Спорт

Оқ бойы оза алмадық…

 

Премьер-Лига

 Екінші кезеңнің бірінші айналымының алғашқы ойынын «Ақтөбе» Шымкентте өткізді.

Бұл ойынды 4 мың көрерменмен бірге Киев қаласынан келген қонақ, «Динамо» командасының бас бапкері, әйгілі Олег Блохиннің көмекшісі Сергей Ребров та тамашалады. Әрине, операторымен бірге келген С.Ребровтың бейсенбі күні Еуропа Лигасының төртінші кезеңіндегі тартыстың алғашқы ойынында кездесетін қазақстандық команданың — «Ақтөбенің» құпияларын зерттеуге келгені анық еді. Төтенше қонақтың қандай ой түйгенін кім білсін, «Ақтөбе» «Ордабасыдан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ордабасылық Эдин Юнузович соққан екі голға (68,80-минуттар) ақтөбелік Роберт Примус бір доппен ғана (79-минут) жауап қайтарды.

«Ақтөбе» өрнексіз ойнады деуге келмес, мысалы, Александр Гейнрихтің бір өзі екі голдың авторы боларлық мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Юрий Логвиненконың соққысын қақпашы әзер қайтарып үлгерді. Евгений Дяденко қапы қалды…

Қалай болғанда да, «Ақтөбе» бұл турда сәтсіздікке ұшыраған «Астанадан» оқ бойы озып кетудің орнына, жеңіске жеткен «Шахтерді» тіпті жақындатып алды.

 

*   *   *

23-турдың қалған ойындарының есептері:

«Астана»-«Шахтер» — 1:2;

«Қайрат»-«Ертіс» — 3:1;

«Тобыл»-«Жетісу — 2:0;

«Атырау»-«Ақжайық — 2:2;

«Восток»-«Тараз» — 1:1.

 

*   *   *

Алғашқы алтылықтағы командалар арасында 23-турдан соң 24 ұпаймен бұрынғыша «Ақтөбе» көш бастап тұр.

Екінші, үшінші орындардағы «Астана» мен «Шахтердің ұпайлары бірдей — 21.

Қалған үш команданың қоржындарындағы ұпайлар:

«Қайрат» — 19;

«Ордабасы» — 18;

«Ертіс» — 17.

Ал 7-12 орындар үшін таласқа түскен командалардың ұпайлары төмендегідей:

«Тобыл» — 16;

«Атырау» — 15;

«Восток» — 13;

«Жетісу» — 11;

«Тараз» — 10;

«Ақжайық» — 8.

Ал бүгін қазақстандық командалар арасында алғаш рет Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шыққан «Ақтөбе» өз алаңымызда  Киевтің «Динамо» командасын қабылдайды. Жігіттерімізге сәттілік тілейміз.

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button