Білім

Басты мақсат — сапалы кадр даярлау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасында» атап көрсетілгендей, сапалы кадрлар әзірлеу — күн тәртібінде тұрған басты мәселе.

ҚР ІІМ-не қарасты оқу орындары осы бағытта жұмыстар атқарып отыр. Олардың қатарында Ақтөбедегі заң институты да бар. Тыңдаушылар білім мен тәжірибені қатар игеруі үшін, институттағы оқу үрдісіне облыстық ІІД,  сот, адвокатура және прокуратура органдарының тәжірибелі қызметкерлері кеңінен тартылады.

Жуырда қылмыстық іс жүргізу кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен институт қабырғасында Ақтөбе қалалық №2 сотының  судьясы А.Әділованың қарауымен ашық сот процесі өтті. Сот отырысында

Е.-нің үстінен қылмыстық іс қаралды. Сот талқылауына күндізгі оқу факультетінің 2-3 курс тыңдаушылары қатысты.

 Б.ЕСМАҒАНБЕТОВ,

ҚР ІІМ Ақтөбе заң институты кафедра бастығының орынбасары,

полиция полковнигі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button