Спорт

…Жеткізбедік!

Премьер-лига

 24-25 тамыз күндері өткен тур турнир кестесіне онша көп жаңалық енгізе алмады. Алғашқы алтылықтағы «Ертіс» «Ордабасыдан» бір саты ілгерілесе, екінші топтағы «Тараз» «Жетісуды» кейін сырғытты.

Ең бастысы, «Астана» да, «Шахтер» де «Ақтөбені» қуып жете алмады.

Енді ретімен баяндайық.

24-турда «Ақтөбе» «Қайратты» қабылдады.

Ойын екіжақты сақтықпен басталғанымен, алаң иелері тым ұзатпай тізгінді қолға ала бастады. 21-минутта Александр Гейнрих ұтымды комбинациялардан соң аяғына іліге кеткен допты қарсыластар қақпасына көз ілестірместен топ еткізді. Рас, біздің футболшыларымыздың  бірінші таймда бұған дейін де (Алдан Балтаев), бұдан кейін де (Сергей Давыдов) есепті ұлғайтарлық мүмкіндіктері болған еді. Ал екінші тайм «Ақтөбенің» басымдылығымен өтті. Сондай сәттердің бірінде, 77-минутта айып алаңына іргелес тұстан айып добы белгіленді. Оны дәстүр бойынша Марат Хайруллин орындауы керек еді, бірақ күтпеген жерден Тимур Кападзе шалт соққы жасады да, доп қақпа тоғыздығына дәл түсті. Осы голдан соң ойын тағдыры біржола шешілгені де мәлім болғандай еді. Себебі бұл кездесуге «Қайраттың» Самат Смақов, Олег Недашковский, Даниэль Аддо, Любомир Михаилик тәрізді сайыпқырандары қатыса алмаған болатын.

«Ақтөбе»-«Қайрат» — 2:0

Гол авторлары: Александр Гейнрих, 21-минут (1:0), Тимур Кападза, 77-минут (2:0).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Андрей Сидельников, Петр Бадло, Алексей Мулдаров, Сергей Давыдов (Сергей Лисенков, 66-минут), Марат Хайруллин (Андрей Харабара, 85-минут), Роберт Примус, Юрий Логвиненко, Александр Гейнрих (Сергей Ковальчук, 68-минут), Тимур Кападзе, Алдан Балтаев, Абат Айымбетов.

«Ақтөбе» командасында 38-минутта Алексей Мулдаров ескерту қағазын алды.

«Қайрат» командасының 3 футболшысына ескерту қағазы көрсетілді.

Бұл екі команда осымен 39 рет кездесті. 19 рет «Ақтөбе» жеңіп, «Қайрат» 13 рет басым болды, 7 ойын тең есептермен аяқталды. Доп айырмашылығы: 51-50.

 

*    *    *

Басқа кездесулер:

«Астана»-«Ордабасы» 3:1
Гол авторлары: Эдин Юнузович, 27-минут (1:0); Дамир Кояшевич, пенальти, 50-минут, (1:1); Фокси Кетевоама, 65-минут (2:1); Фокси Кетевоама, 72-минут (3:1).

«Шахтер»-«Ертіс» — 1:1

Гол авторлары: Евгений Тарасов, 33-минут (1:0); Қуаныш Бегалин, 37-минут (1:1).

«Жетісу»-«Тараз» — 0:2

Гол авторлары: Эрсин Мехмедович, 2-минут (0:1); Сергей Скорых, 15-минут, (0:2).

«Тобыл»-«Атырау» — 3:1

Гол авторлары: Нұрбол Жұмасқалиев, 15-минут (1:0); Менсур Куртиши, 25-минут (2:0); Огнен Красич, 45-минут (3:0); Айбар Нұрыбеков, 80-минут (3:1).

«Ақжайық»-«Восток» — 2:2

Гол авторлары: Павел Черны, 25-минут (1:0); Вячеслав Эрбес, 45+1 минут (1:1); Сергей Костюк, 58-минут (1:2); Саджо Хаман, 65-минут (2:2).

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

1-6 ОРЫНДАР

 

Командалар    О     Ұ       Т      Ж     Д         Ұп

 

1 Ақтөбе         24      15     5      4     33-14     27 

2 Астана         24      13     5       6     39-27    24

3 Шахтер        24       11    6       7     34-25    22

4 Қайрат           24       8      10     6     31-27    19

5 Ертіс              24       9      8       7     26-24    18

6 Ордабасы    24       9      6       9      23-24    18

 

*   *   *

7-12 орындар үшін сайыста «Тобыл» 19 ұпаймен алда келеді.

