Басты жаңалықтар

Күн тәртібінде — маңызды мәселелер

Бүгінгі күні қоғамымыздағы келеңсіз дерттер қатарында тұрған көріністерге ымырасыздық таныту басты міндетке айналып отыр. Кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа және лаңкестік әрекеттерге қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның бірлескен мәжілісінде осы жай ерекше айтылды.
Жиынға Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық және аумақтық атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Заңдылық сақталуы — келеңсіз дерттерге тосқауыл
Аймақ басшысы мәжілісті аша отырып, қабылданған тиімді шаралар нәтижесінде өткен жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5,9 пайызға азайту мүмкіндігі туғандығын атап көрсетті. Алайда сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын құқықбұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар саны бұрынғы күйінде қалып отыр.
Облыс басшысы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қатысты оның жай ғана құқықбұзушылық емес, мемлекеттің тиімділігіне сенімді бұзатын және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп болып табылатындығы туралы тұжырымын алға тарта отырып, кез келген теріс құбылыстарға төзбестікпен қарау қажеттігін айтты.
Мәжіліс барысында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Талғат Мамаев экономиканың көлеңкелі және басқа сыбайластыққа бейім салаларындағы теріс іс-әрекеттермен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндап берді. Ол сонымен бірге жаңа құрылымның бүгінгі ахуалы, белгіленген міндеттерге сай жоспарлары жөнінде таныстырды.
Ойыл және Хромтау аудандарының әкімдері Мавр Абдуллин мен Аязбай Османғалиев сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша шаралар жөнінде хабарлама жасады. Облыс басшысы олардың есептерін тыңдаған соң аудандардағы комиссия жұмысын жандандыру, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, заңдылықтарды сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бюджетті құрылымдау жауапкершілігі

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Роза Кемалова 2015-2017 жылдарға арналған облыс бюджетін құрылымдау туралы хабарлама жасады. Ол 2015 жылға арналған облыс бюджеті 167,2 млрд. теңге құрайтынын айтып, оның ішінде өз кірісіміз —87,4 млрд. теңге, ал республикалық бюджеттен трансферттер мен несиелер 79,8 млрд. теңге болатындығын мәлім етті.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметі жүргізіп отырған республикалық бюджет өлшемдерін нақтылау жөніндегі жұмыстар аясында 2015 жылға облыс бюджетінің шығындарының бекітілген өлшемдері қайта қаралды. Соның нәтижесінде экономикалық өсімді және жаңа жұмыс орындардын ашуды қамтамасыз ететін бюджеттік инвестициялық жобаларға қаржыларды оңтайландыру және қайта бөлу қажеттігі туындады.
Оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижелеріне сай еркін қалдық есебімен жыл басына 2,7 млрд. теңге ішкі резервтері анықталды.
Облыс әкімі осы хабарламадан соң бір апта мерзім ішінде 2015 жылға арналған жергілікті бюджетке кіріс болжамын нақтылауды аяқтауды және мәслихат депутаттары қарауына ұсынуды тапсырды.
Сонымен бірге, айдан айға болжамдардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау, салықтар мен салықтық емес төлемдердің әрбір түрі бойынша түсімдерді ай сайын талдау қажеттігі атап көрсетілді. Жергілікті бюджеттің салық салынатын базаларын кеңейту мәселесі маңыздылығы да айтылды.

