Әлеумет

Біздің мереке!

Мереке

Жаңа жабдық. Шұғыл хабар

Облыстағы телевизияның қара шаңырағы болып табылатын «Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының жұртшылықты қуантар жақсы жаңалықтары көп. Бір басына жетер бейнеттері де мол. Алайда бұл ұжымның қызметкерлері енді облыстың ең шалғай деген нүктесінен-ақ спутник арқылы тікелей эфирде хабар тарата алады. Журналистер күні қарсаңында облыстық басылым тілшісіне аталған мекеменің басшысы Раукен Отыншин телекомпанияның тыныс-тіршілігі турасында кеңінен әңгімелеп берді.

– Биылғы жылғы ең жағымды да жайлы жаңалығымыз кешегі мамыр айында болды. «Телевизиялық көлік стансасы» деп аталатын жерсерігі арқылы байланысқа шығатын жабдық алып, қуанып отырған жайымыз бар. Оның хабар тарату қашықтығында шек жоқ. Мысалы, шалғайдағы Шалқар ауданының Сарыбұлақ ауылы немесе қияндағы Байғанин ауданының Оймауыт ауылынан хабар жүргізуге тура келсе, қазіргі жабдығымыз соған сай. Бұл техниканы қолданбас бұрын мамандарымызды арнайы оқыттық. Көліктегі басқару тетігінде бейнеинженер, монтажшы, оператор сияқты барлық мамандар орналасады. Жабдық арқылы таспаға түсіруге де, тікелей хабар тартуға да мүмкіндік жасалған. Егер шалғайдан шұғыл немесе аса маңызды хабар тарату қажет болса, біз қызмет атқаруға дайынбыз.

Біз қазір футбол кездесулерін көрсете бастадық. Оның алғашқы қадамы жасалды да. «Хабар» агенттігімен бірігіп Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтетін ойындарды республикаға таратамыз. Бұл да бір жаңалығымыз. Бұрын облыс жұртшылығы Алматы мен Астанаға телміретін. Осы күнде Қазақстан футбол одағы мен «Хабар» агенттігі арасында шарт жасалып, еліміздегі футбол кездесулерін түсіруге тек қана агенттіктің құқы болған. Енді олар бізге де мүмкіндік беріп отыр. Алайда түсірілген ойындар алдымен «Еларнада» көрсетілген соң, іле-шала біз де көрсете аламыз.

Тағы бір қуанышымыз – Алматыда кадрлар дайындау орталығының ашылуы. Бүгінге дейін режиссерлер, редакторлар мен жүргізушілеріміз, тағы басқа мамандарымыз сол орталықтан білімдерін жетілдіріп келді. Оларға әлемге танымал кино жұлдыздары, халықаралық деңгейде мойындалған журналистер, әсіресе, ресейлік «НТВ» арнасының майталмандары 10 күн бойына шеберлік сабақтарын өткізеді. Онсыз да журналистер мен техникалық мамандарға сұраныс жоғары боп отырғанда, орталықтың ашылуы біз үшін таптырмас олжа болды.

Әрине, телевизияның өндіріс екендігін мойындау қажет. Бізде хабардың түсірілуінен бастап, эфирге шығуына дейінгі аралық – қым-ғуыт тірлік. Тіпті, хабардың берілу мерзімінің маңыздылығы соншалық, сәл үлгермеген жағдайда жаңалығың маңызын жоғалтады. Бірақ шапшаңдыққа келгенде радиомен таласа алмайтынымыз рас.

Жергілікті байланыс колледжінің түлектерін жұмысқа қабылдауға әзір болғанымызбен, дипломды жастардың оқу бітірген соң қайда кетіп жатқандығын білмеймін. Бізден тәжірибеден өтіп, тәп-тәуір маман атанар жастар басқа салаларға кетіп жатқан сияқты. Сондықтан да бұл колледж біздің техникалық мамандарға сұранысымызды қамтамасыз ете алмай отыр.

Ал журналистердің жөні басқа. Жұмысқа қабылданар адамның сөзінен бастап сыртқы келбетіне дейін экраннан адам сүйсінерліктей жағымды болуы тиіс. Бұл талғамға сай келетіндер жоқтың қасы.

Облыс бойынша тәулігіне 14 сағат хабар таратамыз. Оның бір сағаты 12 ауданға арналған. Болашақта облыс әкімдігі тарапынан қаржы көзі табылып жатса, аудандарға да 14 сағат бойына хабар тарату ойымыз бар. Бұл турасында облыстық әкімдікке айтылып келеді. Өйткені әр ауылға қойылатын хабар қабылдағышқа 129 миллион теңге қаржы қажет.

Тағы бір айта кетерлігі, біздің хабарларды көре алмай отырған ауылдардағы олқылықтарға біздің кінәміз жоқ. Сұраныс облыстық радиотелехабар тарату орталығына болуы тиіс. Өйткені осы кезге дейін бірнеше аудандардан аталмыш орталықтың әрекетсіздігіне байланысты шағымдар түсіп, ол расталды да.

Бұл айтылған жайттар – халыққа тікелей қызмет көрсететін журналистика қазанында қайнап жатқан біздің ұжымдағы сексенге жуық адамның тағдырына қатысты мәселелер. Қиындығы мен қызығы мол сала майталмандарының болашақта да өз көрермендеріне тартымды, өтімді, жаңашыл хабарлар ұсынатындығына кепілдік беремін. Ал мереке қарсаңында барлық әріптестерімізге сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін!

