Спорт

Нұртас – Азияда екінші!

Жақында Үндістанда грек-рим күресінен кадеттер арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Құрлық біріншілігіне қатысқан 17 жасар ақтөбелік Нұртас Өтепбергенов 58 кг салмақты чемпионаттың күміс медалін жеңіп алды.

– Алтыннан алқа тағуға мүмкіндігім болып еді, – деді Нұртас. – Алайда Үнді елінің ауа райы, тағамы жақпады. Белдесу кезінде өзім де қателіктер жібердім. Осындай кемшіліктерді алдағы уақытта ескеруге тырысамын.

Пойыздан шәкіртін күтіп алған бапкері Нұрлан Ізтілеуов қуанышын жасырып қалмады:

– Бапкер ретінде Нұртастан алтын күтіп едім. Бірақ күміс те осал емес. Бұған шәкіртім көп тер төкті. Алдымен Қазақстан чемпионаты атанды, Қарағанды, Тараз қалаларында өткен оқу-жаттығу жиындарында да алдына жан салмады. Міне, күміс медаль Ақтөбеге келді.

Облыстың аға бапкері Аманғазы Ізбай, Нұрлан Ізтілеуовтер грек-рим күресінен олимпиадашыларды дайындауды мақсат етуде. Олардың айтуынша, Саясат Шаңғытбаев, Нұржігіт Бегалиев, Нұрлан Азамат секілді балуандардан үміт күтуге болады.

Тек өкініштісі, Үндістандағы Азия чемпионатына қаржы тапшылығынан Нұртастың бапкері бара алмаған. Бапкері бірге барғанда, алтын да бізге бұйырар ма еді деген ой ғой.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

  1. Жарайсын Нуртас!бул сенин женисиннин соны болмасын,буданда биик асуларды багындыра бер!Казак елинин атын алемге паш етип,туымызды биик котере бер,ануранымыз шаркала берсин сенин женистериннин аркасында осындай улкен жарыстарда!Казактын намысын берме БАУЫРЫМ!тек кана алга!
     

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button