Білім

Кәсіби деңгей көрсеткіші

Ақтөбе облысы бойынша 2008-2009 оқу жылында кәсіби деңгейді тәуелсіз бағалаудың қорытындылары туралы

Бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім сапасына қойылытын талаптар қатарында білім алушылардың білім, білік дағдыларымен бірге кәсіби деңгейін бағалау – көкейтесті мәселенің бірі. Осы ретте колледж, лицей бітірушілердің кәсіби деңгейін бақылау, тексерудің бір түрі сапаны тәуелсіз бағалауды (НОК) енгізуге қажеттілікті туғызады. Бақылаудың бұл түрі білім берудің соңғы нәтижесі ретінде біліктілік деңгейіне объективті баға беруді қамтамасыз етеді, берілетін білімнің стандартқа, нарықтың еңбек талаптарына сай нақты мамандық бойынша даярлауға мүмкіндік береді. Кәсіби деңгейді тәуелсіз бағалау жұмысы кадрларды дайындау ісінде сапалық өзгерістер енгізеді, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа деңгейге көтерілуне ықпал етеді.

«Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Қазақстанда сапаны тәуелсіз бағалау шарасын енгізуді аяқтау көзделген және аталмыш заңдарға сәйкес Білім және ғылым министрлігі жанынан республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы құрылды.

Орталықтың Ақтөбе филиалы және облыстық білім басқармасымен біріге отырып, 2008-2009 оқу жылында облысымыздағы 17 колледж бен 15 кәсіптік лицейді,  бітірушілердің кәсіби деңгейін тәуелсіз бағалау 20 техникалық мамандық, 6 гуманитарлық бағытта өткізілді. Бұл шараға барлығы 3870 оқушы, оның ішінде 2022-сі  техникалық, 1848-і гуманитарлық мамандықтар бойынша қатысты. Тестілеу нәтижесі бойынша, Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік үлгідегі сертификатқа 2062 бітіруші ие болды. Бұл, жалпы, шараға қатысқан бітірушілердің 53%-ын құрады (№1 кесте).

Кәсіби деңгейді тәуелсіз бағалауға барлық мамандықтар бойынша жұмыс берушілер тартылып, біліктілік комиссиялары құрылды.

Кәсіби даярлықтың сапасын бағалаудың алғашқы нәтижелері осы бағытта жұмыс істеуді әрі қарай дамыту керектігін көрсетті. Жұмыс берушілердің, оқытушылардың пікірлеріне сәйкес бұл шара білім алушыларды жаңа талаптарға бейімделуге шақырады.

Кәсіптік білім сапасын бағалау білім мекемелерінің жұмыс берушілерді қаншалықты дайындығы жоғары маманмен қамтамасыз ете алатындығымен өлшенеді. Бұл – кәсіптік білім беруде түбегейлі өзгерістер болады, жаңа бағалау жүйесі енеді деген сөз. Осы мәселе жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры К.Бөрібеков: «Бәсекеге қабілетті ұлттық кадрлар сапасын көтеру мақсатында техникалық және кәсіптік білім саласында жаңа талаптарға сай өзгерістер болады. Халықаралық эксперттер мен жұмыс берушілердің қатысуымен жаңа стандарттар енгізіледі, әлемдік деңгейге сәйкес келетін аттестациялау, білікті сертификациялау жүйесі іске қосылады», – деп атап көрсетті.

Оқу орны Гуманитарлық мамандық бойынша Техникалық мамандық бойынша Барлығы

оқу орны бойынша қатысты

Оқу орны бойынша тестілеуден өтті Үлгерім %
Барлығы қатысты Тестілеуден

өтті

Барлығы қатысты Тестілеуден

өтті

1 Кооперативтік колледж 83 83 81 79 164 162 99
2 Гуманитарлық колледж 217 206 217 206 95
3 Қ.Жұбанов атындағы АМУ жанындағы колледж 6 5 6 5 83
4 Көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі 69 55 238 198 307 253 82
5 Мұнай және газ колледжі 46 37 199 139 245 176 72
6 Батыс Қазақстан гуманитарлық заң колледжі 193 133 193 133 69
7 Политехникалық колледж 154 58 251 141 405 201 50
8 Экономика және статистика колледжі 144 65 144 65 45
9 С.Бәйішев атындағы АУ жанындағы колледж 311 145 130 46 441 191 43
10 Техникалық колледж 24 8 37 14 61 22 36
11 Экономикалық-құқықтық колледж 109 37 109 37 34
12 Гуманитарлық-техникалық әмбебап мультипрофильді колледж 101 33 101 33 33
13 Қаржы-экономикалық колледж 134 26 20 7 154 33 21
14 Электротехника және байланыс колледжі 13 2 13 2 15
15 «Дүние» АУ жанындағы колледж 60 3 60 3 5
16 «Рауан» көп салалы колледжі 79 3- 79 3 4
17 Ауыл шаруашылық колледжі 105 4 12 0 117 4 3
Барлығы: 1848 903 968 624 2816 1529 46%
Оқу орны Барлығы қатысты Тестілеуден

өтті

Үлгерім %
1 №9 кәсіптік лицей 20 20 100
2 №13 кәсіптік лицей 15 15 100
3 №4 кәсіптік лицей 55 53 96
4 №3 кәсіптік лицей 142 105 74
5 №12 кәсіптік лицей 49 33 69
6 №1 кәсіптік лицей 121 86 68
7 №2 кәсіптік лицей 33 16 48
8 №5 кәсіптік лицей 115 55 48
9 №8 кәсіптік лицей 124 52 42
10 №6 кәсіптік лицей 105 42 40
11 №7 кәсіптік лицей 72 29 40
12 №11 кәсіптік лицей 38 15 39
13 №15 кәсіптік лицей 47 8 17
14 №14 кәсіптік лицей 83 6 7
15 №10 кәсіптік лицей 35 0 0
Барлығы: 1054 535 50,7%

Балзипа ӘБДРАХМАНОВА,

«Республикалық техникалық және кәсіптік білім

беруді дамытудың және біліктілікті берудің

ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК Ақтөбе

облысы бойынша филиалының директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button