***

Меншікті тілші – еркін тілші

Әдетте, республикалық басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілері таңертең жұмысқа барып, кешкісін оралатын жергілікті тілшілерден еркіндеу көрінетіні рас. Олардың жергілікті жерде қадірі мен құрметі де артықтау көріне ме? Бірақ тақырыптарын бекітетін негізінен Астана мен Алматыдағы орталықтарының талғамына сай материал әзірлеу қиынның қиыны екендігін өздері үнемі айтып жүреді. Біз бұл жолы республикалық «Айқын» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі Асқар Ақтілеуовтен осы жайттардың анық-қанығын сұраған едік.

– Басылымның ұстанған бағытына қарай меншікті тілшіден түрлі тақырыптағы мақалалар талап етіледі. Оның ішінде, әрине, сын да болу керек деген ұғым бар. Бірақ сол сын жергілікті жерде кейбіреулердің шымбайларына батып жатады. Ренжіп қоңырау шалатындар да кезігеді. «Жаманын жасырып, жақсысын асырмайсың ба» деп кейиді. Сондайда тілші айласын асырып, «жақсы» мен «жаманды» ойнатып отырып беруі керек. Бірде жақсы жағын көрсетіп, бірде орынды түрде сынап жазып тұрған дұрыс.

Меншікті тілшінің қасында сәт сайын тексеріп отыратын басшысы болмайды. Уақыт жағынан алғанда, таңғы сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін отыру керек дегенді ұмытасың. Жақсы жақтары осылар болса, теріс жақтары келесілер.

Үнемі жалғыз жүресің, суретті де өзің түсіруің керек, әр тақырыпты мейлінше қамту керек. Ұжымың болмайды. Көлігің тағы жоқ. Редакциямен ұялы байланысқа шыққан шығынды өз қалтаңнан көтересің. Керек десең, іссапарға шыққанда саған жолақы да төленбейді.

Ал материалдарыңды бір емес, бірнеше редактор өңдейді. Тақырып қойғанда да сенімен ақылдасып жатқандары шамалы. Электронды поштаңның Алматыға жеткен-жетпегенін білуге өзің ғана мүдделісің. Тіпті, жұмыс бабымен сұрақтар туындаса, өз есебіңнен байланысқа шығасың.

Қай материалың шығады, қайсысы керегі жоқ, оны саған орталықтан ешкім хабарласып айтпайды. Бір жолы алған сұхбатың жарық көрмеді екен, келесі жолы ол кісіден мәлімет сұрап бара алмайсың. Барғанда күнде қысылып, қымтырылып, өткен жолғы материалдың неге шықпай қалғанын түсіндіріп әлек болып жатқаның.

Ал қадірге келер болсақ, мен журналист екенмін деп ешкімге міндет артпаймын. Өзбек пісірген самсасын қалай өткізеді, мен де жазған дүниелерімді солай өткізуім керек деп ұғынамын. Мені қадірлемеді деп кімге наз айтуым керек?

Мен өзімді жас санаймын, ал менен де жас жігіттер бар, журналист болғылары келеді, бірақ жұмыстың ауыртпалығы мен алатын жалақы көлемін естігенде, теріс бұрылады. Бірден коттедж алатын, бірден көлік мінетін сала еместігін олар, бәлкім, тез ұғынатын болуы керек.

Қызығы мен шыжығы қатар салада, әрине, журналист алдымен өзін де қорғай білуі қажет.

***

Ауылдың әңгімесі

Нұрымжан Жұмағалиев – Ойылдан шыққан алғашқы кәсіби журналистердің бірі. Саналы ғұмырын қазақ баспасөзіне арнады. Алғашқы қадамын аудандық газеттерден бастап, Ақтөбе телевизиясында жұмыс  істеген. Жиырма жылға таяу Ойыл аудандық газетінің редакторы болды. Тоқсаныншы жылдардың басында дүниеден озды. Марқұм жазумен бірге ауызша әңгімеге де шебер еді. Әсіресе, қиыншылықпен өткен балалық, жастық шағы туралы хикаяларды көп айтатын. Мынау – соның бірі.

Қарбыз

Соғыстан кейінгі жүдеу жылдар. Біздің үй Шибұлақтан Ойылға көшіп келді. Біздің үй болғанда, шешем, інілерім Қадіржан, Жауғашты. Әкем Жұмағалидан соғыста қаза болғаны туралы қара қағаз келген. Малға жайлы сол Лай, Шибұлақ қоныстарында отыра беруіміз де мүмкін еді. Алайда менің оқуымды одан әрі жалғастыруым үшін он жылдық мектеп керек болды. Мұндағы жеті жылдық мектепті тәмәмдадым.

Ауданның орталығы болғанмен, Ойыл селосы біздің тұрмысымызды жеңілдете алмады. Баспана болмай, біреудің үйін жалдап тұрдық. Тамақ жоқ. Жұтқан  жұтамайды деп, өңештен не өтсе, соны талғажау қыламыз.

Бір күні сабақтан келіп отыр едім, бір сыныпта оқитын Ғаділше (Маханов) досым келді. Қыркүйек айының іші еді. Күздің күні әлі де жаз сияқты тамылжып тұр. Уайымымыз – тамақ, қарын қамы. Ғаділше соны жеңілдететін бір ұсыныс айтты.