Жұмыспен қамту — өзекті мәселе

Аймақта жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында биылғы жылға облыстың тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспары жобасы жасалды. Сол жоспарға сәйкес ағымдағы жылы 7464 адамды жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыру көзделуде. Ол негізінен мынадай бағыттар — мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында, сондай-ақ, аймақтарды және жеке бизнестің бастамашылдығын дамыту тұрғысында жүзеге асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыру, кәсіби оқытуды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға жолдама беру. Сонымен бірге, жұмыстан босап қалған адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі, аз қамтылған отбасылардың еңбекке жарамды мүшелерін жұмыспен қамту жағдайы қарастырылады.
Осындай бағдарларды баян еткен облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова белгілі бір қиындықтарға қарамастан, биыл 12 мың жаңа жұмыс орындарын құрылымдау жоспарланып отырғанын жеткізді.
Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселесі бүгінде атқарушы биліктің басты назарында келеді. Қазіргі уақытта тараптардың, яғни оның ішінде жұмыс берушілердің жауапкершіліктерін қарастыратын меморандумдарға қол қою жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, сондай-ақ, жұмыс орындарын сақтау және жұмысшылар үшін игіліктерді жоғалтуды барынша болдырмау шараларына бағытталған бірлескен іс-әрекеттер кешені қолға алынуда.
Бүгінгі күні 761 меморандумға қол қойылды, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Аймақ басшысы жұмыс берушілердің жұмыстан босаған қызметкерлерді, жұмыссыздарды, өз бетімен еңбек етушілерді, аз қамтылған отбасылары арасынан еңбекке қабілетті жандарды орналастыру үшін жұмыс орындарын құру бойынша талаптарды орындауын бақылауға алуды тапсырды.
Орта және шағын бизнестің барлық құрылымдарымен меморандум жасауды барынша таяу уақытта аяқтау қажет. Облыс басшысының бұл ұстанымы жұмысшылардың құқығын қорғау бағытындағы бұлтартпас қимылды көрсетеді.
Қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекақысы уақытында төленуі тиіс, қызметкерлердің жұмыстан негізсіз босатылуына, Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен көзделген әлеуметтік қорғау шараларын бұрмалауға жол берілмеуі қажет. Аймақ басшысы осындай өрескел әрекеттер тұрғысынан жол берген жұмыс берушілерге шаралар қолдану қажеттігін айтты.

Қыстан қысылмай шыға аламыз ба?

Қысқы жылу беру маусымының өту жайы да мәжілісте сөз арқауына айналды. Бүгінге күнге дейін ауа райы құбылмалы болып, бірде қатты аяз, бірде жылымық алмасып орын алғанымен, облыс орталығындағы жылу беру мекемелері жұмысы бірқалыпты ұйымдастырылуда.
Өңір басшысы Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдерінен жылу қазандықтарының жұмысындағы температуралық режимнің сақталуына, әлеуметтік және коммуналдық сектор нысандарының қызметіне қатаң бақылау жасауды жалғастыруды талап етті.
«Энергосистема» ЖШС басшылығына түнгі уақыттарда, сондай-ақ, демалыс, мереке күндерінде апаттық жағдайда жұмыс істейтін бригадаларды ұйымдастыруға көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетті. Бұл мәселелерді бақылауға алу облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевқа тапсырылды.
Қыс кезіндегі көңіл бөлетін жайттардың бірі — автомобиль жолдарының жарақтылығы. Бүгінгі күні облыс аумағындағы барлық жолдар бақылауда ұсталынуда. «Қазақавтодор» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе филиалы автомобиль жолдарын қар тасқынынан дер кезінде тазарту үшін қосымша техникаларды іске қосты. Дегенмен мұның өзі қажеттілікті жаба алмайды. Мәселен, нормативті қажеттілік 164 техника бірлігін құраса, кәсіпорынның балансында 77 бірлік бар деп саналады. Бірқатар техника жетпестігі өзге кәсіпорындардан жалға алумен жабылуда, сонымен бірге төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің күші де пайдаланылуда.
Биыл жыл басынан бері өңірде 89 жолаушы құтқарылып, сондай-ақ, 25 көлік қар құрсауынан шығарылды.
Облыс орталығының көшелерін қардан тазарту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бүгінгі күні 50 000 тонна шамасындағы қар сыртқа шығарылды. Бұл мақсатта 100-ден астам әртүрлі техника пайдаланылуда.
Қыстың соңғы айлары мен көктемнің басында да ауа райы жиі құбылып тұратыны белгілі. Сондықтан жол бойын қадағалау жұмыстарына жеңіл қарамау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
«Облыстың ауылдық жерлердегі елді мекендеріне баратын жолдардың ашық болуы — маңызды көрсеткіш. Елдегі тұрғындар жол тазалау жөніндегі жұмыстар жоспары және бекітілген мердігерлік ұйымдар жөнінде дер кезінде хабардар болуы тиіс»— деп атап көрсетті облыс басшысы.
Мал қыстату барысы да күн тәртібінен көрініс тапты. Биылғы қысқа облыс бойынша 403,9 мың ірі қара, 1 149,7 мың қой-ешкі, 88,6 мың жылқы және 16,1 мың түйе түсті. Мал азығы үшін жеткілікті жемшөп дайындалды.

