Әлеумет

Баспана да бір бақыт

Соңғы жылдары Елбасы жас мамандарды ауылда еңбек етуге шақырып, жағдай жасалатынын айтқан болатын. Мен өткен жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының физика-информатика факультетін бітіріп, Шалқар ауданының Қотыртас стансасындағы Ақтоғай орта мектебіне мұғалім болып бардым. Жас маман ретінде көтерме ақы алған едім, енді тұрғын үйге қол жеткіздім. Осылайша мемлекет тарапынан қамқорлық көріп отырғанымды мақтан етемін. Үй кең де жарық. Анаммен бірге тұрамын.

Өз тарпымнан құрбы-құрдастарымды еліміздің болашағы – жастарға артқан ел сенімін ақтап, мемлекетіміздің гүлденуі үшін еңбек етуге шақырамын. Сонымен қатар, жас кадрларға қамқорлық жасап отырған облыс әкімі Елеусін Сағындықовқа, Шалқар ауданының әкімі Рахат Сыдықовқа, аудандық білім бөлімінің бастығы Қуаныш Табаналыға зор алғысымды «Ақтөбе» газеті арқылы жеткізгім келеді.

Жайнагүл Жиеналина,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button