Денсаулық

2271 Адамның «өмір салты»

Облыстық әкімдікте Халықаралық нашақорлыққа және заңсыз есірткіге қарсы күрес күніне орай «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсет Қалиев жастарды есірткіден аулақ болуға шақырып, қатысушыларға тақырыпты бастап берді.

Баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық наркология диспансерінің бас дәрігері Аққали Оразаевтың айтуынша, қазіргі таңда облыста 2 271 адам есепте тұрса, оның 149-ы — әйелдер. Тұтынушылардың дені — жасы 18-ден асқан азаматтар. Оның ішінде апиын тобы бойынша 1200-ден аса адам тіркелді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Дәмеш Қайдарова өз кезегінде жас ұрпақтың зиянды заттардан аулақ болуы үшін оларды туғаннан бастап дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын ұстануға әдеттендіру керектігін айтты.

Облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Лаура Забихова басқарма бес айдың ішінде есірткіге қарсы 70 қылмыстық істі анықтағанын, оның 35-і есірткі сатуға қатысты екенін, заңсыз айналымнан 9 келі есірткі заты тәркіленгенін әңгімеледі.

— Басқарма облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, наркологиялық диспансер және  қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп түрлі шаралар өткізеді. Жастарды есірткіден аулақ болуға шақырады. Осындай алдын алу шараларының нәтижесі болар, жасөспірімдер арасында есірткіге қатысты қылмыстық іс тіркелген жоқ, —  деді Лаура Забихова.

«Иматон» психотерапия орталығының жетекші маманы Диляра Темірбаева тұтынушының есірткіге тәуелділігі жөнінде айтып берді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button