Жылдың атаулы күндері

Биылғы жылы тарихымыздың ерекше еленетін бірқатар тұғырлы сәттері аталып өтілмекші. Солардың ішінде 2015 жылдың Қазақстан халқы Ассемблеясы жылы болып белгіленуі егемен еліміздегі ұлттар достығының бұрынғыдан да нығайып, берік орнығуына негіз қаламақшы. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы ерлеріміздің өшпес есімін ардақтауға, бейбіт күннің қадірін бұрынғыдан да гөрі айқын сезіне түсуге жол ашпақ. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының құрылғанының 550 жылдығы да айрықша аталып өтілетін болады.
Алда тұрған мерекелік шараларды өткізу жоспарларын нақтылаған аймақ басшысы барлық жоспарлы іс-әрекеттердің қоғамдық-саяси және ұйымдық-әдістемелік бірлігін қамтамасыз ету маңыздылығына тоқталды. Бұл ретте атқарушы билік органдарына негізсіз бюджеттік шығындарды болдырмау жөнінде талап қойылды. Облыстың барлық тұрғындары, барлық меншік формасындағы мекеме-ұйымдар, азаматтық қоғам институттары мерекелік шараларға белсене қатысып, тағылымдық-тәлімдік мәнін жоғары көтеруге атсалысуы тиіс.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Ардақты ағайын!
    Біз қазақтар өзіміздің салт дәстүрлерімізді сақтап қалуымыз керек, өйткені дәстүр бұл қазақтың ділін, рухани әлемін қорғайтын ерекше тәртіп. Рухани мықты халықты ешкім, ешқашанда жеңе алмайды. Өзінің салт дәстүрлерін көзінің қарашығындай сақтайтын және ұлттық салт дәстүрлер арқылы өзінің рухани әлемін және көзқарасын ыдыраудан қорғайтын халықты ешқандай күш талқан ете алмайды. Біздің қазақ ұлттық салт дәстүрлерімізді насихаттау керек, жастарға біздің көне салт дәстүрлерімізді үйретуіміз керек. Бұл қазақ ұлты тарихи сахнадан жоғалып кетпейтінін және өзінің қазақилығын жоғалпайтынын кепілі.
    Сонымен бірге, біз дәстүрлі казақ музыкасын күйлерді, әндерді, жырлар мен дастандарды аялап сақтауымыз керек. Қазақтың ұлттық әуендері ерекше, дербес себебі әрбір халықтың музыкасы өзінің ерекше дыбыстық саздарды туындайды және таратады. Қазақ тілі ерекше дыбыстайды, демек біздің әуендерімізде де өзінің ерекшеліктері бар. Қазақ әуендері ештеңкеге ұқсамайды, оның өзінің ерекше сұлулығы бар, қазақ әуендер мен әндерде қазақ халқының қонақжайлығы, кеңпейілдігі, туған жердің дарқандығы, ана тіліміздің байлығы мен бейнелілігі, туған табиғаттың әсемділігі естіледі. Осы факторлардың бәрі бір бірімен араласып қазақ әуендердің және әндердің сұлулығына өз үлесін қосып оларды баға жетпейтін қазынаға айналдырды. Біздің баға жетпейтін қазынамызды дәстүрлі қазақ музыканы жаратылыстағыдай әсемділігін сақтап жас ұрпағымызға аманат ету біздің парызымыз деп білемін.
    Еліміздің күш – қуатын жылдан жылға көбейту бұл мен үшін парыз, барымды Отанға сарқып беріп еліміздің көсегесін көгерту бұл мен үшін басты қағида. Кей кезде мен өз өзімді Отанның мүдесін қорғайтын сақшы ретінде елестетемін, ұлттық мүдделер мен туған жер, туған халық пен ана тілі, бабалардың өсиеттері мен ұлттық салт дәстүрлеріміз мен үшін қасиетті. Сондықтан мен Сіздерді, жарқын отандастарым ұлттық мүдделерді қорғауға маған көмек беруге шақырамын, отаншыл болуға шақырамын, ұлтқа адал қызмет етуге шақырамын!.
