Спорт

Екі айдан кейінгі екінші жеңіліс

 

Премьер-лига

 19-турда «Ақтөбе» Қостанайда «Тобылмен» кездесті.

Қостанайлықтардың Еуропа Лигасының екінші кезеңіне екі жеңіспен шыққан, екі аптада осымен төртінші рет додаға түсіп отырған ақтөбеліктерден тың екені рас-ты. Оның үстіне бұл ойынға түрлі себептермен Петр Бадло, Александр Гейнрих, Роберт Арзуманян қатыса алмады.

Кездесу тағдырын «Тобылдың» сұрмергені Игорь Бугаев соққан, біздің футболшымыздың ойын тәртібін бұзғаны күдік туғызатын он бір метрлік айып добы шешіп кетті.

Дегенмен біздің Сергей Гридиннің немесе Асхат Тағыбергеннің соққылары нысананы дөп басқанда қорытынды есеп басқаша болуы да мүмкін еді. Әйтпесе Андрей Сидельниковтің шеберлігі болмағанда қақпамызға басқа да голдар еніп кетер ме еді. Қалай болғанда да екі таймдық ойын уақытының 51 пайызында допқа иелік еткен жерлестеріміздің екі айдан бергі, қатарынан сегіз турға жалғасқан ұтылыссыз ойындардан кейінгі бұл жеңілісіне түсіністікпен қараған да жөн шығар. Оның үстіне қазір қостанайлықтар бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа ілігу үшін жанкешті шабуылдан басқа жол қалмағанын мықтап сезініп-ақ жүр.

«Тобыл»-«Ақтөбе» — 1:0

 

*    *    *

Басқа кездесулер:

«Ордабасы»-«Восток» 4:1
«Қайрат»-«Шахтер» — 1:1

«Атырау»-«Жетісу» — 1:1

«Астана»-«Ақжайық» — 3:1

«Тараз»-«Ертіс» — 0:1


ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

Командалар           О         Ұ          Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Ақтөбе          19   13       4          2          28-10  43 

2 Астана          19   11       4          4          32-21  37

3 Ордабасы           19       8          6          5          20-14  30

4 Шахтер           19   8          4          7          24-23  28

5 Ертіс           19       7          7          5          19-17  28

6 Қайрат        19       6          8          5          24-21  26

7 Тобыл         19       6          5          8          26-23  23

8 Жетісу*       19       4          10       5          18-21  19

9 Восток        19       4          6          9          11-24  18

10 Атырау        19   4          6          9          12-26  18

11 Тараз       19       4          4          11       17-25  16

12 Ақжайық*          19       4          6          9          24-30  12

 

(О — ойын; Ұ — ұтыс; Т — тең; Ж — жеңіліс; Д — доп айырмашылығы; Ұп — ұпай).

*Ойыншылар мен бапкерлердің жалақысын кешіктіргені үшін «Ақжайықтан» — 6 ұпай, «Жетісудан» 3 ұпай шегерілгенін еске саламыз.  

 

*   *   *

19-турдың ерекшеліктері:

Біріншіден, бұл турда 15 гол соғылды. Қақпаларға 14 сәуірде (5-тур), 22 мамырда (12-тур), 6 шілдеде (18-тур) дәл осылай 15 голдан соғылған болатын. Орта есеппен әр кездесуде қақпаға 2,5 доп енді.

Екіншіден, осымен қатарынан үш тур бойы алаң иелері 3 кездесуде жеңіп, қонақтар 1 кездесуде ғана ұтты, 2 ойын тең есеппен аяқталды. Чемпионат басталғалы 1:0 есебі жиырма жетінші рет, 1:1 есебі он төртінші рет, 3:1 есебі жетінші рет, 4:1 есебі төртінші рет қайталанды.

Үшіншіден, кездесулер барысында 31 ескерту қағазы көрсетілді (алаң иелері — 13, қонақтар — 19). Екі футболшы (Шерхан Бауыржан,«Тараз»; Бақдәулет Қожабаев,«Ертіс») жасыл алаңнан қуылды.

Төртіншіден, бұл турда ең көп жанкүйер жинаған — Алматы қаласы, «Қайрат»-«Шахтер» кездесуін 7500 жанкүйер тамашалады. Басқа қалалар былай жіктеледі: Қостанай — 7000, Тараз — 4200, Атырау — 3000, Шымкент — 3000, Астана — 2000.

Бесіншіден, чемпионат басталғалы 114 кездесуде 55 рет алаң иелері жеңіп, 35 кездесу тең есеппен аяқталды, 24 кездесуде қонақтардың бағы жанды. Барлығы 255 гол соғылып, әр кездесуде қақпаға орта есеппен 2,23 доп енді. Алаң иелері — 158, қонақтар 97 гол соқты.

Алтыншыдан, «Ақтөбе» сырт алаңда осымен 10 кездесу өткізіп, 5 рет ұтты, 3 рет тең ойнады, 2 рет жеңілді. 9-5 доп айырмашылығымен 18 ұпай жинады.

 

*   *   *

Келесі 20-тур Еуропа кубогы ойындарының 2-ші іріктеу кезеңі кездесулеріне байланысты екі күнге бөлініп өткізілуге тиіс.

21 шілдеде, жексенбі күні «Ақтөбе» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды.

Бұл командадан бірінші айналымда, 11 мамыр күнгі 10-турда Алматыда 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатынбыз. 47-минутта Олег Недашковский гол соғып кеткен.

Қалған кездесулер:

20 шілде, сенбі

«Шахтер» — «Ордабасы»

«Жетісу» — «Тараз»

«Ақжайық» — «Восток»

21 шілде, жексенбі

«Астана» — «Атырау»

«Ертіс» — «Тобыл»

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button