– Мойкіден (жердің аты) қарбыз ұрлалық, – деді.

Ол жерді мен көрген емеспін. Қайдан көремін, Ойылға көшіп келгенімізге алты ай толған жоқ. Ғаділшенің әңгімесіне қарағанда, қарбыз өсіп тұрған бақша онша қашық та емес. Селоның іргесіндегі ағып жатқан өзеннің шеткерек қолтығында. Бақшаны ол кезде тек орыстар өсіреді, қазақтар әлі үйрене қоймаған. Жағдайы барлар қарбыз-қауынды жеңсік ас ретінде бақшашы орыстардан сатып алады.

Сонымен не керек, іңір түсе жолға шықтық. Күздің күні қалай дегенде де жаздай емес, бірден көзге түртсе қараңғы болды да кетті. Қай тұста келе жатқанымызды білмеймін, әйтеуір, Ғаділшеге еріп келемін. Жолбастаушым біледі бәрін де, мен соған сендім. «Мына жер дегенмен» ұзады, көп жүріп қалдық. Сірә, таба алмай ол да адасты ма екен? Жететін уақыт болған сияқты еді, түн ортасында барып бақшаға кірдік.

Бақшаға кірдік деймін-ау, оны маған Ғаділше айтады. Әйтпесе мен өмірімде бақша көрмеген адаммын, қарбыз-қауын дегеннің соған дейін дәмін де білмеймін. Оның үстіне түн көзге түртсе қараңғы. Өз өзімнен сүрініп, бірде ойға құлап, бірде қайдағы бір шұқырға аяғымды тығып алып, шақ жүріп келемін. Мендегі қазіргі мақсат біреу – Ғаділшеден көз жазып қалмау.

–  Нұрымжан, келдік. Қапшығыңа қарбызды сала бер, – деп сыбырлады досым.

Сөйткенше дөңбектей бірдемеге сүрініп, мұрттай ұштым. Жалма-жан жанталасып тұрып, сипалап қарасам, домалақ бірдеңе. Ғаділше айтқан қарбыз осы екенін түсіне қойдым. Және қолтығымдағы кенеп қапшығымды жазып жіберіп, әзер жұлып ішіне жөнелттім. Сүйретіп шамалы жүрдім. Тағы біреуін таптым. Сосын үшіншісін… Одан әріге халім келетін емес. Көтерпейтін зіл қаратас дерсің. Сөйткенше өзен жақтан иттің үрген даусы шықты. Бір кезде  күтпеген жерден мылтық атылды. Даусы қандай ащы, шаңқ ете түсті. Бақырып жіберуге шақ қалдым.

Ғаділше жүрегімді басты.

– Жап бойымен жағалап, бақшадан шығамыз енді, – деді. Өзі ірі денелі, маған қарағанда екі бар. Қапшықты да жеңіл көтереді. Еш ауырсынғаны байқалмайды. Менің жағдайым кетіп қалды. Соны қараңғыда да сезгендей:

– Ей, қызығып көк түйнекті ала бергенсің-ау. Азайт! – деді.

Біреуін қаптан қайта шығарып, қалдырдым. Сонда да ауыр. Іш құрылысымды түсіріп барады. Ойылға дейін әлі көп жүруіміз керек. Әрі-беріден соң бәрібір жеткізе алмасымды біліп, тағы біреуін жолға қалдырдым. Қабымда енді жалғыз қарбыз қалды, соның өзі де салмақты.

Ойылға кірген соң Ғаділше үнсіз ұғысып, өз үйіне қарай бөлініп кетті. Мен де сүйретіліп үйіме жеттім. «Қарбыз ұрладым!» деп әжеме қалай айтамын. «Ешкімнің ала жібін аттама» деп отыратын әжем онда айқай шығарары анық. Оған көрсетпей шоланға тығып, дым болмағандай ол күні түнеп шықтым. Келесі күні ұрланып барып, пышақпен кесіп бір тілімін жеп көріп едім, алғашқыда тәуір сияқты көрінді де, шамалыдан соң жүрмей қойды. Өңешімді жыртып кетердей түйнейді.

Сабаққа барған кезде Ғаділшемді көрдім. Түлкі соққан аңшыдай жымың-жымың етеді, қуанышты. Менің қуанбағанымды жүзімнен байқап:

– Немене, қарбызың шикі болды ма? – деді.

– Білмеймін, сен айтқандай тәтті емес, – дедім.

– Қызыл ма өзі?

– Қызыл екені қызыл. Бірақ бір түрлі қатты әрі тәтті емес, – дедім.

– Онда олай болмау керек еді ғой, – деп досым таңданды.

Сабақтан  кейін біздің үйге келдік. Шоландағы тілінген қарбызды көрсеттім. Ғаділше күлкіге буылып, екі бүктетіліп құлады да қалды. Мен ештеңе түсінбей, таңмын.

– Ау, мынау қарбыз емес, асқабақ қой, – деді.

Үйіне ертіп апарып қарбыздың қандай болатынын көрсетті. «Сонда қалай болғаны?» деп таңмын. Оның мәнісі былай екен. Асқабақ пен қарбыз танабы қатар көрінеді. Менің қолыма қараңғы түнде асқабақ іліккен. «Ал сен қарбыз екенін қалай айырдың?» – деймін досыма.

