Білім

Жас ғалымдардың жиыны

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық  конференциясы өтті.

Университеттің жаратылыстану факультеті студенттер ғылыми одағының төрайымы Әсия Мәмбетжанованың айтуынша, конференция дарынды жастардың мүмкіндіктерін шыңдауға, олардың ғылыми жұмыстарындағы мәртебесін көтеруге, жас ғалымдарды қолдауға бағытталды.

Басқосуға Ресейдің Орынбор және  еліміздің барлық облыстарындағы  жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттар мен  жас ғалымдар жиналды. Конференция барысында әртүрлі ғылым салаларының өзекті мәселелері қарастырылды. Соның бір тармағы — жаратылыстану ғылымдарының заманауи мәселелері. Бұдан бөлек, конференцияға жиналғандар ғылымды және ел экономикасын дамытудағы жастардың рөлі, еліміздегі техника ғылымдарын дамытудың мәселелері мен болашағы тақырыптарында да өзара әңгімелесіп, пікір алмасты, — деді Ә.Мәмбетжанова.

Конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған отандық ғылымды дамыту бағыты кеңінен түсіндірілді.

Басқосуға жиналғандар жас ғалымдардың жұмысы қойылған көрмені тамашалады. Үздік жұмыс иелеріне дипломдар мен баяндамашыларға сертификаттар табысталды.

 А.НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button