Спорт

Соңғы айналымның алдында

Премьер-лига

21-22 қыркүйекте өткен кезекті турдан соң «Ақтөбе» суырылып алға шықты. Ал 3-5 орындардағы командалар тұғырларын тағы да өзгертті. «Қайрат» қолға түсіп тұрған жеңістен 90-минуттан соңғы қосымша уақытта айрылып қалып, сақалды қолдан берді.

27-турда «Ақтөбе» өз алаңымызда «Астананы» қабылдады.
Алтыннан алқа тағуға әзірге ең жақын тұрған қос үміткер бұл ойыннан шеберліктерін де, шеберлік жетіспей қалған сәтте оғаш әрекеттерін де аяп қалған жоқ. Абзал Бейсебеков («Астана») алған «қызыл қағаз» бен екі команда қосыла ие болған бес «сары қағаз» — соның куәсі. Одан да өкініштісі, әуелі Роберт Примус, одан соң Александр Гейнрихті алмастыруға шыққан Сергей Гридин  ауыр жарақаттар алып, жасыл алаңды тастап шығуға мәжбүр болды.
Ал тартысты өткен кездесуде екі гол да екінші таймның үлесіне тиді. Әуелі Сергей Давыдов тастаған пасты Тимур Кападзе голға айналдырса, екі таймнан соңғы қосымша минуттардың соңғы сәтінде астаналық Марат Шахметов ілгері жібермекші допты ептілікпен қақшып түскен Марат Хайруллин бұған қоса қарсыластардың қақпашысы Ненад Эричті де қапы қалдырып, жібек торды тулатты.

Осылайша «Ақтөбе» астаналықтарды биыл үшінші рет жеңіп, олардың қақпасына Т.Кападзе үшінші добын енгізді.

 «Ақтөбе»-«Астана» — 2:0

Гол авторлары: Тимур Кападзе, 56-минут (1:0), Марат Хайруллин, 90+6 минут.

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Андрей Сидельников, Петр Бадло, Роберт Арзуманян, Роберт Примус (Асхат Тағыберген, 71-минут), Андрей Харабара, Юрий Логвиненко, Сергей Давыдов, Александр Гейнрих (Сергей Гридин, 46-минут, Санат Шалекенов, 76-минут), Абат Айымбетов, Тимур Кападзе, Марат Хайруллин.

Бұл екі команда Премьер-лига ойындарында осымен 15 рет кездесті. 6 рет «Ақтөбе» жеңіп, «Астана» 5 рет басым түсті, 4 ойын тең есептермен аяқталды. Доп айырмашылығы «Ақтөбенің» пайдасына шешіліп тұр: 18-15.

 

*    *    *

Басқа кездесулер:

«Ертіс»-«Ордабасы» 3:0
«Қайрат»-«Шахтер» — 3:3

«Восток»-«Жетісу» — 0:0

«Тараз»-«Атырау» — 1:1

«Ақжайық»-«Тобыл» — 1:3

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

1-6 ОРЫНДАР

 

Командалар        О        Ұ         Т       Ж           Д             Ұп

 

1 Ақтөбе              27       17        5       5            36-18        33 

2 Астана              27       15        5       7            45-32        30

3 Ертіс                  27       11        8       8            35-28        24

4 Шахтер             27        11       7        9            37-33        23

5 Қайрат             27          9        11      7            37-33        23

6 Ордабасы        27       10        6      11           28-29       21

 

О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

 

*   *   *

7-12 орындар үшін сайыста «Тобыл» 28 ұпаймен алда келеді.

Одан кейін орналасқандардың ұпайлар саны төмендегідей: «Атырау» — 20, «Тараз» — 17, «Восток» — 15. Қауіпті аймақта екі команда тұр: «Жетісу» — 13, «Ақжайық — 12.

 

*   *   *

Сұрмергендер:

Игорь Зенькович («Ақжайық»-9, «Шахтер»-4) — 13 доп;

Игорь Бугаев («Тобыл») — 13;

Эдин Юнузович («Жетісу»-4, «Ордабасы»-8)  — 12.

 

*   *   *

«Ақтөбе» мергендері:

Александр Гейнрих (шабуылшы) — 6 доп;

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 6;

Роберт Примус (қорғаушы) — 4;

Тимур Кападзе (жартылай қорғаушы) — 4;

Юрий Логвиненко (қорғаушы) — 3;

Сергей Гридин (шабуылшы) — 3;

Андрей Харабара (жартылай қорғаушы) — 2;

Дмитрий Мирошниченко (қорғаушы) — 2;

Петр Бадло (қорғаушы) — 2;

Антон Землянухин (жартылай қорғаушы).— 1;

Сергей Ковальчук (жартылай қорғаушы) — 1;

Роберт Арзуманян (қорғаушы) — 1;

Сергей Давыдов (шабуылшы) — 1.

 

*   *   *

Екінші кезеңнің екінші айналымының алғашқы ойынын «Ақтөбе» 29 қыркүйек, жексенбі күні сырт алаңда өткізеді, Алматыда «Қайратпен» кездеседі.

Бұған дейінгі үш кездесуде «Қайратты» бір рет ұтып (2:0), бір рет ұтылып (0:1), бір рет тең түстік (1:1).

Қалған кездесулер:

«Ертіс» — «Шахтер»

«Ордабасы» — «Астана»

«Тараз» — «Жетісу»

«Восток» — «Ақжайық»

«Атырау» — «Тобыл»

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button