– Ол оп-оңай, – дейді досым, – желідегі жапырағын сипап қарасаң белгілі, асқабақтың жапырағы түйежапырақ сияқты ірі, ал қарбыздың жапырағы ұп-ұсақ.

Бақша көрмеген мен мұны қайдан білейін? Бірақ менің асқабағым да жерде қалған жоқ, кейін пісіріп, тарыға жаншып жедік. Сол асқабақтың дәмі әлі аузымда тұр…

Жазып алған Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

***

Аудандық газеттің ахуалы

Күнделікті тіршіліктен байқайтынымыздай, мерзімдік басылымды бүге-шігесіне дейін жатып-жастанып оқитындардың дені – ауылдықтар. Оны облыстық газеттің өзіне жиі-жиі хабарласып, хаттарын жолдап ең болмаса құттықтаулар мен еске алушылардың қарасынан-ақ аңғаруға болады. Қазір әрбір ауданда бір-бір жергілікті газеттен, ал Мұғалжар және Шалқар сияқты халық саны көп аудандарда екі-үш басылымнан бар. Демек, газетке сұраныс жоғары. Айта кетерлігі, бірнеше жылдан бері аудандық газеттерді «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС қанатының астына алып, облыстық «Ақтөбе» газетінің қосымшасы ретінде шығып келеді. Осы ретте мереке қарсаңында аудандық «Ырғыз» газетінің редакторы Марат Мырзалыға бірер сауал қойғанбыз.

– Бүгінде аудандық газеттердің тынысы қалай?

– «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, аудандық басылым жергілікті жердің тыныс-тіршілігін, ауылдардың ахуалын тап басып көрсететін айна іспеттес. Күнделікті тіршіліктің шынайы бет-бейнесін танытуымен, жаңалықтарды жедел жариялап, кемшіліктердің дабылшысы болу арқылы газет бұқараға қозғау салады. Байыптап қараған адамға өңірдегі тұрғындардың жағдайы, көңіл-күйі газет бетіндегі жарияланымдар арқылы да сезіліп тұрады.

– Аудандық газеттің оқырманын көбейту үшін қандай амалдар жасалып жатыр?

– Басылымның оқырмандары қатарын көбейтудің жолдары көп. Бізде редакцияға түскен әрбір хаттың тағдыры ескерусіз қалмайды. Газеттің бір санындағы жарияланған тақырыптар мен оның мазмұнының, сондай-ақ беттің макетінің келесі нөмірде қайталанбауын қадағалаймыз. Баспасөзге жазылу науқаны кезінде аудандық мекемелер мен селолық округтерді аралап, жұртшылықпен кездесулердің де газет қызметкерлері үшін үлкен пайдасы тиді. Өткен жылдан бастап «Бірінші байлық», «Ұстаз», «Құралай», «Заң және біз», «Имандылық» секілді арнаулы беттерді шығарып тұруды қолға алдық. Белгілі бір салаға байланысты материалдарды осылайша топтап жариялау өзінің тиімділігін байқатты. Оқырмандардың әр түрлі мазмұндағы хаттарын «Алтын көпір» деген арнаулы бетте топтастырып шығарамыз. Ең бастысы, оқырманмен байланыстан қол үзбесең, солардың талап-тілегіне сергек қарасаң – көпшілік газетті жаздырып алары хақ.

– Билік пен қарым-қатынаста қиындықтар бар ма? Әлде басшылардың құрметі басым ба? Қаладағылар еркіндеу ғой.

– Жергілікті орында тұрғындардың басым бөлігі бір-бірлерін жете таниды. Газетпен де, ондағы қызметкерлермен де тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан да билік орынындағы басшылар газетке құрметпен, түсіністікпен қарайды. Бір мысал. «Ырғыз» газетінің биылғы 7 сәуірдегі нөмірінде Нұра ауылы тұрғындарының қиыншылықты бастан өткеріп отырғаны жөнінде тілшінің сын мақаласы жарық көрді. «Ауыз су, жол азабын тартып отыр» деген тақырыптағы бұл мақалаға аудан басшылығы дер кезінде көңіл қойып, құзырлы мекемелердің басшыларының ауыл тұрғындарымен бетпе-бет кездесуіне ықпал жасады. Осылайша, бұған жауапты тиісті сала басшылары газет қызметкерінің қатысуымен өткен жиында ауыл тұрғындары алдында кемшіліктерден қорытынды шығаратындарына уәде берді.

– Мамандар тапшылығы бар ма?

– «Ырғыздың» редакциясы қызметкерлерден тапшылық көрген жоқ деп сеніммен айтуға болады. Бізде жазуға икемді, талапты жастар баршылық. Егер де газетке маман қардар болып жатса, журналист болуға ұмтылған сондай жастардың талабын құптап, жәрдемдесіп, жолға салып жіберуге әзірміз. Біздің ұжым кезінде осындай жас мамандармен толықты.

– «Ырғыз» газетінің қоғамдық-саяси өмірге қосып жатқан үлесін айтсаңыз…

– Газеттің басты мұраты да сол – қоғамдық-саяси өмірге үлес қосу болып табылады. Бұл ретте өзімізден гөрі өзгелердің айтқан пікірлеріне құлақ түрген орынды шығар…

***

Радионың реңі қандай?

