлекетінің Конституциясы 3 бөлім, 115 баптан тұрады. Бұл Конституция Жер шары бойынша ең қатал Конституция деп есептеледі. Аталған елде  «бостандық туралы заңға» өзгеріс енгізуге тыйым салынған.

Әзірлеген Н. ӘШІМХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button