Құқық

Шалқарда атыс болды

Шалқар ауданында жастар арасында атыс болды. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіттерден құралған екі топ мектеп ауласында кездескен. Арасындағы кикілжіңдерді реттеуге жиналған олар ортақ бір шешімге келе алмаған болуы керек, 18 жастағы жігіт 19 жастағы үш жігітті атқан. Тексере келе, әлгі бұзақының шолақ аңшы мылтығымен атқаны белгілі болды. Олар 16 калибрлі шолақ аңшы мылтығын балабақша ауласына жасырып қойған болып шықты. Бұған қоса жараланған жігіттердің бірінің үйінің ауласынан тегіс оқпанды мылтық табылды.

Мылтық оқтарының қабы, контейнерлер мен 2 ұялы телефон да тәркіленді.

Үш жігітті жарақаттады деген күдікпен ұсталған адам өз кінәсін толық мойындаған.

Бұл іске қатысты қозғалған қылмыстық іске байланысты күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір ол уақытша тергеу изоляторында.

 М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. қандай қанішер болып кеткен қазіргі жастар? жасөспірімдер арасындағы бұндай қылмыстардың алдын-алатын шаралар қатаң қолға алынса және де заң талаптары күшейтілсе дурыс болар еди.халықты құқық жагынан мыктап сауаттандыру кажет,егер занды билген адам болса,ол ешкандай құқық бузушылыққа бармаган болар еди.бир ауылдын балдары бир-бирин атканы не болганы? қазагым кайда бир-бирин батырым деген???

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button