Журналистер мерекесі қарсаңында он жылдам астам уақыттан бері өзінің сыңғырлаған даусымен ақтөбеліктерді радио арқылы жаңалықтар және түрлі музыкалық хабарлармен сусындатып келе жатқан Жанаргүл Досованы  әңгімеге тартқан едік.

– Қатардағы радио жүргізушісі ретінде бүгінгі радио журналистерінің жалпы журналистикаға қосып отырған үлесі қандай деп ойлайсыз?

– Үлесі зор! Өйткені ақпаратты жылдам немесе шұғыл жеткізуде радио қашан да алда болмақ. Демек, радио журналистерінің еңбегі орасан. Қазір халыққа уақыт жетпейді. Үнемі жол үстінде немесе жұмыста. Ал қалт етіп қолы босамағанның өзінде радио арқылы қажетті ақпаратын алып, жанына жақын әуендерін тыңдай алады.

– Қазір, байқауымызша, қазақтың саны артуына байланысты қазақ тіліндегі әуендердің үлес салмағы басым түсіп жатқандай. Осыған байланысты пікіріңді білсек.

– Қазақша әуендерге қызығушылық бұрыннан да бар. Қазір еліміздегі заңдардың өзі қазақ тілінің басым болуына жол ашып тұр. Мысалы, осыдан он жылдан астам уақыт бұрын бұндай мүмкіндік жоқ болатын. Бірақ ынтамыз жоғары еді. Тілдік теңдікті қалыптастыру шарттарының қатаюына байланысты қазір құлашымызды кеңге сермей аламыз. Дегенмен халықтың қызығушылығына қарап отырған радио басшылары аздау.

– Қазір қай ортада жүрсек те радио тақырыбы сөз болғанда, радио журналистері, музыкалық жүргізушілері атына түрлі сын айтылып жатады. Дауыстары қарлығыңқы, біреуі мұрнының астынан сөйлейді, біреулері ысылдайды деген кемшіліктер естіліп қалады. Осы пікірлермен келісесіз бе?

– Еліміздегі барлық радиоларда кездесіп жататын кемшіліктерді мойындау керек. Оның барлығы қалыптасқан мектептің жоқтығынан. Мен өзім радио саласына 17 жасымнан келгеніммен, аға буын дикторлардан тәлім-тәрбие, сабақ алдым деп айта алмаймын. Сондықтан да менің қатарластарым өз беттерімен дайындалуға мәжбүр. Амалсыздан театр әртістерінің дауысты қалыптастыру әдістемесін негізге аламыз. Қазір «Ақтөбе радиосына» келген мамандардың барлығы осындай әдіс арқылы сыналады. Дауыс мәнерін қалыптастыруды оқытатын жер жоқ. Мектеп болған жағдайда мұндай сын айтылмас па еді. Сондықтан бұл – болашақта терең ойлануды қажет ететін осал тұсымыз.

– Қазір радиожурналистикамен қатар продюсерлік салаға да белсене кірісіп кеттің. Бұл екеуін ұштастыру қиынға соққан жоқ па?

– Мен жартылай журналист болсам, жартылай өнер адамы сияқтымын. Сондықтан байланыстыру маған қиын емес. Егер жаным қаласа, кез келген салаға ден қойып, ауыртпашылығын арқалауға дайынмын. Мысалы, радиода түнгі эфирден шығып, ертеңіне ертемен продюсерлік орталықтың жұмысымен жүре аламын. Өйткені жанымның қалауы тәрізді қозғаушы күш бар. Мен ұйымдастырған концерттердің барлығы радиодағы қазақ тілді хабарларды насихаттауға арналды. Бірінші концертті бізге бір продюсерлік орталық өткізіп, ұйымдастырылуы көңілімізден шыққан жоқ. Бірақ халыққа ұнады. Ол орталықтың тірлігіне ашынып, әрі қарайғы жұмысты өз қолымызға алдық. Өйткені кейбіреулерге ол концерт шынында ұнағанымен, негізгі бөлігіне зиянын тигізіп кетті. Біз арқылы ортанқол компания неліктен пайда табуы тиіс? Бұл сауал қатты толғандырғандықтан, олардан бас тарттық. Басты мақсатымыз – қазақ өнері мен әнін насихаттау.

***

Журналистер Одағына – 50 жыл!

Биыл Қазақстан Журналистер одағының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Кәсіби мереке қарсаңында аталған одақтың Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Сексенбай Күлімбетовпен әңгімелескен едік.

– Сексенбай аға, осы журналистика саласында кешегі мен бүгінгіні салыстыруға бола ма?

– Расын айтар болсақ, кешегі кеңес дәуіріндегі журналистиканың тіршілігі  мен тәуелсіз Қазақстан журналистикасының арасы жер мен көктей. Десе де бүгінгі журналистикада бір әлсіздік бар. Ол – батылдықтың жетпеуі. Осының кесірінен халық жай ғана оқиғалардың ақ-қарасын ажырата алмай жатады. Мысалы, бір ғана құқық қорғау органдарын алар болсақ, ұсталған қылмыскерлердің бет-бейнесін оқырмандарымызға жеткізу деңгейі әлі де төмен. Демек, ішкі істер департаменті, қаржы полициясы сияқты құқық қорғау органдарының жұмысын насихаттауға шамамыз жетпей отырғанын мойындау керек.

