Білім

ҰБТ-ға әзірлік қалай?

Әдеттегідей биыл да Ұлттық бірыңғай тестілеумаусым айында өткізіледі. Тестілеуге қатысу үшін өтініштер наурыздың 10-ынан бастапсәуірдің 25-іне дейін қабылданады.

 ҰБТ-ға мектеп бітірушілер өз еріктерімен қатысатыны белгілі. Дегенмен, «Алтын белгі», үздік аттестаттан үміткерлер білімдерін дәлелдеу үшін міндетті түрде тестілеу тапсыруы тиіс. Сонымен қатар,биыл орта және жоғары оқу орындарында білім алғысы келетін талапкерлер де ҰБТ тапсыруға міндетті. Бұл туралы ұлттық бірыңғай тестілеу өткізуге байланысты ұйымдастырылған кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру жиынында айтылды. Шараны Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бас сарапшысы Ғазиза Омарова өткізді.

 

 

Тәртіп пен талап

 

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын түлектерге талап күшейтілгені мәлім. Биыл да тест өткізілетін аудиториялар бейнебақылау қондырғыларымен жабдықталады. Пункттердің барлығында бірдей телефон желісі болмайды. Металліздегіштер пайдаланылады.

Аудиторияда, дәлізде кезекшілер болмайды. Мемлекеттік комиссияның құрамындағы мүшелердің саны  5 адамнан аспауы тиіс.

Шектеулі балда өзгеріс жоқ: 50-ден кем болмауы керек. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін шектеулі балл — 70.

ҰБТ 5 пән бойынша өтеді: қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және таңдау пәні. Таңдау пәндері: география, физика, биология, химия, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі.

Жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін 5 балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады.

 

ҰБТ сертификатындағы балдардың жалпы орта білім беру туралы аттестаттың бағасына ауысу шкаласы

 

Пәндер

2

(қанағат-сыз)

3

(қанағат-лық)

4

(жақсы)

5

(үздік)

1.

Қазақ тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

2.

Орыс тілі

0-3

4-13

14-20

21-25

3.

Қазақстан тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

4.

Математика

0-3

4-11

12-19

21-25

5.

Физика

0-3

4-11

12-19

20-25

6.

Химия

0-3

4-11

12-19

20-25

7.

Биология

0-3

4-13

14-20

21-25

8.

География

0-3

4-13

14-20

21-25

9.

Дүниежүзі тарихы

0-3

4-13

14-20

21-25

10.

Қазақ әдебиеті

0-3

4-11

14-20

21-25

11.

Орыс әдебиеті

0-3

4-11

14-20

21-25

12.

Ағылшын тілі

0-3

4-11

14-20

21-25

13.

Неміс тілі

0-3

4-11

14-20

21-25

14.

Француз тілі

0-3

4-11

14-20

21-25

15.

Қазақ тілі орыс мектептеріне арналған

0-3

4-11

12-17

18-25

16.

Орыс тілі қазақ мектептеріне арналған

0-3

4-11

12-17

18-25

 

Түлектер тестілеу нәтижелері бойынша апелляцияға өтінішті тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14.00ге дейін беруге мүмкіндігі бар. Апелляциялық комиссия өтінішті бір тәулікте қарайды.

Өтініш берушіде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және тестілеуге кіруге рұқсаттамасы болуы керек, — дейді министрліктің бас сарапшысы Ғазиза Омарова.  

Апелляция мынадай жағдайларда беріледі: тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған, дұрыс жауабы жоқ, бірнеше дұрыс жауабы бар. Сонымен қатар, техникалық қателіктер кетсе де шағымдануға болады.

 

Білім сапасы неге төмен?  

 

Сынаққа дайындық жұмыстары жаңа оқу жылының басында басталған. Қазан айында бірінші бақылау тестілеу өткізіліпті.

— Әр сынақ тестілеудің (қазан-желтоқсан айларындағы) қорытындысы бойынша  мониторинг жасаймыз. Содан анықталғаны — облыстағы 11-сынып оқушыларының білім сапасы төмен. Әсіресе, Байғанин (56,3 балл) мен Ырғыз (59 балл) аудандарының көрсеткіштері сын көтермейді. Сонымен қатар, Мәртөк (64,6 балл), Қарғалы (63,6 балл) аудандарының қорытындысы облыстың орташа балынан төмен.

Байғанин ауданында бақылау тестілеуге қатысқан 11-сынып оқушыларының  71 пайызы (179 түлек) тиісті өту балын жинай алған жоқ (50 баллдан төмен). Білім сапасы төмен мектептер —  Байғанин, Жарқамыс, Қарауылкелді, Сағыз, №3 Қарауылкелді, Қопа, Қаражар орта мектептері. Математика (7,8 балл), физика (8,2 балл), дүниежүзі тарихы (8,5 балл) пәндерінен орташа балл төмен.

Сынақ тестілеуде Әйтеке би ауданының  түлектерінің  53,7 пайызы, яғни 102 түлек шектеулі балды жинай алмады. Бұл негізінен — Қарашатау, Талдық, Ақтасты, Әйке, Комсомол, Т.Шевченко, С.Оразалин атындағы орта мектептердің оқушылары. Математика (8,4 балл), дүниежүзі тарихы (9,2 балл) пәндерінен орташа балл төмен, — дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Дина Орынова. 

 

 

Аудан атауы

2013 ж.

ҰБТ

сынақ тест  қараша

сынақ тест  желтоқсан

сынама тест қаңтар 2014

1

Алға

73,6

60,5

67,2

68,0

2

Әйтекеби

75,8

62,2

67,0

72,7

3

Байғанин

59,5

49,8

54,6

56,3

4

Ырғыз

58,9

57,1

57,1

59

5

Қарғалы

 73,0 

59,1

64,3

63,6

6

Қобда

68,5

64,7

65,3

66,1

7

Мәртөк

71,9

58,1

61,9

64,6

8

Мұғалжар

78,3

65,4

74,3

73,1

9

Шалқар

69,1

62,5

69,4

74,3

10

Темір

68,0

56,2

65,5

75,4

11

Ойыл

66,4

60

69,2

76,8

12

Хромтау

70,2

64,4

71,4

72

13

Ақтөбе қаласы

84,3

69,6

69,4

75,3

Облыс

76,8

65,1

69,4

72,4

           

 

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

Ел және елбасы

 

Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінде «Ел және Елбасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда Елбасының биылғы Жолдауына жан-жақты талдау жасалды.

Дөңгелек үстел басында Ауған соғысы ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы А.Балқасынов, «Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облысы бойынша атқарушы хатшысы М.Ермағамбетов, Ақтөбе медицина колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Толыбаева, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы Д.Комаровалар Жолдауда айтылған қазақстандық патриотизм тақырыбы аясында пікір алмасты. Олар жас ұрпақтың өз елін, өз жерін қадірлеп, оның бағасын біліп, оны қай уақытта да көзінің қарашығындай сақтай білуге ұмтылдыру үшін Жолдауда айтылған мәселелерді тарқатып, насихаттаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Шарада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқушылары, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттері де өз ойларын ортаға салды.

 

А.ҚҰЛМЫРЗИНА,

Ә.Молдағұлованың мемориалды

Музейінің ғылыми қызметкері.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button