Денсаулық

Тұмау: өте қауіпті, өкінішке ұрынбаңыз!

Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні болған баспасөз-брифингте 23 шілдеде Астана қаласында А Н1N1 тұмауына  күдікті 6 жағдайдың тіркелгенін хабарлады.

Сырқаттанғандардың барлығы – 18 маусымнан 19 шілдеге дейінгі кезеңде Ұлыбританияда оқуда болған 12-ден 15 жасқа дейінгі балалар.

Оқуға барған барлық 48 бала мен олардың 3 оқытушысы 19 шілдеде сағат 5.00-де Лондоннан Астана қаласына ұшақпен ұшып келген.

20 шілдеде 3 бала сырқаттанып, 21 шілдеде медициналық көмекке жүгінген. Сол күні Астана қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті департаментінің мамандары вирусологиялық тексеру шараларын жүргізген. Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орталығында ПТР-диагностикалау әдісімен А тұмауы вирусына жататын РНК анықталғаннан кейін, сырқаттанған балаларға қатысты барлық материалдар жедел түрде 22 шілдеде Алматы қаласындағы республикалық санэпидстанцияның референс-зертханасына жолданды.

21 шілдеде тағы да  осы топтағы 3 бала ауру белгілерімен медициналық көмекке жүгінді.

23 шілдеде сағат 3.00-де республикалық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың референс-зертханасында алғашқы 3 баланың анализдерінен А Н1N1 тұмауы вирусының қоздырғышы табылды.

З баланың екеуінде тұмау ауырлық дәрежесі орташа жағдайда, олар жұқпалы аурулар стационарының бокс бөлімшесіне жатқызылды.  Бір науқаста және ауруға күдікті 3 балада ауру жеңіл өтуде, олар үйде ем қабылдауда.

ДДСҰ-ның ұсынымдарына сәйкес Н1N1 тұмауымен ауырған кезде ауырлық дәрежесі жеңіл науқастарды стационар жағдайында үйде тиісті іс-шараларды сақтай отырып қадағалауға болады (бетперде кию, қарым-қатынасты шектеу, дезинфекциялық режимді сақтау, т.б.).

Ауырлық дәрежесі орташа және ауыр науқастар анықталған жағдайда міндетті түрде стационардағы боксқа жатқызылуы керек, Астана қаласы әкімдігінің медициналық қызметі дәл осылай жасады.

Қазіргі уақытта ауырғандармен қарым-қатынаста болғандарды одан әрі бақылау бойынша жұмыстар және ошақтарда індетке қарсы іс-шаралар кешені жүргізілуде, аумақтық денсаулық сақтау органдары мен санэпидқызметке пандемиялық тұмаудың әкелінуінің және одан әрі таралуының алдын алу бойынша шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Хабарласу телефондары: 8(7172) 74-31-37; 8-701-999-87-95.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button