Біз өткен ғасырдың сексенінші жылдарына дейін мектеп мұғалімдерін пір тұтқан халықпыз. Кеңес дәуірінде ауыл, қала тұрғындары бұқаралық ақпарат құралдарын пір тұтты. Оларға арқа сүйейтін және пана көретін.

Соңғы кездері облыстық «Ақтөбе» газеті тарихи құндылықтарымызды насихаттап, жәдігерлерімізді елге танытып жатыр. Бұл – өте жақсы үрдіс. Өткенін білмейтін ұрпақ бүгінін баянды ете алмайды.

– Енді журналистердің басын біріктіріп отырған одақтың жұмысы туралы айтсаңыз.

– Біздің ұйым қоғамдық негізде құрылған. Биыл сол Қазақстан Журналистер одағының құрылғанына 50 жыл толып отыр. Соңғы 4-5 жылда облыстық бөлімшені басқаруды маған жүктеді. Енді біз не істеп жатырмыз? Бізде қаржы-қаражат көзі жоқ. Бірнеше рет ірі-ірі мекемелерге демеушілік етуді сұрағанымызда, түрлі сылтаумен маңайларына жуытқан емес. Дағдарысты айтып, ат-тондарын ала қашуға бейім. Осыған қарамастан газет бетінде есімдері танылып қалған, жергілікті газеттерге мақала жазып жүрген жастарды мүшелікке өткізіп қабылдап жатырмыз. Қазір, шүкір, облыс бойынша 200-ге жуық мүшеміз бар. Оның тең жарымы зейнет жасында болса, қалғаны – қызметтегі әріптестеріміз.

Өткен жылы облыстан екі азамат «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын алды. Биыл бұл атаққа сегіз адам лайық деп танылып отыр. Сондай-ақ, он адамға Қазақстан Журналистер одағының 50 жылдығына байланысты төрағамыз Сейітқазы Матаевтың қолымен Құрмет грамотасы беріліп отыр. Өз тарапымыздан жергілікті жиырмаға жуық журналиске ақшалай сыйлық тағайындадық. Елу жылдыққа байланысты бөлінген азғантай қаражатты осылай ұқсатып отырмыз.

Айқара бетті әзірлеген Серік ӘБДІБЕК.

Басқа жаңалықтар

36 Comments

  1. Ал журналистердин  жони  баска. Жумыска кабылданар адамнын созинен бастап сырткы келбетине дейин экраннан адам суйсинерликтей жагымды болуы тиіс…
    Ойпырмай,  Отыншиннин еси кире бастапты гой. Алде  «агалары»  ой тастады ма екен?

  2. Негізі Отыншин – жумысты жаксы жасай алатын адам, оны куртатын жеке комплекстері, психологияда оны «адейі ерсілену» деп атайды, радикалды арекеттері де осынын салдары. одан коп адам зардап шекті, арекеттері карапайым акымактык ретінде корініп калуда. Расында канша мактаганмен облыстык телеарнада гулденген кезен алі бола койган жок. Окінішке карай дал арнада нагыз журналист те калмады.

  3. Аскарга,  меншикти тилши жумысынын киындыгы мен кызыгы коп Жассынгой, уакыт оте келе журналист ретинде жаксы жакьтарынмен корине билен сенде бари болады. Колик те каржы да, атак та

  4.  Негізі Отыншин – жумысты жаксы жасай алатын адам, оны куртатын жеке комплекстері, психологияда оны “адейі ерсілену” деп атайды, радикалды арекеттері де осынын салдары. одан коп адам зардап шекті, арекеттері карапайым акымактык ретінде корініп калуда. Расында канша мактаганмен облыстык телеарнада гулденген кезен алі бола койган жок. Окінішке карай дал арнада нагыз журналист те калмады.

    Мына  пикир  конилге конымды екен.

  5. Құдай сақтасын, ұялмай Асқарды «Айқын» газетінің меншікті тілшісі деп қойыпты. Серік, оян, Асқардың газетте істемейтініне бірнеше ай болды. Қазір ол «РИКА»-да жұмыс жасайды. Әйтеуір, ақ-қарасын білмей, жаза салады. Еще бетті толтыру үшін қайдағы жоқ әңгімені қыстырыпты.
    Сосын, айқара бет болмай неғылсың?…

  6. Асқар дұрыс жаза алмаса – сен жаз. сенің қолыңды кім ұстап тұр екен. Компьютердің ар жағынан отырып алып, журналистке мін тағу оңай! Ал іс істеу – ӨТЕ ҚИЫН. Ақтөбеде Асқардай журналисті әлі кездестірген жоқпын. Сол себепті, босқа оттай берме!

