Спорт

Азияда — бірінші

Жуырда Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында  жабық ғимараттағы спорт түрлері мен жауынгерлік жекпе-жек түрлерінен Азия ойындары өтті.  Бұл жарыста ақтөбелік жүзуші Александр Тарабрин бір алтын және екі қола медаль алды.

Александр Тарабрин 100 метрге шалқалай жүзуде алдына жан салмады. Ол 50,75 секунд көрсеткішпен жабық ғимараттағы спорт түрлері мен жекпе-жек түрлерінен Азия ойындары рекордын жаңартты.

Сондай-ақ, Александр 50 метрлік қашықтыққа жүзуден және 4х100 метр қашықтықта командалық жарыста қола иемденді.

Азия ойындарының чемпионы бүгінгі күні ұлттық құрамамен Түркияда жүр. Мұнда ол алдағы тамыз айында Испанияның Барселона қаласында өтетін әлем чемпионатына әзірлік жасап жатыр.

 А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button