Ресми

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың назарына!

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың назарына Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сәйкес барлық санаттар бойынша кезектілік тізіміне түгендеу жүргізілетінін жеткізеді.

Түгендеу 2014 жылдың 1 сәуірінен 1 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.

Кезекте тұрған барлық азаматтар белгіленген уақыт аралығында құжаттарын: (тіркеу туралы мәлімет, отбасы құрамы туралы мәлімет, жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама) жаңартулары қажет;

мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекемелер қызметкерлеріне –жұмыс  орнынан қосымша анықтама;

мүгедектер және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кейбір созылмалы аурулармен ауыратын азаматтарға – денсаулығы жөнінде қосымша анықтама;

Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары, жетім балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) отбасының әрбір мүшесіне жолығар алдындағы соңғы 12 ай ішіндегі табысы туралы анықтаманы қосымша ұсынады.

Содан соң осы жылдың желтоқсаны мен сәуірі аралығында мәліметтер қорытылып, тізімдер жаңартылады және стендттерде, сонымен қатар Ақтөбе қаласы әкімдігінің wwwakimataktobe.gov.kz электрондық сайтында орналастырылады.

Құжаттарды Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2-ғимарат, №28 бөлмеде орналасқан тұрғын үй қорын есепке алу секторына тапсыру қажет (қабылдау күндері: дүйсенбі-бейсенбі, сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына сәйкес азаматтар жыл сайын құжаттарын жаңартып отырулары тиіс. Алайда кейбір азаматтар кезекке тіркелген кезден бастап құжаттарын жаңартпаған.

Құжаттар жаңартылмаған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде қалдыру мәселесі шешілетін болатындығын назарларыңызға саламыз.

Қазіргі таңда  мемлекеттік  тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезек тізімінде 16 000-нан астам адам тұр және олар өздерінің тұрғын үйге мұқтаждығын жыл сайын растап отырулары тиіс.    

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button