Спорт

Үзілістен соң

Премьер-Лига

Екі апталық үзілістен соң, 14 маусым, сенбі күні өткен 16-турда «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасымен» ойнады.
Бұл кездесуде алаңға «Ақтөбе» сапында Андерсон Сантана мен Алексей Антонов алғаш рет шықты, ал Александр Гейнрих жанкүйерлермен қоштасты.
Ойын барысына келсек, 23-минутта шымкенттіктер айып алаңында Марат Хайруллинді шалып құлатты да, 11-метрлік айып добын Игорь Зенькович қатесіз орындады. Дегенмен, екінші таймда «Ордабасы» күшке мініп, 69-минутта Қайрат Әшірбеков есепті теңестірді. Бұл — «Ақтөбенің» өз алаңында қақпасына енгізіп алған алғашқы добы. Кездесу осылай аяқталды.
«Ақтөбе»-«Ордабасы» — 1:1.
Гол авторлары: Игорь Зенькович, пенальти, 23-минут (1:0); Қайрат Әшірбеков, 69-минут (1:1).
«Ақтөбе» мына құрамда ойнады: Андрей Сидельников, Роберт Арзуманян, Дмитрий Мирошниченко, Андерсон Сантана, Алексей Антонов, Валерий Коробкин, Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Игорь Зенькович (Асхат Тағыберген, 60-минут), Маркос Пиззелли, Юрий Логвиненко.
Біздің команда «Ордабасымен» осымен 30 рет кездесіп, 18 рет жеңіске жетті, 9 кездесу тең аяқталды,  «Ордабасы» 3 рет ұтты.
*   *   *

Басқа кездесулер:

«Тобыл»-«Астана» — 1:1.

«Тараз»-«Қайрат» — 2:3.

«Ертіс»-«Қайсар» — 1:1.

«Спартак»-«Атырау» — 2:1.

«Шахтер»-«Жетісу» — 3:0.

Чемпионат басталғалы 96 кездесу өткізілді, қақпаға енген голдар саны — 207, әр кездесуде орта есеппен 2,16 гол соғылды. 49 рет алаң иелері жеңсе, 23 рет қонақтар ұтты, тең ойындар — 24. Қазірге дейін ең көп қайталанған (31) есеп — 1:0.

Өткен турда ең көп жанкүйерді «Ақтөбе» жинады — 11 000 адам. Ал бұл турға келген барлық жанкүйерлер саны — 29 850.

Мергендер көшін 6 доппен Трифунович («Атырау») бастап тұр.

Біздің мергендеріміз:

Маркос Пиззелли (жартылай қорғаушы) — 4 доп;

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 4 доп (1-еуі пенальтиден соғылды);

Игорь Зенькович (шабуылшы) — 4 (1);

Данило Неко (шабуылшы) — 3;

Александр Гейнрих (шабуылшы) — 3 (1);

Дмитрий Мирошниченко — 2;

Юрий Логвиненко (қорғаушы), Павел Шабалин (шабуылшы), Тимур Кападзе (жартылай қорғаушы) — 1;

1 допты Сигурни Банджар («Тараз») өз қақпасына соғып алды.

«Ақтөбе» өз алаңында 8 кездесу өткізді: 6 рет жеңіп, 2 рет тең ойнады, 16 гол соқты, өз қақпасына 1 гол жіберіп алды, 20 ұпай жинады. Сырт алаңда 8 кездесу өткізіп, 4 рет ұтып, 2 рет тең түсті, 2 рет жеңілді. Қарсыластар қақпасына 8 гол соғып, өз қақпасына 4 доп жіберіп алды, 14 ұпай жинады.

 

                                              ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

Командалар           О         Ұ         Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Ақтөбе      16       10       4          2          24-5    34 

2 Шахтер     16       9          2          5          25-16  29

3 Қайрат      16       8          3          5          23-16  27

4 Астана       16       7          6          3          20-12  27

5 Қайсар       16       7          5          4          15-13  26

6 Ордабасы 16       6          4          6          17-17  22

7 Ертіс           16       6          3          7          20-20  21

8 Атырау      16       5          6          5          14-15  21

9 Тобыл        15       5          6          5          15-19  21

10 Жетісу     16       4          4          8          11-16  16

11 Тараз       16       4          2          10       14-25  14

12 Спартак   16       1          3          12       9-33    6

 

*О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

*   *   *

 

23 маусым күні, жексенбіде «Ақтөбе» Қызылордада «Қайсармен» кездеседі.

Бірінші айналымда қызылордалықтарды өз алаңымызда 3:0 есебімен ұтқанбыз. Гол авторлары: А.Гейнрих, Д.Неко, Д.Мирошниченко.

Басқа кездесулер:

«Ордабасы» — «Шахтер»
«Астана» — «Ертіс»
«Қайрат» — «Тобыл»
«Атырау» — «Тараз»
«Жетісу» — «Спартак»

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button