Экономика

Жылдың жартысы қалай өтті?

 

Статистика

 Облысымыздың 2013 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда облыстың экономикалық жағдайы 2012 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің, негізгі капиталға салынған инвестицияның, құрылыс жұмыстарының, көлікпен жүк тасымалдауларының, бөлшек сауда айналымының,  байланыс қызметінің өсуімен айқындалып отыр. Халықтың орташа бір жан басына шаққандағы табыстары мен еңбек ақы көлемі өсті.

 

Өнеркәсіптегі өсімдер

 

Облыстың өнеркәсіп өндірісінде ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімі көлемі 662,7 млрд. теңге, өнімнің нақты көлем индексі 106,9 пайызды құрады. 

Оң серпін өнеркәсіптің мына салаларында көрініс тапты:

кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу — 108,2 пайыз;

өңдеу өнеркәсібі — 108,2 пайыз;

электрмен қамтамасыз ету, газ, бу жіберу және ауаны баптау саласы —102,0 пайыз.

Ал сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 16,6 пайызға құлдырау бақыланды.

Облыстың нақты көлем индексі республикалық көрсеткіштерден 5,1 пайыздық пунктке жоғары.

Өнеркәсіп өнімі түрлерінің өсімі былай сипатталады:

ілеспелі мұнай газы — 4,4 пайыз;

мыс рудалары — 10,1 пайыз;  

мыс концентраттары — 2,7 пайыз;

хром концентраттары — 10,6 пайыз;

хром тұздары — 10,3 пайыз;

ет — 20,8 пайыз;

шұжық өнімдері — 48,5 пайыз;

басқа әдіспен дайындалған және консервіленген балық — 2,4 есе; 

сүт — 13,8 пайыз; 

басқа сүт өнімдері — 2,8 есе;

нан — 15,4 пайыз; 

макарон өнімдері — 2,6 есе;

силикат және қоқыстан жасалған кірпіш — 68,6 пайыз;

бетон — 30,8 пайыз;

бетоннан жасалған құрылыс құрамалары — 25,2 пайыз;

электр энергиясы – 3,6 пайыз.

 

Ауыл шаруашылығы

 

2013 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 38,5 млрд. теңге  құрап,  2012 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 4,1 пайызға кеміді.

Биылғы жылғы 1 шілдеге облыстың барлық санаттарында жедел мәліметтер бойынша 437,1 мың мүйізді ірі қара мал, 1298,7 мың қой мен ешкі, 51,1 мың шошқа, 87,4 мың жылқы, 1388,8 мың құс болды. Барлық мал басының кемігені белгіленді, оның ішінде мүйізді ірі қара мал — 22,8 пайыз, қой мен ешкі — 16,4 пайыз, шошқа — 66,8 пайыз, жылқы — 5,5 пайыз, құс — 15,2 пайыз.

Шаруашылықтың барлық санаттарындағы өнімнің негізгі түрлерінің өндірісін төмендегі мәліметтер сипаттап отыр:

·   барлық өткізілген мал басы мен құстардың тірілей салмағы 54 мың тонна немесе
өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,1 пайыз;

·   сүттің жаппай сауылымы 150,9 мың тонна құрады (90,5 пайыз);

·   алынған  тауық  жұмыртқаларының саны 86,5 млн. дана (92,6 пайыз);

 
473 жаңа ғимарат

 

2013 жылғы қаңтар-маусымда меншіктің барлық түрлеріндегі  кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға   167,3 млрд. теңге игерді, 2012 жылғы қаңтар-маусымға нақты көлем индексі  100,3 пайыз  құрады.

«Құрылыс» қызмет түрі бойынша орындалған жұмыс көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 55,8 млрд. теңге құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-маусым деңгейімен салыстырғанда 104,1 пайыз болды.

Ағымдағы жылы алты айда енгізілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 172,1 мың шаршы метр, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусымның деңгейімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрап отыр. Халықтың жеке қаржысымен 51,7 мың шаршы метр салынды, бұл — жалпы пайдалануға берілген көлемнің 30 пайызы. Алайда, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық қаржысымен қоса есептегендегі пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 39,8 пайызға төмендеді.