    Қазақ болу мен үшін бұл не, бұл менің ойымша, бабалардың ұлы істерімен және жеңістерімен мақтану, олардың жеңістеріне сенің тікелей қатынасың бар екенін терең түсіну, қазақ болу мен үшін болашақта туылатын қазақтардың жағдайын ойластырып, сол болашақ үшін ерең еңбек ету, қазақ болу мен үшін алдағы буын ағайынмен және артымда келе жатқан қазақ жас буынмен біртұтас пен ауызбірлікте болу, қазақ болу мен үшін өз өзімді мемлекетқұрушы ұлттың өкілі екенін сезіну, бұл елдің болашағы үшін жауапты болу, қазақ болу мен үшін бұл ана тілімізді ардақтап оның көсегесін көгерту, қазақ болу мен үшін қазақ халқы үшін әрқашанда ерлік жасауға дайын болу.
    Қазақ тілі біздің жаңа мемлекеттілігімізде ұлттық мәртебеміздің біріктіруші факторы және құралы ретінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Әрбір тіл мұрагері өзінің туған тілін, сонымен қатар, өзінің ұлттық және мәдени танымын қорғауы тиіс. Ұлттық тілдің мемлекеттілік негізі және адамды ұлттық мүддемен байланыстырушы бастау екенін ұмытпау керек.
    Мемлекеттік тілді ардақтау – тарихқа және ұлт мәдениетіне деген құрмет. Сондықтан, бізге мемлекеттік тіл күні жалпыұлттық мереке ретінде керек бұл өзіндік танымы мен түйсігі ретінде қазақ халқының жаңа мемлекеттілігі тарихының және бақытты болашағының беттерінде мәңгілік қалады.
    Тарихи тәжірибе көрсеткендей, өзінің ұлттық тілі бар әрбір ұлт және ұлт мемлекеті нық сақталмақ. Бай мәдениеті мен өнерін мұра еткен халықтар тарихта аз емес.Бірақ, сол мәдениеті мен мемлекеті бар халықтардың көбі бүгінде ұлттық рухын, яғни туған тілін жоғалтып, өздері де жоғалды.
    Осы тарихи жағдайлардан шығатын нәтиже, тілдің құруы ерте ме, кеш пе туған тілі бар ұлттар мен халықтардың құруына алып келеді. Жаһандану үрдісінің қаупі төніп тұрған жаңа кезеңдегі біздің ғаламшардың ұлттары мен халықтарының көпшілігіне осы тарихи сабақ қатысты. Сондықтан, әр мемлекет ұлттық құндылықтарды, әсіресе, тілді қорғауға қатысты үлкен тарихи жауапкершілікке ие.
    Жаһандану факторлары, алып тілдер және жаңа технологиялар әсер ететін бүгінгі күндерде ұлттық дәстүрлер мен мәдениеттің сақталуы және беріктігі тілдің мықтылығына, қуаттылығына байланысты. Сондықтан, тарихи кезеңдердің бай мұрасында сақталған ұлы тіл ресурстарын, сөздік қорды және терминологияны қолдану аса қажет. Менің ойымша, бізге мемлекеттік тіл мерекесі керек және мемлекеттік тіл жылы керек.
    Құрметті отандастар!
    Менің ойымша, ХХІ ғасырдың басында Қазақстан егеменді мемлекет ретінде және әлемдік бірлестіктің толық құқылы мүшесі ретінде өзінің ішкі-сыртқы саясатын ұлттық және мемлекеттік мүдделерді есепке ала отыра құрып, перспективалы саяси және әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына кезеңді ілгерілеуі тиіс.
    Атап өтетіні, қайшылықтар мен өткір ғаламдық бәсекелестікке қаныққан мына әлемде ең алдымен, елдің көркеюі мен қоғамның дамуына үнемі күш салу арқылы тәуелсіздігіміз бен ұлттық мемлекеттілігімізді нығайтуымыз керек.
    Менің көзқарасымымша, мемлекеттің мол құралдары барлық қазақтардың өміріне лайықты жағдайлар жасауға бағытталуы керек, бұл біздің негізгі және принципті мақсатымыз болуға тиісті. Барлығы халық қызығушылығымен, адамдардың маңызды мәселелерін шешуге жасалуы керек.
