Денсаулық

Елуден ассаңыз, тексеріліңіз!

Негізі, әр адам жылына бір рет денсаулығын тексеруден өткізіп тұрғаны жөн.

Өйткені ауру алғашында біліне қоймайды. Егер ауру ерте анықталса, айығып кетуге 80 пайыз­ мүмкіндік бар. Жасы 30-дан асқан әрбір адам тік ішегін, 40-тан асқан ер адамдар жылына бір рет қуық асты және қалқанша безін, өңешін, асқазанын, 35-тен асқан әйелдер бес жылда бір рет жатыр мойнының ісігін, 50-ден асқан әйелдер екі жылда бір рет сүт безін міндетті түрде тексертіп тұруы керек. Ауруды ерте анықтап, сапалы ем жүргізсе, тез сауығып кетеді. Дәрігерлердің айтуынша, пайда болғаны бірден білінбейтін кеселдің кесірінен көптеген әйелдер ауруын асқындырып алады. Сондықтан әйелдер, мүмкін болса, сүт бездерін айына бір рет қаратып тұрғаны жөн.

Елімізде сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны азаяр емес. Отандық онкологтар мен маммологтар қатерлі дертпен күресіп-ақ келеді. Мәселен, соңғы жылдары барлық емханаларда скринингтік тексерулер жүргізіледі. Біздің Ойыл ауданында да сүт безінің қатерлі ісігінің алдын алу үшін бірқатар шаралар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, осы жылдың қазан айына дейін 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас арасындағы әйелдер скрининг бойынша маммографияға тегін түседі. Бұл топқа кірмейтіндер ақылы тексеріле алады. Яғни елуден ассаңыз, тексеріліңіз!

 Гүлсім ҚАПАШЕВА,

Ойыл аудандық орталық аурухана емханасының медбикесі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button