2013 жылғы қаңтар-маусымда 473 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оларды жіктеп көрсетсек, 445 тұрғын үй және 28 тұрғын үй емес бағыттағылар.

 

Көлік және байланыс

 

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында облыстың автомобиль көлігімен 27,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда  7,5 пайызға жоғары, жүк айналымы 10,9 пайызға өсті.

Жолаушылар айналымы тұрақты өсімге бет бұрды, бұл автомобиль көлігіндегі жолаушылар ағымының өсуіне байланысты болып отыр. 2013 жылғы қаңтар-маусымда облыстың жолаушылар көлігі  айналымы 13,2 пайызға өсті, оның ішінде автобустармен тасымалдау  — 13 пайызға, таксимен тасымалдау — 14,5 пайызға ұлғайды. 116,6  млн.адам тасымалданды, бұл  — 2012 жылғы қаңтар-маусыммен  салыстырғанда 9,3 пайызға көп.

2013 жылғы қаңтар-маусымда байланыс қызметтерінен түскен табыстар 6,9 пайыз, оның ішінде халыққа  көрсетілген қызметтен түскен табыс 1 пайыз құрады.  Интернет қызметтері 20,5 пайызға қымбаттаса, жергілікті телефон байланысы 3 пайызға арзандады. Байланыс қызметінің жалпы көлеміндегі үлес салмағын құрап отырған Интернет — 29,6 пайыз  және жергілікті телефон байланысы — 27,9 пайыз.

 

Тұтыну нарығы

 

2013 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек сауда айналымының көлемі 11,8 пайыздан асып кетті және шамамен 160 млрд. теңге құрады. Сауда жасайтын ұйымдар арқылы бөлшек сауданың жалпы айналымынан 44,3 пайызға тауарлар өткізілді.

Азық-түлік тауарлар үлесі бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінде 44,1 пайыз, азық-түлік емес тауарлар 55,9 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1 пайызға кеміді, азық-түлік емес тауарлар 1 пайызға өсті.

Биылғы жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда айналымы 154,7 млрд.теңгені құрады, бұл — өткен жылғы  тиісті кезең деңгейінмен салыстырғанда 124,4 пайыз. Шағын кәсіпорындар көтерме сауда айналымының шамамен 86 пайызын  қалыптастырды.

Есепті кезеңде тамақ және сусын өнімдерін ұсыну бойынша қызметтер көлемі 3842,7 млн.теңгені құрады және 2012 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 3,1 пайызға  төмендеді.

 

Табыс пен жалақы

 

2013 жылғы мамырда халықтың атаулы қаржылай  табыстары 56 120 теңге құрады, бұл — 2012 жылғы мамырмен  салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары, аталмыш кезеңде нақты қаржылық табыстар 1,2 пайызға төмендеді.

2013 жылғы маусымда  облыс халқының орташа бір жанға шаққандағы атаулы қаржылық табыстары  97 330 теңге құрады және  2012 жылғы  маусыммен салыстырғанда 4,8 пайызға өсті. Тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі ескеріле отырып есептелген нақты жалақы мөлшері 98,6 пайызды құрады.

2013 жылғы маусымда облыс бойынша (әдеттегідей) орташадан жоғары  белгіленген жалақы төмендегідей:

·                    кен өндіру өнеркәсібі138206 теңге;

·                    кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 136551 теңге;

·                    көлік  және қоймалау 128026 теңге;

·                    қаржы және сақтандыру қызметі — 120 377 теңге;

·                    ақпарат және байланыс117277 теңге;

·                    өнеркәсіп — 114960 теңге.

Ең төменгі жалақы бұрынғысынша төмендегі қызмет түрлерінде сақталып отыр:

·                    ауыл шаруашылығы 48788  теңге;

·                    білім 77582   теңге.

Ең жоғарғы жалақы (кен өндіру қызметі) ең төменгі жалақыдан (ауыл шаруашылығы) 2,8 есе жоғары.

 

Бағалар

 

Облыстың тұтынушылық нарығында инфляция деңгейі ағымдағы жылғы маусымда 2012 жылғы желтоқсан деңгейімен салыстырғанда 102,9 пайызды құрады (2012 жылғы маусымда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,4 пайыз болған еді).

