Білім

Балдырған

Отан

 

БЕРЕКЕЛІ МЕКЕНІМ

 

Кең байтақ Қазақ елі — ынтымағы жарасқан, бай, қуатты, берекелі мекен.

Тәуелсіздік орнаған әсем де көрікті Астанадай елордасы бар, еңсесі биік, бақытты ел. Желбіреген көк байрақ, алтындай жарқыраған елтаңба, сөздерінің мағынасы терең, тыңдасаң, тебірентпей қоймайтын Әнұран, осының бәрі — Қазақ елінің байлығы, Тәуелсіз елдің белгісі.

Бұның барлығы бізге оңай келген жоқ, әрине. Әрқилы заман өтті. Ата-бабаларымыз қан төгіп, тер төгіп, білектің күшімен, найзаның ұшымен жеңіп алған кең байтақ жерімізді бізге аманат етіп тапсырды.

Біз — еліміздің болашағы, осы жерді мұнтаздай таза етіп ұстауымыз қажет. Табиғаты көрікті Қазақ жері — киелі жер. Осы жерімізді бағалай білсек, қадірлеп, қасиеттесек, әрине, әрқашан биіктен көрінер едік.

 

Алмаз АБДУҒАЛИ,

№7 орта мектептің 4-сынып оқушысы.

Ембі қаласы.

 

Жасыл ел

 

БАЙЛЫҚТЫҢ БАҒАСЫ

 

Табиғат — біздің ұлы байлығымыз. Су да, жер де, ағаш та, тау да, бәрі де біздің табиғатымыз.

Айналамыз жасыл желеккке, гүлге тұнып тұрса, қандай тамаша. Бізге көп ауа береді. Сондықтан да ағаштарды сындырмай, аялап күтуіміз керек. Көктемде түбін қопсытып, әктеп, жиі суарып тұру керек.

Үйдің, мектептің ауласына гүлдерді көп еккен жақсы. Өте әдемі әрі таза ауасын, хош иісін береді. Одан адамның көңілі көтеріліп, шаттыққа бөленеді.

Жазда жұрт көлге түсуге барады. Ол кезде де көлдің айналасына қағаз, қоқыс тастамай, жинап кету керек. Әйтпесе көл ластанады.

Кішкентай балалар құсқа тас лақтырғанды жақсы көреді. Оларға біз құсқа тимеу керектігін түсіндіріп айтуымыз керек.

Табиғатты қорғайық, достар!

 

Нұржан ТАЖАЯҚ,

№4 орта мектептің 3-сынып оқушысы.

Шалқар қаласы.

 

Ұстаз

 

ЕГІЗ МЕЙІРІМ

 

Қай мектепте де мұғалімдер арасында ағайлардан гөрі апайлар көп. Біз оларды анамыздай жақсы көреміз. Өйткені олар мейірімді.

Шыдамдылығы, берген білімі, тәрбиесі өз алдына, мұғалім апайлардың әрқайсысы бір-бір тұтас кітап десем болады. Бәріміз сабақтан қалмауға тырысамыз. Олардың әр сабағы бүгінгі өмірдің талабына сай қызықты өтеді. Қажет болса, бізбен бірге ойнайды.

Мен анамыздай болған ұстазыма мына өлең жолдарын арнаймын:

Сіз үлгі тұтқаным,

Мол білім — ұққаным,

Үлгілі іс —  көргенім.

Қасыңнан шықпадым,

Ер жеткенде мен де жақсы көретін ұстазым сияқты мамандығымды дұрыс таңдап, қадірлі болуға тырысамын. Әжем айтатын «Ана мейірімі мен ұстаз мейірімі егіз» деген сөз рас екен.

 

Бекзат ШЕКПЕНОВ,

№33 орта мектептің 4сынып оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

 

Болашақ

 

БИІК ШЫҢҒА ШЫҒАРДА…

 

Келер шаққа мен де үміт, сенім артамын.

Келер шақ — болашағымыз. Болашақ — ешкім сүңги алмас, сүңгіп түссе де, тұнығының сырын ешкім біле алмас терең теңіз іспетті.

