Білім

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ЖОБА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ

Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінде «Болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттілігін дамыту үшін оқытудың өндіріспен тығыз ықпалдасуы арқылы инновациялық технологиялар негізінде кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Облыстық білім басқармасы, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы және Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі біріктіріп өткізген семинардың мақсаты —  болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттілігін дамыту үшін оқытудың өндіріспен тығыз ықпалдасуы арқылы инновациялық технологиялар негізінде кәсіптік-техникалық білім берудің институционалды  жетілдіру жобасының (ПИР) бірінші сатысын қорытындылау.

Семинарға облыстық білім басқармасының кәсіптік-техникалық білім беру бөлімінің басшысы Т.Есенғазина, облыстық ғылыми-тәжірибе орталығының   директорыН.Әбішева, «Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы Ақтөбе филиалының  директоры Б.Әбдірахманова,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі А.Сахиев, сондай-ақ аталған колледждің әлеуметтік серіктестері саналатын «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникация дирекциясынан, «KazTransCom» акционерлік қоғамы Ақтөбе филиалынан, Орал қаласындағы Батыс-Қазақстан индустриалды колледжінен,

«Бителеком» акционерлік қоғамынан өкілдер қатысты.

Семинарда Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің директоры

Салик Сарқұлов телекоммуникация және электроэнергетика, байланыс саласы үшін мамандар даярлайтын колледж бүгінде  2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында электронды оқыту жүйесіне енгізілгенін айтты.

Колледж институционалды білімді жетілдіру жобасының бірінші кезеңінен сәтті өтті. Қазір «Радиоэлектроника және  байланыс» мамандығы бойынша  колледжде 247  студент  білім алып жатыр, — деді С.Сарқұлов.

Семинарда Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі жоба қорытындысы бойынша жоғары деңгейге көтерілгені сөз болды. Соңғы кездері колледждің әлеуметтік серіктестермен байланысы нығайған. Соның нәтижесінде оқу орнының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, жаңа оқу  әдістемелік  материалдармен толықтырылған. Біліктілікті арттыру курстары және шетелдің оқу орталықтарында машықтандыру бойынша кадрлар әлеуетін жетілдіру  жобасында 11 арнаулы пән оқытушысы оқу курстарынан өтіпті. Атап айтар болсақ, Беларуссияның Минск қаласындағы «Республикалық кәсіптік оқыту» институтында «Модульдік бағдарламаны жетілдіру және дайындау» курсы бойынша 8 арнаулы пән оқытушысы білімін жетілдірсе, Германияда «Дуалдық жүйені оқыту» курсынан бір арнаулы пән оқытушысы, Лондон қаласында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және бір арнаулы пән оқытушысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Семинардың негізгі бөлімінде оқу зертханасы және шеберханада  шебер кластар өткізілді.  Өз сөзінде облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Т.Есенғазина ҚР Білім және ғылым министрлігі 2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғарту» жобасы бойынша институцоналды дамыту жоспарларын іске асыруға Бүкіләлемдік банк есебінен қаржыландырылған республикалық конкрус жариялағанын, сол конкурстың нәтижесінде облыс бойынша төрт колледж грантқа ие болғанын айтты.

Грантқа ие болғандардың бірі — Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі. Бұл колледж кәсіптік-техникалық білім берудің институционалды жетілдіру жобасының бірінші сатысын қорытындылау барысында үлкен жұмыстар атқарды, — дей келе, ол колледж басшылығына оқу ордасы базасында алдағы уақытта «Радиоэлектроника және байланыс»,  «Электроэнергетика» мамандықтары бойынша шебер кластар жүргізу, зертханалық жұмыстар негізінде республикалық конкурс өткізуді ұсынды.

Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ облыстық телекоммуникация директорының техникалық  орынбасары Е.Оңғарбаев колледждің жыл сайын жаңа бағыттарды игеріп, үлкен табыстарға қол жеткізіп отырғанын алға тартты. Оның айтуынша, былтыр Ақтөбе байланыс және электротехника колледжін бітірген түлектердің 34-і «Қазақтелеком» АҚ-на жұмысқа қабылданыпты. Колледж әкімшілігінің ұсынысымен дуалды оқыту жүйесі бойынша оқушылар осы мекемеден тәжірбиеден өтеді.

Институционалды жетілдіру жобасы негізінде алынған жаңа заманауи жабдықтар семинарға қатысушылардың қызығушылығын туғызды. Әсіресе, телекоммуникация саласындағы сандық коммутация жүйелері, электросхематехника, сандық тарату жүйесі, байланыс желісінің қондырғылары, өлшеу-бақылау құралдары және автоматика, метрология және цифрлық техника секілді жабдықтардың стандартқа сай болуы-болашақ мамандарды біліктілікке, қабілеттілікке дығдыландырады.

Семинар кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауында білім беру саласы қызметкерлері алдындағы міндеттер турасында да сөз болды.

Айнаш ТҰРҒАМБАЕВА,

Ақтөбе байланыс және

электротехника колледжінің әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button