Білім

Қызықты мекен

Оқушылардың жыл бойғы бос уақытының көп бөлігі — жазғы демалыс. Алайда баланың жазғы демалысын толыққанды әрі тиімді ұйымдастыру кейде назардан тыс қалып қоятын жағдайлар да болады. Жазғы демалысы  оқушылардың жыл бойы жұмсалған күш-қуатын, денсаулығын нығайтатын және шығармашылық қабілеттерін дамытатын кезең болғандықтан, осы мезгілде лагерьлердің рөлі зор.

Биыл Ақтөбе қаласындағы №15 орта мектепте бюджет есебінен 3 маусым мен 1 шілде аралығында 1-4 сынып оқушылары үшін «Балдәурен» лагері ұйымдастырылды. Негізінен аз қамтылған, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына маңыз берілді. Мұнда екі маусым бойы 50 оқушы демалды. Балалар төрт мезгіл тамақтанды.

Лагерьде «Мен және менің отбасым», «Жас суретшілер», «Жайдарман», «Лагерь ханшайымы», «Лагерь ханзадасы» секілді түрлі байқаулар өтті. Бәріне де балалар қызыға белсенді қатысты. Сондай-ақ балалар планетарийге, кинотеатрларға, мұражайларға саяхат жасады. Әр күн сайын спорттық ойындар өткізіліп, балалар бассейнде шомылды.

Жазда балалар үшін таптырмас қызықты мекен болғандықтан ата-аналар тарапынан лагерьге деген сұраныс көбейіп келеді.

Айнұр ЖОЛАЕВА,

тәлімгер.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button