Одан кейін орналасқандардың ұпайлар саны төмендегідей: «Атырау» — 15, «Восток» — 14, «Тараз» — 13. Қауіпті аймақта екі команда тұр: «Жетісу» — 11, «Ақжайық — 9.

 

*   *   *

24-турдың ерекшеліктері:

Біріншіден, бұл турда 18 гол соғылды. Орта есеппен әр кездесуде қақпаға 3 доп енді. Он бір метрлік 1 айып добы сәтті орындалды. Алаң иелері 3 кездесуде жеңіп, қонақтар 1 кездесуде ұтты, 2 ойын тең есеппен аяқталды. Кездесулер барысында 3:1, 2:0 есептері екі реттен қайталанды. Ірі есеп нәтижесі тіркелген жоқ.

Екіншіден, кездесулер барысында 28 ескерту қағазы көрсетілді (алаң иелері — 12, қонақтар — 16). Бұл турдағы ең тәртіпсіз команда — «Ордабасы», футболшылары 6 рет ескерту қағазына ие болды. Бұл турда бір ойында екінші рет ескерту қағазын алғаны үшін Предраг Говедарица («Ертіс», 89-минут) жасыл алаңнан қуылды.

Үшіншіден, бұл турда ең көп жанкүйер жинаған — Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе»-«Қайрат» кездесуін 10 000 жанкүйер тамашалады. Басқа қалалар былай жіктеледі: Қарағанды — 6500, Орал — 3000, Қостанай — 3000, Астана — 2200, Талдықорған — 1000. Чемпионат басталғалы ең көп жанкүйер жинаған кездесу Ақтөбеде өтті. «Ақтөбе»-«Астана» ойынына 12 000 жанкүйер жиналды.

Төртіншіден, «Ақтөбе» өз алаңында осымен 12 ойын өткізді. 9 ойында жеңіп, 2 рет тең ойнады, 1 рет ұтылды. Ал сырт алаңда 12 кездесу өткізіп, 6 рет ұтты, 3 рет тең ойнады, 3 рет жеңілді. Бір кездесуде 2 голдан соққан ақтөбеліктер: Александр Гейнрих (екі рет қайталады), Тимур Кападзе, Роберт Примус.

 

*   *   *

Сұрмергендер:

Игорь Зенькович («Ақжайық»-9, «Шахтер»-3) — 12 доп;

Эдин Юнузович («Жетісу»-4, «Ордабасы»-7)  — 11;

Игорь Бугаев («Тобыл») — 8;

Момоду Сиссей («Қайрат») — 7.

 

*   *   *

«Ақтөбе» мергендері:

Александр Гейнрих (шабуылшы) — 6 доп;

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 5;

Роберт Примус (қорғаушы) — 4;

Юрий Логвиненко (қорғаушы) — 3;

Тимур Кападзе (жартылай қорғаушы) — 3;

Андрей Харабара (жартылай қорғаушы) — 2;

Дмитрий Мирошниченко (қорғаушы) — 2;

Петр Бадло (қорғаушы) — 2;

Сергей Гридин (шабуылшы) — 2;

Антон Землянухин (жартылай қорғаушы).— 1;

Сергей Ковальчук (жартылай қорғаушы) — 1;

Роберт Арзуманян (қорғаушы) — 1;

Сергей Давыдов (шабуылшы) — 1.

 

*   *   *

Еуропа кубогы ойындарына байланысты келесі турдың кездесулері 30 тамыз, 1 қыркүйек күндері екіге бөлініп өткізілуі мүмкін.

«Ақтөбе» Павлодарда «Ертіс» командасымен кездеседі.

Бірінші кезеңде бұл командамен сырт алаңда тең ойнап (0:0), өз алаңымызда 3:0 есебімен (Роберт Арзуманян, Юрий Логвиненко, Роберт Примус) жеңіске жеткен болатынбыз.

Қалған кездесулер:

«Қайрат» — «Астана»

«Ордабасы» — «Шахтер»

«Атырау» — «Жетісу»

«Восток» — «Тобыл»

«Тараз» — «Ақжайық»

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button