  7. Журналистер Одағына: Қит етсе кешегі мен бүгінгіні салыстырып шыға келеміз. Аға ұрпақтың көңілі бұл заманда толған емес,  толмайды да. Соны айтуды міндет дейді. Тіпті, айтсам үлкен істің басы ашылады деп те ойлайды. Өздері дұрыс емес жерді түзеуге еш үлесін қосып отырған жоқ. Сырттан пыш-пыштайды да қояды. Әбден жалықтырды осы көңілі тоймайтын серілердің сөзі. Одақтағы мүшелік туралы… «Ақтөбе журналистері» деген кітап шықты. Кітапты парақтап шығып кімнің мүше екенін де білдік. Бұл не деген масқара? Қаламы қарымды журналистердің өмірбаянын екі -ақ ауыз сөзбен жазып қойған. Өртеп жіберіңдер, «өлімнен ұят күшті» деген бар. Мүшелерін 200 деп қояды ғой. Оның ішінде енбей қалғандары бар, керісінше, 100 қайнаса сорпасы қосылмайтын бір-ақ рет журналға ғылыми мақала жазғандар жүзіп жүр. Мүшелікке тарту деген сол ма?  Сөйтіп, санын көбейтіп отырған жайы бар. Ал, көк тиын алмаймыз деген Одақтың  мұң-зары кімді толғандырсын? Түк іс тындырмайтын Одаққа көк тиын керек емес секілді. Сол баяғы әнін салып отыра берсін де…

  8. Шынымен, Журналистер Одагы не битирип отыр?  Журналистердин кукын коргауга, турмыстык  маселесин шешуге неге кол ушын бермейди? Одак журналистке не берди? Не бермек? Ештене! Тек базбиреулердин кункорис кози гана. Муны бари биледи, тек айтпайды, ундемейди, биреудин шамына тиюден коркады. Солай, Ага! УЯТ  ЕМЕС ПЕ?!

  9. Белгісіздің жазганы әбден дұрыс. Алдынгы толкын өзінен кейінгілерді менсінгісі келмейді. Себебі өзінің кемістігі шыгып калады гой. Заман өзгеріп жатыр соны мойындау керек. Ал журналистер одагы деген тіпті кажеті жоқ. Жылына 200 мүшеден 1000 теңгеден жинағаннан басқа не бітіріп отыр.

  10. Сексенбай Кулимбетовтын журналистерге корлык корсетуден баска битирип отырган даненеси жок. Нур Медианын Актобеде филиалы ашылады дегели 31 Актобенин директоры Ляззат Еримбетованын (ЛЯззат Нур Медианы баскарып отыр казыр) кандай адам екени Сексенбайды катты кызыктырып жур.
    Сосын, Айбек Таскалидын «Дала мен Кала» газетыне кытайлардын СПИД пен ауырганы туралы материал шыккан болатын. Студент баланы дирдектетип Сексенбай коке шакыртып алып, СНПС деги бир басшы казаххза жибереди, ман жайды тусиндир деп. Сексенбай журналистерди, одан калды ози баскарып отырган тил баскармасынын негизги жумысы – тилди дамытуды емес, кытайларды коргауды коздеп отырган секилди.
    Ал онын Ниянкул деген айтканынан шыкпайтын меншикти журналиси барлык заказды орындап газет атаулыда Сексенбайдын ойын жеткизип журген беделсиз журналист.
    Кулимбетовтын корлыгынан коз ашпай келе жаткан тилшилердин бири Аскар. Аскар осымен екинши рет Айкын газетинен шыгып калып отыр. Актобеден отырып алып конырау шалатын Сексенбайдын уажыне кулак асып, Аскарды алдымен Бауыржан Омаров шыгарып жибереди. Кейин арага еки жыл салып, Нурторе Жусип те Сексенбайдын айтканынан шыга алмай отыр. Арине, Бул жерде Бауыржаннын да кыстырылуымен.
    Кайсыбир жылы акимдиктин жанында Жангабыл Кабакбаевтан Риканын тилшилери сухбат алып жатканда, басына биреу су шашып жибереди. Муны истеп журген, сену-сенбеу оз еркиниз, тагы да Сексенбай Кулимбетов.
    Ал, Рикадагы жарык жулдыз – жас тилши Ербол Сейилханды орнынан алу керек деп Наталья Бандровскаяга маза бермей журген де осы Кулимбетов. Менинше, Сексенбайдын мундай лауазымды орындарда отыруга еш моральдык кукы жок.

  11. Айбек пен Аскарда шаруаларын болмасын! Жандарын ашып бара жатса, неге комектеспейсиздер, а? Биреуди сыртынан ангиме кылган уят болады! Этиканы сактайык

  12. Менинше, Раукен Отыншин келгели, Казакстан-Актобе телеарнасы алдекайда жаксарды.мен касиби журналист болмасам, да корермен ретинде айтып отырмын.»жазатын журналист бар ма»- депсиз. Казакстан-Актобедеге журналистердин биркатары жастар. жастыгына карамастан, тушымды жаза биледи.естуимше, барлыгы жогары билимди,журналистика мамандыгын тамамдаган. каналда жаксы багдарламалар мен кызыкты материалдар шыгып турады.кейбир багдарламалары республикалык денгейдеги хабарлардан кем туспейди.Гулшат Сералы туралы неге олай дейсиз? Ол кезинде, Егемен Казакстанда жумыс истеген, багдарламаларын карап отырсак, сауатты сурактар кояды, билим жогары екени байкалады

  13. Кыр баласы, сизге  мынадай талгаммен  телеарна туралы пикир айту емес, кой багу керек кой! Денгейиниз   «кейипкеринизбен»  карайлас-ау шамасы…

  14. Кыр баласы, АТВ-дагы бираз адамдар сауатсыз. Секендеп шыгып, секендеп кететин Айгул Адилованын толык аякталмаган колледж билими де жок. Мансур Ескожиннин билими типти жага устарлык. ОНдайлар орип жур…
    Ал диктор Сергазина кокек уксап аты-жонин айта бергеннен баска дым билмейди. Басынын жеткени сол… АЙтпесе, 10 жылдан бери телевизияда журген Венераны арбир корермен биледи емес пе!
    Жаналыктар кызметин карасан, уяласын. Оте нашар

