Ресми

Құттықтау!

Құрметті спортшылар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Спорт қай заманда болмасын, адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналып, адамның денсаулығы мен рухының мықты болуына септігін тигізіп келеді. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне үлкен көңіл бөліп отыр.

Біздің облысымызда да бұл бағытта көп жұмыстар жасалып жатыр. Жыл сайын дене шынықтыру және спорт саласының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Биыл Ақтөбе қаласында спорттың қысқы түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен теннис мектебі ашылды. Еліміздің Батыс өңірінде бірегей саналатын теннис кешенінің, олимпиада резерві арнайы мектебінің жасанды жаттығу футбол алаңының құрылыстары   аяқталуға жақын, Ойыл селосындағы спорт мектебі қайта жөнделуде, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша облыстың басқа аудандарындағы сегіз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бұл жақсылықтардың барлығы біздің облысымыздың дене шынықтыру және спорт саласының дамуына жаңа қарқын беретініне сенемін.

Облыс спортшылары соңғы жылдары елімізде және халықаралық деңгейде өткен жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Биылдың өзінде республиканың, әлемнің, Азия мен Европа чемпионаттарына,  халықаралық турнирлерге қатысып, түрлі деңгейдегі 400-ге жуық медаль алып келді. Еліміздің үш дүркін чемпионы, ҚР кубогы мен суперкубогының иегері, ТМД және Балтика Кубогының күміс жүлдегері, Европа чемпиондар лигасының ең беделді турнирінің қатысушысы – «Ақтөбе» футбол клубының жетістіктері жалпыға белгілі.  ҚР кешенді спорт ойындары қорытындысы бойынша біздің облыс биыл жоғары деңгейге көтерілді.

Спортшыларымызға үлкен сенім артамыз, жаңа жеңістер, рекордтар мен жетістіктер күтеміз. Кәсіби мерекелеріңіз осыған апарар жолдың тағы бір белесі болсын.

Саналы ғұмырын спортқа арнағандарды – спортшыларды, ұстаздарды, бапкерлерді, дәрігерлер мен дене шынықтыру және спорт саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге құрыштай берік денсаулық, отбасы амандығын және берекелі ғұмыр тілеймін!

Облыс әкімі Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Спорт қай заманда болмасын, адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналып, адамның денсаулығы мен рухының мықты болуына септігін тигізіп келеді. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаев дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне үлкен көңіл бөліп отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button