    Әр мемлекетте лайықты, отаншыл, білімді және саналы балалар бар. Басқаша айтсақ, Отанымыз бен ұлтымыздың бүгіні мен ертеңі өз жеріміздің саналы, қырағы, зерек ұлдарымыздың қолында. Осыған байланысты, біз барлығымыз мықты еркімізбен өз жұмақ мекенімізді қалыпқа келтіріп көркейтуді, халыққа лайық өмір деңгейін қалыптастыруды, өркениетті адам қоғамымен бірге жүруді қамтамасыз етуіміз керек.
    Қамқор және әсемдікке құмар халық, ежелгі және мәдениетті қазақ ұлты гүлденіп келе жатқан болашағы мен бабалар жерінің көркеюі үшін жақсы да жайлы жағдайлар жасауы арқылы үлкен жемісті жұмыс жасай алатынына мен нық сенімдімін.
    Осы жылы ел халқы өзінің үлкен тарихи күндері – тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтің 80 жылдық мерейтойы, Абылай ханның 300 жылдығын атап өтпек.
    Қазақстан халқының ыстық отаншылдық сезімінің, ұлттық бірлігінің, санасы мен танымының дамып, нығаюына және бабалар жерінің көркеюіне осы ұлы мерекелердің әсер ететініне күмән жоқ.
    Әлемдегі өзгергіш жағдайларда әрбір сергек, намысшыл қазақтың басты мақсаты – ұлттық және саяси қырағылықты, жоғары отаншылдық сезімді және ұлттық бірлікті насихаттау.
    Тек осылай ғана және күнделікті, адал, жанкешті еңбегіміз арқылы үлкен күш ретінде қоғамдағы мәселелерді жоя аламыз, Отанымызды көркейтуге адал ниетіміз бен жоспарларымызды іске асыра аламыз, таза арымызбен тәуелсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласын дамытамыз, болашақта Қазақ Елінің жаңа деңгейі мен халықтың сапалы өміріне қол жеткіземіз.
    Жауапты, қиын, аса лайықты бұл жол қарапайым азаматтан бастап жоғары мемлекеттік тұлғаларға дейін, яғни, барлық намысшыл және отаншыл Қазақстан халқынан, Қазақстан тәуелсіздігінің беріктігі, мәңгілігі үшін, қазақ мемлекетінің негізінің нығаюына, ұлттық және мемлекеттік мүдделердің қорғалуына, Отанымыздың бейнесі мен мәртебесінің жоғарылауына күнделікті күш салуды талап етеді.
    Бабалар Отанына деген, қазақтың тамаша жеріне деген адал махаббат, Абай мен Мағжанның сырға толы тілін ұрпақтың ардақ тұтуы және өткен күн мен бүгіннің арасындағы үздіксіз байланыс – жарқын болашаққа және жаңа табыстарға жетелейтін бастаушы жұлдыз болып табылады.
    Мемлекеттік тәуелсіздік, Тіл, Ана, Отан, мәдениет және ежелгі тарих – ұлтты бірлікке, ауызбіршілік пен ынтымақтастыққа бастайтын түйіндер. Сондықтан да олар біз үшін адами және рухани асылдар болып саналады.
    Қазақ әдебиетінің классигі Абайдың өлмес поэзия тілі біздің жарқын болашаққа жол бастасын!
    Сүйікті Қазақстанымыз мемлекеттілігінің дамыған жүйесімен және өзіндік ұлттық бейнесімен дамыған мемлекеттер қатарына қосылсын!
    Тәуелсіздікпен, бейбітшілікпен және бірлікпен байланысқан жемісті мақсаттарымыз, күшіміз, биік үміттеріміз бізді жақсы болашаққа, тыныш та лайықты өмірге бастасын!
    Қиын да айтулы осы жолда сіздерге және барлық Қазақстан халқына рух тұрақтылығын, сарқылмас қуат және барлық істе табыстар тілеймін!
    Назарларыңызға алғыс білдіремін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button