Білім

Жол атасы — бағдаршам

Қаладағы №5 С.Маршак атындағы кітапхана филиалында «Жол атасы — бағдаршам» атты жол ережесін үйрену сайысы ұйымдастырылды. Шара №33 мектеп жанындағы «Жауқазын» демалыс лагері  алаңында өтті.

Мақсат —  тұрғындарды кездейсоқ жол-көлік  оқиғаларынан қорғау, жол жүру  ережелерін сақтауға үйрету.

Оқырмандар  «Бағдаршам»  және «Аялдама»  болып екі топқа бөлінді. Екі топ өздерін таныстырып, қойылған сауалдарға жауап берді. «Жол белгісі» атты бөлімде сурет бойынша жол  белгілерін тапты. «Көше заңы тым қатаң» атты  бөлімде екі топ  велосипедпен жүріп, жол ережесін қалай сақтау керектігін көрсетті. Ал  «Кім тапқыр»  бөлімінде оқырмандар берілген жұмбақтарды шешті. Екі топ бір-бірімен  жарысып өздерінің тапқырлықтарын көрсетті.  Шара соңында  «Жол әліппесі» кітап көрмесі ұйымдастырылып кітапханшы, К.Ердәулетова жол ережелеріне қатысты мәліметтерді таныстырды. «Жауқазын» лагерінің басшысы Шынар Бертілеуова қатысушы топтарға ризашылығын білдіріп, Алғыс хат тапсырды.

А.КЕНШІНБАЕВА,

кітапхана меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button