Ресми

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді төл мерекелеріңіз – баспасөз, телевизия және радио күнімен құттықтаймын!

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп. Сіздер жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы білесіздер. Сондықтан өздеріңіздің,  газеттеріңіз бен көрерменнің, тыңдарманның алдында адал болудың жөні бөлек.

Облыстың билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.

Кім-кімге де оңай соғып отырмаған қазіргі кезде ақтөбеліктерге еліміз бен аймақтың экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын түсіндіріп, жерлестеріміздің көкейкесті ойларын білуге және облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарымызды үйлестіруге бұқаралық ақпарат құралдарының мінберінен ғана мүмкіндік аламыз!

Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.

Ақтөбелік журналистер алдағы уақытта да осы прогресшіл қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір проблемалардың ортасында жүреді деп сенемін.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілеймін!

Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Облыс әкімі                                              Елеусін САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button