Азық-түлік тауарларына бағалар өсімі азық-түлік емес тауарларға қарағанда төмен: 100,9 пайызға қарсы 100,8 пайыз, қызметтерге тарифтер индексі 107,6 пайыз  құрады.

Азық-түлік тауарлары ішінде ең жоғары баға  көкөністерге — (11 пайыз), алкоголь сусындарына (2,1 пайыз), сүт өнімдеріне (1,9 пайыз), жемістерге (1,7 пайыз), балық және теңіз өнімдеріне (1,6 пайыз) белгіленіп отыр, сонымен қатар баға  жұмыртқаға (28,6 пайызға), қантқа  (1 пайызға ) төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлардың ішінен құрылыс материалдарына (2,2 пайыз), дәрі-дәрмектерге (2 пайыз), тұрмыстық приборларға (1,8 пайыз), киімге (1,4 пайыз) қымбаттады.

Ақылы қызметтер саласында байланыс қызметтері — 3,8 пайызға, көлік қызметі —  3,1 пайызға, қонақ үйлер — 2,6 пайызға, денсаулық сақтау қызметі — 1,6 пайызға елеулі  түрде қымбаттады.

Халыққа  көрсетілетін тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық ұйымдарының қызметтері облыс бойынша орташа есеппен — 11,2 пайызға, оның ішінде салқын су — 89,5 пайызға, орталық жылу — 12,9 пайызға, ыссы су — 11,9 пайызға, электр энергиясы — 4,3 пайызға, тұрғын үйді күтіп ұстау — 2,6 пайызға қымбаттады.

 

Еңбек нарығы

 

Жалдамалы қызметкерлер саны 2013 жылғы маусымда 201,4 мың адамды құрады, бұл — 2012 жылғы маусым айымен салыстырғанда 2,8 пайызға көп, олардың ішінен ірі және орта кәсіпорындарда еңбек ететіндер 174,7 мың адам және 2,8 пайызға жоғары.

ХЕҰ әдіснамасы бойынша 2013 жылғы бірінші тоқсанда жұмыссыздар саны 21,5 мың адамды құрады. Өткен жылға қарағанда жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 5 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту органдарында ресми тіркелгендер саны 2013 жылғы маусымда 1073 жұмыссыздарды құрады, бұл 2012 жылғы  маусымға қарағанда 12 адамға аз. Облыс бойынша тіркелген жұмыссыздар үлесі ағымдағы жылғы маусым айының аяғына экономикалық белсенді халық санының 0,2 пайызын құрады (2012 жылғы маусымда 0,3 пайыз болған еді).

 

Көбейіп келеміз

 

Ағымдағы жылғы 1 маусымға облыстағы халық саны 800,2 мың адам құрады және жыл басынан бері  4359  адамға өсті.

Биылғы жылғы бес айда облыста тіркелген дүниеге келгендер саны — 7537, ал қайтыс болғандар саны — 2443. Табиғи өсім 5094 адамды құрады.

2012 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда туғандар саны 279 сәбиге өсті, өлгендер саны 51 адамға кеміді.

Облыстың әрбір 1000 тұрғынына шаққанда 22,74 туғандар мен 7,37 өлімнен келіп тұр (2012 жылғы қаңтар-мамырда тиісінше 22,09 және 7,59 промиле).

Жалпы туу деңгейі өлім деңгейінен 3 есе жоғары.

Жыл басынан бері  облыс бойынша тіркелген  некелер саны (2808) өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 67-ге төмендеді, ажырасулар саны (1013) 139-ға өсті. Осы кезеңде тіркелген 100 некеге 36 ажырасудан келіп тұр.

Облыстағы  демографиялық жағдайға миграциялық процестер ықпал жасады. 2013 жылғы қаңтар-мамырда облысқа келгендер саны — 2790, кеткендер саны — 3525 адам. 

Ағымдағы жылғы бес айдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден біздің облысқа келгендер саны — 343 адам (2012 жылғы қаңтар-мамырда — 272 адам), облыстан кеткендер саны — 195 адам (2012 жылғы қаңтар-мамырда — 246 адам).

 

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button