Мен де болашаққа үлкен үміт артамын. Үміт-арман — ең биік шың. Мен болашақта үлкен маман иесі болғым келеді. Елімді гүлдендіру — басты арманым. Арманым — еліме кішкене болса да еңбек сіңірер жан болу.

Мен елімді сүйемін. Елім бұрынғысынан да жайнай түсу үшін іс қыламын. Ұлағатты ұстаз болғым да келеді. Қазақ тілінің сан тарихын қазақ балаларына үйреткім келеді. Қазақ әдебиетінің нағыз дара саңлақтарын жас ұрпаққа таныту да арманым.

Міне, мен келер шаққа осындай үлкен үміт, сенім артамын. Және армандарымның орындалуы жолында өзімнен көп талпыныс күтемін. Арманым орындаларына сенемін.

 

Ұлжан АЙЖАРЫҚҚЫЗЫ,

С.Оразалин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы.

Аралтоғай ауылы,

Әйтеке би ауданы.

 

Оқушының өлеңі

 

МӘПЕЛЕП ӨСІРГЕН…

 

Ана — менің тірегім,

Кеудемдегі жүрегім.

Жан анамның айтқанын

Ылғи тыңдап жүремін.

 

Әдина ӘЛІШЕВА,

№4 орта мектептің 2-сынып оқушысы.

Алға қаласы.

 

Анамды мен сыйлаймын,

Айтқан тілін тыңдаймын.

Қырдағы барлық гүлдерді

Анам үшін жинаймын.

 

Мәншүк ӘЛДЕКОВА,

Шұбарши орта мектебінің 4-сынып оқушысы.

Темір ауданы.

 

Болдың, ана, балаң үшін төзімді,

Бізге арнайсың бар ісің мен сөзіңді.

Арманыңа жеткізетін перзент боп,

Өскеннен соң биіктетем өзіңді.

 

Гүлсезім БАЙШОЛАҚОВА,

С.Оразалин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

 

Кішкентайдан мәпелеп өсірген,

Қатем болса, мейіріммен кешірген.

Сүрінгенде сүйеп алып көтерген,

Қолдан келсе қалауымды әперген.

Естен кетпес еркелеткен кездерің,

«Айналайын» деген ыстық сөздерің.

Ана, сенің орындалса тілегің,

Елжірейді менің дағы жүрегім.

Ақыл менен өмір бердің сен, Анам,

Жаныңыздың бір бөлігі — мен болам.

 

Ерхан МЫРЗАҒҰЛОВ,

№39 орта мектептің оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

 

Сөзжұмбақ

 

МЕНІҢ АУЫЛЫМ

 

   Қайық

нОта

  Су

  Ау

аРа

тАс

 Лақ

 

1. Су көлігі. 2. Музыканың «жазуы». 3. Жылт-жылт еткен, Жырадан өткен. 4. Балықшының құралы. 5. Бал жинаушы. 6. Қатты топырақ. 7. Ешкінің төлі.

 

Құрастырған Гаухар МҰРАТБЕК,

Қосарал негізгі мектебінің 2-сынып оқушысы.

Байғанин ауданы.

 

Мен салған сурет

 

ҚАР МЕН ҚОЯН

 

Суретті салған Мархабат АМАНЖОЛ,

Сапақкөл орта мектебінің 1-сынып оқушысы.

Ойыл ауданы.

 

Газетіміздің №27-28 нөмірінде (27.02.2014) жарияланған сөзжұмбақтың жауабы:

1. Астана. 2. Піл. 3. Парта. 4. Ана. 5. Қаймақ. 6. Қаз. 7. Ай. 8. Ру.

 

Бетті жүргізуші Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

  1. Қарайғанға қараймын қабанба деп
    Қамшылаймын атымды шабамба деп.
    Арсылдайды иттерім қабам ба деп
    Үйге біреу келіп қалнанба деп
    Жоламаймын жігіттерге жаман ба деп
    Сол жігіттің өзі де қабама деп.
    Етік алдым аяғыма сияма деп
    Өмір шіркін жақсысын қияма деп.
    Осымен тоқтатайын өлеңімді
    Өзбектің соңы деген тамам ба деп

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button