Әлеумет

Қымбатты ақтөбеліктер, жерлестер!

Тәуелсіз еліміздің символы – Астана Күні ізгілікке, баянды игілікке ұмтылған барша жұртшылыққа құтты болсын!

Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы егемен еліміздің еңселі тарихына енгізген жаңа Астана бастамасымен қазақстандық жаңа қоғам идеясын туғызды. Сол арқылы, ғасырлар бойы азаттық пен тәуелсіздікті мұрат етіп аңсаған Қазақ Елі тарихи өлшеммен қарағанда өте қысқа мерзімде салтанатты, экономикалық-әлеуметтік және саяси-мәдени жағынан қуатты мемлекет болып қалыптасты.

Арқа төсінде орын тепкен, әлемнің майталман сәулетшілері «ғасыр жауһары» атаған бас қаламыз – Астана Дүние жүзіндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық, өркениетті келісім ордасы және үлгісіне айналды. Елорда еліміздің геосаяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына жаңа бетбұрыстар әкелді, еліміздің еңсесін, халқымыздың рухын көтерді.

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан барлық қазақстандықтар Астанасының айшықтары, сәулетті ғимараттарындағы Елбасы қолтаңбасы біздің өңірде де көрініс тауып, ажарландыруда. Егемен еліміздің түкпір-түкпіріне Елорда шапағаты тарай берсін!

Мереке құтты болсын!

Облыс әкімі                             Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button