  15. Ереке, мумкин Айгуль Адилованын билими де жок шыгар,дегенмен, бирир адамга бола, барине топырак шашуга болмайды…менин билуимше, бираз журналистердин билими жогары ари журналистика мамандыгы бойынша билим алган,маркум Амир Оралбайдын,Амангали Сатер,Баян Сарсенбина сынды адамдардын шакирттери жумыс истеп жатыр…Жастарга тек саттилик тилеймин…

  16. Агайындар мыналарын не?  Осектобе жасап жиберипсиндер гой. Сендер тіпті кай канал карайтындарынды да білмейсіндер сойте турып ангіме айтасындар. «Кімге пир боласын озин диуанасын» АТВ деген атау алдекашан колданыстан калган.казір «Казакстан-Актобе» ал ондагы журналистердин, монтажддаушы, операторлардын жумысына шуба келтіргенін тым уят. тем более сыгалап отырып айткыныз келгендеи неге атынызбен кім екенінізді корсетип айтпадыныз. Ал журттын дипломында неніз бар. Ол кай жерден жиган осегиниз. Биресми акпаратпен ангиме айту тым уят емес пе? Талантты коре алмасаныз кандай корерменсиз. Создериниз корермен емес осы саланын адамына уксайды. 1-ден ар адам сайтка кіріп осы макалага бага бермейди. Уйіне келген газетти окиды. Так что осек куган адамдарды тындамаймыз. Колыныздан келсе біздердей болып кориниз ал. неге багынызды сынап кормеске озиниз айтып отырган дипломсыз балалардын жасаганы сиздин колыныздан келмей ме? «Ардакты картка колынды бер, акылды жаска жолынды бер» деген жастарга колдау танытудын орынына аяктан шалу кай ішітардын ангимеси. КУР ДАЛБАСА!!!!!

  17. Ерекенин айтканымен толык келисемин; Айгуль Адилова сынды, эфирге шыгып, жулдыз болганга маз болатын, билими таяз адамдарды жолатпау керек…Ол кыз кеше гана рикада просто мы-да журген деседи, енди калай акпараттар болимине тап болды?мумкин АТВ-да дипломы бар журналистер бар да болар.бирак, 1 кумалак 1 карын майды ширитеди

  18. Әрине, Риканын оңып тұрғаны шамалы. Бирақ «Қазақстан-Ақтөбеге» қарағанда көш ілгері. Бір Айман мен Гүлбарыш Аққатованың өзі бұрынғы АТВ-ның 10*ына пара-пар!

  19. Телевидениеде тек эфирдегі жумысты багалау дурыс емес. Экраннын артында да тірлік бар. Отыншин Казакстан-Актобені тартіпке келтірді. Алмагулдин кезінде тарыдай шашылып журетін еді адамдары…Ол кісі журтналист болганмен газетте енбек еткен адам узак жыл бойы…Бірак ол кісінін ол орынга жогардагы кісілердін усынысымен келгенін айту керек шыгар….  

  20. дурыс жонди пикир жазган адамды корип тургам жок…»Казакстан-Актобенин» жаксы тустарын неге жазбайды ешким? жамандаудан баска ештеме билмейсинде.бул жерде обьективти пикир жок

  21. Журналистер Одағы өздерінің мүшелерінің жаймен, журналистиканың бүгінгі тіршілігіне балама – баға берумен айналысып жатыр дегенді естіген емеспін. Тіпті олардың жалпы облыстық бас қосу жиыны болды дегенді ешкім айта алмас. Бас қоспаса, бірін – бірі танымаса оларды кім қорғайды. Жеке дара зардап шегіп жүргендерін де естіп жатырмыз. Бірақ оларды журналистер Одағы қолдап, қорғайды дегенге сенім аздау.
    Ал газет пен телехабарлар жұмақтың төрінде жатқандардың бағдарламасы секілді. Сын түзелмей – мін түзелмес деген бар ғой. Асылық болса айыпқа бұйырмассыздар. Сызға қарамай – қызға қарай бергеннен ауруымызды асқындырып алмайық.

  22. ай,осы казакстан-актобеде биманова мен куламаннан баска жургизуши жок па? адилбек-талантты жас, тек жалкаулыкка салынып,онкей кыршынга ерип кетеди…бибигул бираз картайыпты, журтты да абден жалыктырып болды,атв-га жана бет, орыстар новое лицо демеуши ме ед, керек…биманова кози кокшейип ап, эфирды бергиси келмейди-ау дейм

  23. казактардын булай дау дамай шыгарганы дурыс емес деп ойлаймын.дурыс шыгар мумкин сын тузелмей мин тузилмейди деп. Биракта оз озимизди коре алмай сыни пикирлердин булай айтылганы адамдардын ызасын тек ашуын гана келтиретин сиакты… тири адам тиршилигин жасайд демекши журналисттер де тырысып багып жаткан болар, оны калай кабылдау халыктын озине байланысты. аркимнин ойы болад,дегенмен олай мин тагып намысына тиуге болмайдыгой? Сондыктанда пикирталастын токтаганы дурыс болар агайындар?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button